Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет170/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   199
Байланысты:
pub2 167

Изучение региональных проблем является одним из важнейших аспектов изучения 
национальной истории Казахстана и требованием современности. Авторы статьи отмечают, 
что развитие региона и программы развития конкурентоспособного образования и науки 
являются приоритетными и взаимосвзязанными друг с другом области. В статье авторы 
проводят краткий обзор истории изучения регионального аспекта образования и науки. В связи с 
отсутствием конкретных исследований по теме названного исследования авторами были 
проанализированы работы теоретиков начала ХХ века до работ современных зарубежных, а 
также труды отечественных ученых, занимавшихся данной проблематикой. Также в статье 
отражена работа ученых в региональном аспекте, педагогическом, экономическом, политическом, 
социальном и историческом направлениях.
Ключевые слова: образование, наука, аспект, теория, регион, региональное образование. 
STUDY OF REGIONAL THEORETICAL ASPECTS OF EDUCATION AND SCIENCE 
E. Mussaуeva, Zh. Aubakirova 
The study of regional problems is one of the most important issues of studying the national history of 
Kazakhstan; also it is a requirement of our time, which is widely used by scientists. The authors of the article 
note that the development of the region and the elaboration programs of competitive education and science 
are priority and interconnected areas. Reflecting the level of study of the regional aspect of education and 
science, the authors provide a brief overview of the history. Due to the lack of specific studies on the topic of 
this study, the authors analyzed the works of theorists of the early twentieth century before the work of 
modern foreign ones, as well as the works of domestic scientists dealing with this issue. The article also 
reflects the work of scientists in the regional aspect, which are in the pedagogical, economic, political, social 
and historical directions. 
Key words: education, science, aspect, theory, region, regional education. 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
323 
ҒТАХР: 03.20 
М.И. Рахимов, М.А. Алпысбес 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
 
ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ГЕОГРАФИЯСЫ: ҚАЛМАҚҚЫРЫЛҒАН 
Аңдатпа: Осы мақалада Май ауданы Ақшиман елді мекенінің маңында орналасқан Ертіс 
өңірінің киелі нысаны «Қалмаққырылған» қарастырылған. Бұл тарихи-мәдени орын қазақ халқының 
жоңғар шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін күрестің куәгері. Сондықтан аталмыш мақалада 
XVIII ғасырдың І жартысында орын алған тарихи оқиғалар желісі ауызша және жазба деректермен 
қайта қалпына келтіріліп, қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресі баяндалады. 
Мақаланың басты мақсаты Қалмаққырылған бойынша барлық мәліметтерді бір арнаға 
жүйелеп, киелі орынға қатысты ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, ғылыми-теориялық ой 
елегінен өткізу. Сонымен қатар зерттеушілер мен саяхатшылардың естеліктері мен 
еңбектерінде дүниетанымдық, этнографиялық, топонимикалық, картографиялық және ауызша 
мәліметтерге сүйене отырып, «Қалмаққырылған» киелі орнының отандық тарихымыздағы 
тарихи-мәдени маңыздылығын көрсету. 
Түйін сөздер: Ертіс өңірі. Киелі нысан. Қалмаққырылған. Олжабай батыр. Әулие үңгір.
Қалмаққырған – XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының тәуелсіздік 
жолындағы күрестің өзге нышандары секілді, отандық тарихта орыны ерекше жер. Бұл 
тарихи аңыз-әңгімелерге бай тарихи-мәдени ескерткіш. Қалмаққырғанның киелі нысан 
ретіндегі мәні – халықтың жадында бүкіл Сарыарқаның тағдыры шешілген соңғы шайқас 
алаңы ретінде сақталғанында. 
Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани 
жаңғыру» атты мақаласында: «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, 
есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Oсының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге 
тиіс» – деген жолдары Қалмаққырылғанды жан-жақты зерттеуге негіз болды. Сондықтан 
халық жадында сақталылып атауы аңыз болған тарихи орынмен сол жерде шайқасқан батыр 
бабалармыздың есімдерін жас ұрпақ білу бүгінгі күннің басты талабы [1].
Біздің кең байтақ аумағымызда «Қалмаққырылған» деп аталатын бірнеше жер бар. 
