Дәріс мәтіндері Қазақстан тарихы курсына кіріспе


ҰОС-ы майдандарын жҽне мемлекеттің орталық аудандарын қамтамасыз етуде  қазақстандықтар ҿз үлесін қосты



Pdf көрінісі
бет42/75
Дата19.10.2022
өлшемі1,46 Mb.
#153773
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75
Байланысты:
Қазақстан тарихы Лекция22 (1) (1)

 
ҰОС-ы майдандарын жҽне мемлекеттің орталық аудандарын қамтамасыз етуде 
қазақстандықтар ҿз үлесін қосты.
 
КСРО-нің батыс аймақтарын, соның ішінде бірқатар астық ҿндіретін аудандарын 
немістер басып алған жағдайда Қазақстан елдің астықты аудандарының біріне айналды.
1942 жылда Қазақстаннің егіс алаңы 1940 жылдағыдан 1 мпн. гектарға артты. Ыбрай
Жақаев, Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Анна Дацкова сыяқты еңбек ерлері шықты.
 
Республикада соғыстың алғашқы күнінен мемлекет қорғаныс қорына қаржы жинау 
басталды. Жұмысшылар мен қызметшылар жексенбіліктер ұйымдастырып, тапқан 
қаржысын қорғаныс қорына аударып отырды. Бұл қорға Қазақстандықтар ҿз жеке 
қаржыларынан 1 млрд. сом қаржы жинаған. Республика еңбекшілері «Қазақстан 
колхозшысы», «Қазақстан комсомолы» т.б. танк бірлеспелерін , самолеттар құруға қаржы 
фонддарын құрды, оған 723 млн. сом жинаған.
 
Атақты балуан Қажымұқан Мұнайтпасов ҿзінің жираған ақсасына ҽскери самолет 
дайындатып, майданға жіберген.1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы 
үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс 
елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының 
күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдруды талап етті. Қазақстан 
еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сҿйтіп, азаттық соғысына бір кісідей 
кҿтерілді. Осы тұста ҿткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға ҽзір 
екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына ҿз еріктерімен баратындықтары туралы 
қалалық жҽне аудандық ҽскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас 
жігіттер мен қыздар, аға буын ҿкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек 
білдірді.Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан
Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның 
командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. 
Соғыстың бастапқы үш айының ішінде 238, 310, 314, 387 жҽне 391-атқыштар дивизиялары 
құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. 
Соғыс кезінде не бары республикада 12 атқыштар, 4 атты ҽскер дивизиясы, жиырмадан 
аса атқыштар жҽне атты ҽскер бригадалары, ҽуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, 
ҽр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен 
тек қазақстандық құрамалар мен бҿлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс 
жердегі басқа да құрамалар мен бҿлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен 
еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика 
майданға 14,1 мың жүк жҽне жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы жҽне 
16,2 мың арба жіберді.Қазақстан офицер кадрларын жҽне армия мен флот үшін резерв 
даярлау ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. ҽскери оқу орындарына 42 мыңнан 
астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 ҽскери оқу орны 16 
мыңдай офицер даярлап шығарды.Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне 
жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-


қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара 
теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың 
алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест 
қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың 
арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, К. Иманқүлов, Е. Качанов, т. б. жаумен жан аямай 
шайқасып, ерліктің үлгісін кҿрсетті. Жау тылында қалған кҿптеген жауынгерлер партизан 
қозғалысына қатысты. Ҽсіресе, Мҽскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың 
жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына 
астанаға апаратын негізгі ҿзекті жолдардың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау 
тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ұлан атқыштар полкі 
жау шабуылына дивизияның басқа бҿлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. /Б. 
Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді/. Қысқа мерзім ішінде 
бұл дивизияның жауынгерлері бір танк жҽне екі жаяу ҽскер дивизиясын талқандады. 316-
дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. 
Панфилов зор еңбек сіңірді. Дубосеково разъезі түбінде 28-панфиловшы жауынгерлер 
жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың 
жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: "Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, 
артымызда Мҽскеу!"- деген сҿздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер - орыстар, 
қазақтар, украиндар, қырғыздар - 4 сағат бойы ҿршелене жасалған жау танктерінің 
тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. 
Бҽрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды ҿткізбеді. Сондай-ақ Мҽскеуді қорғау тарихына 
панфиловшылар дивизиясы бҿлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, 
автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев мҽңгі ҿшпес із қалдырды.316-дивизия 
жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада 
оған 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Мҽскеу түбіндегі ұлы шайқасқа 
панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған басқа да ҽскери құрамалар қатысты.
 
Гитлершіл басқыншылардың Мҽскеу түбінде талқандалуы жау ҽскерлерінің рухын 
түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары біржолата күйреп, неміс-фашист армиясының 
жеңілмейтіндігі жҿніндегі аңыз адыра қалды. 
Ұлы Отан соғысы барысында Сталинград шайқасы бетбұрыс кезең болды. Бұл 
сұрапыл шайқасқа қатысқан құрамалардың арасында Қазақстанда жасақталған 38-
атқыштар дивизиясы бар еді. Ол ҽр кезде 62-армия /қолбасшысы В. И. Чуйков/, 57-армия 
/қолбасшысы Ф. И. Толбухин/, сондай-ақ Сталинград үшін болған шайқастың негізгі 
ауыртпалығын кҿтерген 64-армияның /қолбасшысы М. С. Шумилов/ құрамында соғысты. 
Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар 
Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жан қиярлықпен соғысты. Ленинград 
қоршауындағы ҽскери бҿлімдерде қызмет еткен жауынгерлердің арасында Д. 
Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген аэростат командирі С. 
Жылқышиевтің есімдері мақтанышпен аталып жүрді. 1942 жылғы шайқастардың бірінде 
Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов ҿз есімін 
ҿшпес даңққа бҿледі. Ол 19 жауынгермен ҽскери маңызы бар бір тҿбені жаудан қорғап, 
соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау 
солдаттары ҽскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды. Тістерін сындырып, құлағын 
кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен қаһармандық үлгісін 
кҿрсеткен А. Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып ҿртеп жіберді. Батыр жігіт 
жау алдында сес бермей, ҿмірден ҿтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жазушы 
Павел Кузнецовтың очерктері арқылы жетті. 
Қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түскен Қарсыбай Сыпатаев, 
капитан Н. Гастеллоның ерлігін қайталаған ұшқыш Нүркен Ҽбдіров, жаудың пулеметтен 


оқ шашып тұрған дзотының аузын ҿз кеудесімен жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан 
Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды. 
Қазақстандық 
жауынгерлер 
Украинаны, 
Белоруссияны, 
Балтық 
бойын, 
Молдавияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес ҽскерінің құрамында 
Шығыс Еуропа халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге ат салысты. Қазақстандық 
жауынгерлер Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рақымжан Қошқарбаев қатардағы 
жауынгер Григорий Булатовпен бірге Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті. 
Қазақстандықтар партизандық қозғалысқа белсене қатысты. Толық емес 
мҽліметтерге қарағанда, Украинаның партизандық қүрамалары мен отрядтарында - 1500, 
Ленинград облысында 220-дан астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның ҽр түрлі 
аудандарында ҽрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса 
қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г. 
Ахмедьяров, Ғ. Омаров, В. Шаруда, Қ. Қайсенов, Ҽ. Шҽріпов, Ҽ. Жанкелдин, Ж. Саин, т. 
б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр. 
Ұлы Отан соғысы майдандарында кҿрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар 
Кеңес Одағының орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес 
Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестік 
Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары - Ҽлия Молдағүлова мен Мҽншүк 
Мҽметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы үшқыштар Т. Бегилдинов, Л. И. Беда, И. Ф. 
Павлов, С. Д. Дуганскийге екі реттен берілді. 110 қазақстандықтар Даңқ орденінің үш 
дҽрежесіне ие болды. Қазақстандықтар соғыстың Қиыр Шығыстағы соңғы ошағын жоюға 
да белсене қатысты. Соғыс Қазақстан үшін қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603 
мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты. 
Ұлы Отан соғысы майдандарында Кеңес Қарулы Күштерінің жеңіске жетуіне елде 
қалған еңбекшілер жанқиярлық еңбегімен үлкен үлес қосты. Соғыстың алғашқы 
айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, 
материалдық жҽне адам ресурстарын қайта бҿлу шаралары жүргізілді. 
Майдан шебінен кҿшіп келген кҽсіпорындарды орналастыруға республикада 2300 
мың шаршы метр ҿндіріс аудандары босатылды. Кҽсіпорындармен бірге келген 
адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық кҿрсетіп, 
тұрғын үймен, басқа да қажет нҽрселермен қамтамасыз етті. 
Республика ҿнеркҽсібінде 1940 жылы 158 мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255 
мың жұмысшыға дейін жетті. Олар соғыс жылдарындағы қысылтаяң кездің 
қиындықтарын жеңе отырып, еңбекте жаппай ерлік кҿрсетті. Қазақстанды майданның 
сенімді тірегіне, елдің ең негізгі ҽскери-ҿнеркҽсіп ошағына айналдырды. Мұның ҿзі 
жалпы одақтық экономиканың, ҿндірістің бар саласында да, сол сияқты жаңадан құрылған 
саласында да, оның үлесін арттыруды талап етті. Оған Батыс аудандардан кҿшіріліп 
келген 220-дан астам кҽсіпорындарды қатарға қосудың үлкен маңызы болды. Қазақстанда 
1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кҽсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп 
тұрған кҽсіпорындар ҿнім ҿндіруді арттырды. Мҽселен, сол жылы республикадағы қара 
металлургия ҿндірісінің тұңғышы Ақтҿбе ферросплав зауыты іске қосылып, ҿнім шығара 
бастады. Ақтҿбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға 
қойды. Шымкент дҽрі-дҽрмек жасау зауыты шҿптен дҽрі жасауды игерді. Теміртауда 
Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары 
Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Жаңа рудниктер мен байыту 
фабрикалары салынып, мыс, қалайы, күміс, алтын шығару артты. Балқаш, Қарсақпай мыс 
қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару ҿсті. Тамақ ҿнеркҽсібінің: Шымкентте 
жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, 
Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді. 


1941 жылы темір жолда ҽскери жағдай енгізіліп, ҽскер тҽртібіне кҿшу темір жол 
арқылы жүк, шикізат тасуды жақсартты. Ескі жолдарда поездардың ҿтуі жиіледі. Ақмола-
Қарталы жол бҿлігі іске қосылды. Темір жолдағы жұмыстың кҿбін ҽйелдер атқарды. Олар 
теміржолшылардың 35 процентін қамтыды. 
1944 жылы Текелідегі қорғасын-мыс комбинатының бірінші кезегі, Ҿскемен мыс 
зауыты іске қосылды. Республикада қара металлургия, мұнай ҿңдеу
 
ҿнеркҽсібі 
қалыптасты. Ертісте халықтық құрылыс Ҿскемен ГЭС-І салынып бітті. 
Бұл жылдарда Қарағанды кҿміршілері Сібір, Орал, Поволжье ҿнеркҽсіп 
аудандарын жоғары сапалы кокстелген кҿмірмен жабдықтап тұрды. Жер астында жұмыс 
iстеген лавалардың саны 1941-1945 жылдары 63-тен 158-ге дейін ҿсті. 19 жаңа шахта мен 
3 кҿмiр разрезі іске қосылды. Шын мҽнінде тағы бiр жер асты Қарағандысы пайда болды. 
Соғыс жылдары Қарағанды кҿмір алқабында 34 млн. тонна кҿмір шығарылды, бұл 
соғысқа дейінгі бассейнде шығарылған кҿмірден 3 млн. тонна артық деген сҿз. Мұнай 
кҽсіпшілігінің қуаты артты. Қошқар, Комсомольск, Жолдыбай мұнайшылығы іске 
қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2 мың тонна сапалы мұнай 
ҿндірді. 1941 жылғы қаңтардан 1945 жылға қаңтарға дейінгі аралықта Қазақстанның 
электр энергиясын ҿндірудегі Одақ бойынша үлес салмағы 1,31-ден 2,67 пайызға дейін 
ҿсті. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта жҽне басқа ҿндірістер 
салынды. Ҿнеркҽсіптің ҿсу қарқыны артуы нҽтижесінде оның республикадағы халық 
шаруашылығындағы үлес салмағы 60 пайыздан 1945 жылы 66 пайызға дейін ҿсті. Темір 
жолдың ұзындығы 1940 жылғы 6581 шақырымнан 8400 шақырымға дейін жетті. Руда мен 
мұнай ҿнімдерін тасымалдау 4 есе, кҿмір мен қара металды тасымалдау екі есе артты. 
Қазақстан ҿнеркҽсібінің соғыс жылдарындағы Жеңіске қосқан үлесі Кеңес халқының ауыр 
күндердегі сүйеніш, тірегі болғандығын қазақ халқы орынды мақтан етеді. 
Қазақстанның колхозшы шаруалары соғыстың жеңіспен аяқталуына қомақты үлес 
қосты. Село еңбеккерлеріне кҿмекке қала тұрғындары келді. Республиканың колхоз-
совхоздарында жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау басып алған 
аудандардан кҿшіп келген шаруалар еңбекте ерліктің үлгісін кҿрсетті. Солардың бірі - 
Батыс Қазақстан облысының Теректі МТС-інде істеген Украинаның атақты тракторшысы 
Паша Ангелинаның бригадасы. Оның берекелі бастамасы мен тҽжірибесі жергілікті 
механизаторлар тарапынан қызу қолдау тапты. Украинаның даңкты кызылшасысы М. С. 
Демченко Жамбыл облысы Талас ҿңірінде қант қызылшасын ҿңдеу ҽдістерін ҿндіріске 
енгізуде шынайы шеберлік танытты. 
Қазақстан еңбекшілері тары ҿсірудің шебері - Шығанақ Берсиевті, атақты 
күрішшілер - Ыбырай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашылдар мен 
астықтан мол ҿнім алудың майталмандары Мұнира Сатыбалдинаны, Анна Дацкованы, 
Нүрке Алпысбаеваларды жҽне т.б. орынды мақтан етті. 
Мал шарушылығы ҿнімдерін ҿндіру мен қоғамдық мал басының ҿсу жоспарлары 
ойдағыдай орындалып отырды. Қоғамдық мал басы Республикада соғыс жылдарында 3 
млн. басқа жуық ҿсті. Қазақстанның колхоздары мен совхоздары бұл тұста соғыстан 
бұрынғы бес жылмен салыстырғанда астықты - 30,8 млн. пұт, етті - 15,8 млн. пұт, картоп 
пен жемісті - 14,4 млн. пұт, сүтті - 3194 мың центнер, жүнді - 17,7 мың центнер артық 
берді. 1944 жылы Бүкілодақтық еңбек жарысында мал шаруашылығын ҿркендетудегі 
орасан зор табыстары үшін Батыс Қазақстан облысының Жаңақала, Гурьев облысының 
Қызылқоға аудандары КСРО Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын жеңіп алды. 
Жалпы соғыс кезінде Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері ҿздерінің патриоттық жҽне 
еңбек парыздарын айтарлықтай ҿтеді. 1941-1945 жж. олар майдан мен елге 5829 мың 
тонна астық, 734 мың тонна ет жҽне басқа да азық-түлік, ҿнеркҽсіп үшін шикізат берді. 


Жауды жеңуге республиканың оқыған зиялылары да ҿздерінің үлкен үлесін қосты. 
Олардың қатары еліміздің батыс аудандарынан уақытша кҿшіп келіп паналаған ғалым, 
жазушы, ҽртіс, ұстаз, дҽрігерлермен т. б. толықтырылды. 
Еліміздің шығыс аудандары мен Қазақстанның халық шаруашылығының түбегейлі 
мҽселелерін зерттеп, соның негізінде жасалынған ұсыныстарды іске асыруға академик В. 
Л. Комаров бастаған КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бҿлімшесі Президумының 
тҿрағасы, кҿрнекті ғалым Қ. И. Сҽтбаев басқарған республиканың жүзден аса ғалымдары 
қатысты. Олар қазба байлықтың кҿптеген жаңа орындарын ашты, олардың майдан 
мүддесі үшiн тез игерілуіне үлес қосты. 
Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері жҽне тағы 
басқалары халық арасындағы идеялық-тҽрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. 
Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлылықпен еңбек етті. Соның арқасында 
емханаларда емделуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астамы қайтадан 
қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар 
саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941 ж. дейінгі 20 жоғары оқу орнына жаңадан 
тҿртеуі қосылды. Оларда оқитын студенттердің саны 10,4 мыңнан 15 мыңға дейін ҿсті. 
Осындай қиын-қыстау күндерде қазақ совет ҽдебиетін дамытуға үлкен кҿңіл 
бҿлінді. Соғыс кезінде А. Толстой айтқандай, кеңес поэзиясының алыбы Жамбылдың 
ҿлеңдері Отан қорғауға шақырған қаһарлы дабыл іспеттес болды. Оның "Ленинградтық 
ҿрендерім" атты ҿлеңінің ҿнегелік те, тҽрбиелік те мҽні зор еді. Майдангер ақын Қ. 
Аманжолов "Жеңістің, дауыл мен оттың жыршысымын" деп орынды айтты. Н. Тихонов 
айтқандай, оның "Абдолла" поэмасы қазақ поэзиясының інжу-маржанына айналды. 
Партизан шоғырының комиссары Ж. С. Саинның шығармаларын есімі естен кетпейтін 
Назым Хикмет "Кеңес Одағының барлық халықтарының мызғымас достығының белгісі" 
деп атады. М. Ҽуезовтің соғыс кезінде "Абай" эпопеясының бірінші кітабын жазуы қазақ 
ҽдебиетінің ҽлемдік аренаға шығуына жол салды. Қазақ ҽдебиетімен бірге қазақ ҿнері де 
дамыды. Соғыстың алғашқы үш жылы ішінде Қазақстан ҿнер шеберлері ҿздері 
қамқорлыққа алған ұжымдарда 20 мың спектакль мен концерттер кҿрсетті, олардың 
ішінде мыңнан астам концерт майдан шебінде берілді. 
Республика еңбекшілері ҿздерінің жеке жинағынан майдан қорына 4,7 млрд. сом 
ақша берді. Сонымен қатар олар майдангерлерге 2 млн.-нан аса жылы киім, 1600 вагон 
сыйлық жҿнелтті. Республика еңбекшілерінің ҿздерінің жеке қаражаттарына "Қазақстан 
комсомолы", "Түрксибші", "Қарағанды шахтері", "Қазақстан мұнайшысы", "Қазақстан 
металлургі", "Қазақстан пионері" атты авиаэскадриялар жасақталды. Ол үшін 480 млн. 
сом қаржы жиналды. 
Республика еңбекшілері Ленинградты (қазіргі Санкт-Петербург) қорғаушыларға 
400 вагон сыйлық жҿнелтіп, жаудан тазартылған аудандардан кҿмегін аяған жоқ. Орел 
облысын қамқорлыққа алып, оларға 200 вагоннан аса жабдық, ауыл шаруашылығы 
машиналарын, азық-түлік, тұрмыстық заттар жҽне 100 мың бас мал жҿнелтті. Осындай 
кҿмек Украина мен Белоруссияға, Солтүстік Кавказға жҽне Ленинград, Курск, Калинин 
облыстарына кҿрсетілді. 
Мұның барлығы майдан мен тылдың бірлігін, халықтар достығын нығайтуға үлкен 
ҽсерін тигізді. Қазақстан еңбеккерлерінің майданға кҿмегі қызыл ҽскерлердің жағдайын 
жақсартып, олардың жауынгерлік рухын кҿтерді, Қызыл Армия бҿлімдерінің жауды 
талқандау үшін мүмкін болған нҽрсенің бҽрін істеуге жігерлендірді. Сҿйтіп, Қазақстан 
соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ Кеңестер Одағы арсеналдарының біріне айналды, 
оның экономикалық тіректерінің бірі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет