Қатысушылар: жас мамандар.
Тренинг ережесі: 1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5. Төзімділік.
6. Сыйластық.
Психолог сөзі: - Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар!
«Мұғалім-тәуелсіз
мемлекетіміздің
болашағын қалап жатқан жас маман.
Өйткені ел болашағының кілті-бүгінгі
жас ұрпақтың қолында. «Тек жоғары
сауатты, дарынды, дана, әрі отансүйгіш
мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп
шығара
алады»-деп
Елбасы
атап
көрсеткен болатын. Мұғалімдікке жас
талапкерлерді
тарту-қоғамымыздың
өзекті мәселесіне айналған еді. Осы
орайда ұстаздықты жүрек қалауымен
таңдап, жоғары және орта арнаулы оқу
орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға
келіп еңбек жолын бастап жатқан жас
мамандарға қадамдарыңыз құтты, еңбек
жолдарыңыз
сәтті
болсын
деген
тілектестігімізді
білдіре
отырып, «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі
жас
маман» атты
психологиялық
тренингіне қош келдіңіздер дейміз!
1-жаттығу: «Менің жүрегім ән айтады, егерде мектепте...», «Менің жүрегім қайғырады, егерде мектепте...» Шеңбер
бойынша
әрбір
ойынға
қатысушы өзінің жүрегі не үшін қуанып,
не үшін қайғыратынын айтады. Біріншісі
қуанышы туралы, екіншісі қайғыруы
туралы, үшіншісі қуануы туралы... ары
қарай жалғаса береді.
2-жаттығу: «Жасырын хат». Нұсқауы: әр қатысушы тренингке
қатысып отырған адам жайлы есімін
атамай
жасырын
мағлұмат
береді.
Мағлұматқа ең алдымен сол адамды
алғаш рет көргенде қандай әсерде немесе
сезімде болғанын жазады. «Мен бұл
адамды алғаш рет көргенде ....» сөзімен
басталады. Қалған қатысушылар кім
жайлы айтып жатқанын табулары қажет?