Мысалы Қарағанды облысы Ұлытауда Бұланты мен Білеуті өзендерінің аңғарында 
«Қалмаққырылған» деп аталатын төбе бар. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы Темір ауданына 
қарасты бір ауыл осылай аталады. Біздің зерттеп отырған тақырыбымыз Eртіс өңіріне 
қарасты, қазіргі Май ауданы, Ақшиман елді мекенінде орналасқан «Қалмаққырылған».
Аталмыш нысанды зерттеуді қолға алу мақсатында 2018 жылдың маусым айының 20 
-сы С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, ф.ғ.к., профессор Ахметова Гауһар Ғалымқызы 
және Павлодар облысы «Ауыл» партиясы филиалының төрағасы Ермат Байғұрмановтың 
бастамаларымен құрамында с.ғ.д., профессор А.А. Ақышев, белгілі археолог В.К. Мерц, 
т.ғ.к., доцент Қ.Қ. Батталов және өзге білікті мамандармен барлау экспедициясы 
жасақталынып, көзімізбен көріп, танысып қайтқан едік.
Бұл киелі орын XVIII ғасырда қазақ жерінің бостандығы жолында бабалар күресінің 
куәгері болған орын. Халық арасында сақталған аңыздарға сүйенсек, XVIII ғасырдың 40-шы 
жылдары қалмақ қолы Баянаулаға шабуылдап жаулап алу мақсатын көздейді. Келген жауға 
Жасыбай батыр бастаған жасақ қарсы тұрады. Бұл дұшпанға бірнеше рет соққы жасаған 
танымал батыр. Сол кезде қазақтардың қолбасшы батыры Олжабайдың тапсыруымен 
Жасыбай батыр шағын жасақпен келе жатқан қалмақ қолын тауда бөктерінде тоқтатуға 
аттанады. Сабындыкөл жағасында Жасыбай асқан ерлік көрсетеді, бірақ батырдың қапыда 
қалған сәтін пайдаланған қалмақ қонтайшысы Жасыбай батырды жазмыш қылады. Дегенмен 
қатары азайып қалған жау жазық далаға шегініп, қазіргі Қалмаққырылған даласына келіп 
бекінеді. Жасыбай батырдың кегін қайтару үшін Олжабай батыр қалың қолмен қуып келеді. 
Шатқалдар арасында қоршауда қалған жоңғарлар жансауғалап тығылады. Сол кезде 
олардың басшысына Олжабай: «Сендердің бәрің өлген Жасыбайдың бір шынтағына 
татымайсындар», – деп, жауынгерлеріне жауды аямаңдар деп белгі береді. Қалмақтар жан-
жаққа қашып, өліктері далада шашылып қалса керек. Осылай халық жадында бұл жойқын 
шайқас алаңы «Қалмаққырылған» деп аталып қалған екен [2].


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
324 
Қалмаққырғандағы шайқастың уақытына байланысты тарихта бірнеше пікір бар. Ф.А. 
Щербина экспедициясы негізінде жарық көрген «Далалық аймақтарды зерттеу бойынша 
жинақталып әзірлеген Қырғыздардың жер пайдаланауы бойынша материалдар» еңбегінде 
Ә. Бөкейханов келесідей мәліметтер қалдырған: «Айдаболдың кіші баласының немересі, 160 
жыл бұрын Абылай ханға қызмет еткен Олжабай батыр, 1730 жылдары Баянауыл тауларына 
келеді. Бұл жерде Олжабай батыр қалмақтарға тап болады, ұзақ жылдарға созылған 
күрестен соң олар қазақтармен оңтүстікке шегіндіріледі. Қалмақтармен болған шиеленістерді 
қазақтардың суырып салма «ақындары» ерекше бейнелеп, қалмақтардың қуылуын 
«жаужүрек Олжабай батыр мен оның атақты ханы Абылайға» тиесілі екенің айтады. Уездің 
оңтүстік-шығыс бөлігінде Шідерті өзенінің жоғарғы ағынында Шүршітқырған төбесі мен уездің 
оңтүстік-шығысындағы Қалмаққырған тауы Павлодар уезі аумағындағы қазақ пен 
қалмақтардың арасындағы ұзақ күрестің мәңгілік ескерткіштері ретінде сақталған. Шүршіт 
деп қазақтар қытайларды атаған, ал «Қырған» «қырмақ» етістігі, «жою» деген мағынаны 
білдіреді. «Қалмаққырған» еркін аудармада қалмақтардың жеңілген жері немесе 
қалмақтардың жаппай қырылған жері дегенді білдіреді [3, 4]. 
Oсылайша, Ә.Бөкейхановтың пікірінше, Қалмаққырған шайқасы 1730-шы жылдардың 
басында болған десе, ал Әлкей Марғұланның пікірінше, Жасыбай батыр қайтыс болған 
Баянауыл тауларындағы ұрыс пен Қалмаққырғандағы Олжабай батырдың қалмақтарды 
жаппай қыруы XVIII ғасырдың 40-шы жылдары болған деген қорытынды жасаған.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Сарыарқа тарихы» шығармасында келесідей жазба 
кездеседі: «Бaянaуыл тaуындa «Жaсыбaй aсуы» – сoл Жaсыбaй, қaзaқтың бaтыры, 
қaлмaқпен aтысып, oққa ұшып, сoл жерге қойғaннaн, «Жасыбай» aтaнғaн. Қызылтaудың 
бaуырындa «Қалмаққырғaн» деген жер – қaлмaқтың қaзaқтaн aқырғы қырылғaн қырылысы. 
Жaсыбай oққa ұшқaн жoлы ер Oлжaбaй бaс бoлып aттaнып, қaлмaқты сoл жерде қойдaй 
қамaп, иіріп қойып қырып, сонан: «Қалмақ қырғaн» aтaнғaн. Сонaн соң қaйтып қaлмaқ бұл 
Арқаны көре aлғaн жoқ» – деген мәлімет қалдырады [4]. Әулие Мәшһүр Жүсіптің қалдырған 
мәліметтері, киелі «Қалмаққырылған» жерінің қазақтардың жаудың сағын сыңдырған алапат 
ұрыс алаңы ретінде ел жадында мәңгі өшпей қалғанының бір дәлелі.
Жалпы бұл шайқастың шынайы болғаны туралы Ресей мемлекеттік тарих 
мұрағатынан бертін табылған картографиялық дерегіміз дәлел бола алады. Бұл XVIII 
ғасырдың ортасы менХІХ ғасырда қазақ жерін отаршылдық мақсатта жан-жақты зерттеу үшін 
жіберілген әскери экспедициялар, жер атауларын картаға түсіріп, тарихи оқиғаларды жазып 
алуға тырысқан. Соның бірі Ресей мемлекеттік тарих мұрағатында сақталынған 1800 
жылдың картасы:
Сурет 1 – Ертіс өзені су жолдарынан Ташкент билеушілерінің жеріне дейінге карта. 1800 ж. 
Аталмыш картадан қазіргі Түндік өзені, Қызылтау мен Қалмаққырылғанды нақты көре 
аламыз [5].
Қалмаққырылған туралы тағы бір мәліметті саяхатшы Михаил Пришвиннің 1905-1913 
жж. күнделіктерінде жазылады: «Бос қыстаудың маңына тоқтадық. Осы жерден белгісіз тау 
көрінді. Бұл таудың шыңдары алыстан Қызылтаудың маңынан көрінген еді. Біз бұл тауды 
Қалмаққырылған (Қалмақтарға өлім) деп ойладық» [6].
Жалпы Қалмаққырылған тауының төбелерінде 10 тіпті 20 тонна болатын алып 
тастарды байқауға болады. Бұл тастарды көне көз қариялардың әңгімелеріне сенсек, сол 
заманда қазақтар жоңғар қолыңа таудан құлатып пайдаланған деген сөз бар. Сонымен қатар 
бірнеше тау шыңдарының халық жадында сақталған атаулары қызығушылықты туғызады. 
Мысалы «Қалмаққырылған» тауларының бір шыңы «Гауһар биігі» деп аталады. Аңыздарға 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
325 
назар аударсақ, Малайсары батырдың қарындасы, Қаракерей Қабанбай жары Гауһар қызға 
арналған екен. Жаугершілік заманда батыр қыз сол шыңның төбесіне шығып, маңатты 
бақылап отырған екен. Егер жауды көрсе, дереу ағасы Малайсары батырға хабарлаған. 
Тарихшы Ж.О. Артықбаевтың мәліметтеріне сүйенсек, Гауһардың шын есімі Майсара 
болыпты. Сол себепті қазіргі Май ауданы халық жадында батыр қыздың есімімен 
байланысты сақталса керек.
Одан өзге «Қыз құлаған» деп аталатын бір биік бар. Бұл атау Әсия есімді қызды ата-
анасы қалың малға, жасы келген бір байға бермекші болады. Қыз сүйген адамымен тұрмыс 
құрып, өз бақытымен бірге өмір сүргісі келгенімен оның пікіріне ешкім құлақ аспаса керек. 
Теңдік іздеген сұлу бұл қиянатқа шыдай алмай, биіктен құлап, ғайып болған екен [7].
Таудың күн жағында жергілікті халық киелі деп бағалайтын Әулие үңгір кездеседі. 
Үңгір кіребересінің биіктігі шамамен 3 м., ені 1,5 м. Үңгір ішіне 5, 6 метр еркін жүріп, кейін жас 
бала ғана сиятын тар қуысқа айналады. Бұл жерге алғашқылардың бірі болып 1920 жылы 
академик Қ.И. Сәтбаев келген екен, оған дәлел үңгірдің кіреберіс сол жақ төбесіне «Қаныш» 
деп есімін жартасқа ойып жазып қалдырған. Өкінішке орай, біреулер үстінен ақ бояу 
жағыпты. Қазіргі кезде жергілікті тұрғындар соған байланысты «Қаныш Сәтбаев» үңгірі деп 
атап жүр. (2 сурет.) 
Сурет 2 – «Әулие үңгір» немесе Қ.И. Сәтбаев үңгірі 
Кейіннен осы жерде 1930 жылы академик Қ.И. Сәтбаевтың бастауымен М. Әуезовтың 
«Еңлік-Кебек» пьесасы қойылыпты. Спектакльде Кебектің рөлінде Қаныш Сәтбаевтың өзі 
ойнаған деген ақпараттар айтылады [8].
Дегенмен бұл жерге келуші адамдардың тәрбиесіз қылықтар танытып, мәдени 
нысандарға жан-жағынан өз есімдерін шимайлап, жабайы жазулар жазып кетуі қыңжылтады. 
Сол себепті қазақ халқының тарихынан сыр шертетін мәдени нысандарға келушілер 
тарапынан қамқорлықты талап ету қажет.
Қазіргі кезде Қалмаққырылғанға этно-археологиялық зерттеулер жүргізілуде. 
Сондықтан бұл киелі нысан болашақта халық назарын өзіне тарта алатын киелі туристік 
орынға айналатынына сеніміміз мол. 
Әдебиеттер 
1. Н.Ә. Назарбаев Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру [электрон. ресурс]. – 2017. – URL: http:// www. 
akorda.kz/kz/events/akorda_news / press_conferences / memleket -basshysynyn-bolashakka-bagdar-
ruhani-zhangyru-atty-makalasy. – қаралған күні: 09.09.2019 ж. 
2. Еңсебаев Т.А. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер / бас ред. А. Нухұлы. – Павлодар: 
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2017. – Т. 1 – 408 б. 
3. Материалы по киргизскому(казахскому) земляпользованию собранные и разработанные по 
исследованию степных областей. Т.4. Павлодарский уезд. – Воронеж: Тип. В.И. Исаева, 1908. – 505 с.
4. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Сарыарқа тарихы (1, 2, 3 нұсқа) // Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. 
Шығармалары. – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. – 8 т. – 264–290-бб. 
5. Ресей мемлекеттік тарих мұрағаты. Санкт-Петербург. Қ.1399. Т.1. Іс 223 
6. Пришвин М. Ранний дневник 1905-1913 гг. Поездка от Павлодара до Каркаралинска. – Санкт-
Петербург: Росток, 2007. – 800 с.
7. Сахаба Т. Қалмаққырылған құпиясы немесе Сарыарқаның тағдыры шешілген жер // Сарыарқа 
самалы. 21 желтоқсан, бейсенбі. 2017. 7 б. 
8. Бықай Фарида Қалмаққырылған неге елеусіз қалды? // Егемен Қазақстан. №235(29216) 6 желтоқсан. 
Сәрсенбі. 2017 ж. 1-3 бб.
САКРАЛЬНАЯ ГЕОГРАФИЯ ПРИИРТЫШЬЯ: КАЛМАККЫРЫЛГАН 
М.И. Рахимов, М.А. Алпысбес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет