39
сӛздерге жалғанып тұрған морфемалардың қызметіне мән бермеушілік
кездеседі.
Әрбір сӛз табының ӛзіндік ӛзгері заңы, сӛз тудыру тәсілі бар. Ол –
морфологиялық, синтаксистік және морфология-синтаксистік тәсілдер.
Солардың ең ӛнімдісі – морфологиялық тәсіл, ол арқылы жасалатын сӛздердің
сӛйлемде қолданылуының алуан түрлі сыры бар. Бір форманың ӛзі толып
жатқан қызмет атқарып, бірнеше мағынаға ие бола алады.
Адам ойын айтудың негізгі формасы – сӛйлем. Жек сӛйлем арқылы біршама
аяқталған ойды білдіріп, мақсатты ойды жеткізіп айтуға тиіспіз. Мұндайда әр
сӛйлемді қалай құру, қандай-қандай сӛздерді пайдалану, ол сӛздерді қай
тұлғада жұмсау, қалай сӛзбен байланыстыру керек деген сияқты сұрақтар
туады.
Тілдің грамматикалық құрылысы ғасырлар бойы жасалып, әбден
қалыптасып қалғандықтан, оны ӛзгерте салу мүмкін емес. Тілімізде бар
заңдылық бойынша дұрыс құрастырылмаған сӛйлем кездессе, тосырқап,
қынжыламыз. Мысалы М.Сүндетовтың «Күтем, сені, Дидар» повесінде
мынадай сӛйлемдер кездеседі:
Апам сӛйленіп тұр. Жиырмаға биыл күздікте
шығам.
Сонықтан тілдің грамматикалық құрылысын қалай да ӛзгертуді ойламай,
тілде барды дамыту, қызметін кеңейту, керегінде жаңа сӛз, жаңа орам, жаңа
тіркес енгізу жолымен қарауымыз керек. Осындай мәселелерді грамматикалық
стилистика қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: