Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет178/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   199
Байланысты:
pub2 167

жазылу себептері зерттелді. Аталмыш еңбектің қазақ халқының қайтадан аяққа тұруында 
маңыздылығы айтылды.
 
Тұйін сөздер: Шәкәрім Құдайбердіұлы, "Мұсылмандық шарты" еңбегі, Ислам, Ресей 
патшалығы, отаршылдық саясат.
Шәкәрім Құдайбердіұлының "Мұсылмандық шарты" еңбегі қазақ жазушыларының 
Ислам іліміне жазған еңбектерінің ішіндегі ең маңыздысы және ауқымдысы деп айтсақ 
қателеспейміз. Бұл еңбектің аты айтып тұрғандай адамның бұл дүниедегі мұсылмандығының 
кепілі болатын шарттар десек те болады. Кітаптың ішінде автор мұсылманның өміріне 
қатысты үш ілімді де қамтиды. Біріншісі ол мұсылмнның наным сеніміне қатысты "ақида" 
ілімі. Екінші мұсылманның құқығына қатысты "фиқһ". Үшіншісі мұсылманның ішкі жан 
дүниесіне қатысты "ахлақ" ілімі. Адамның мұсылмандығының дұрыс болуына осы үш ілім 
шарт болып есептеледі.
Бұл еңбек қазақ халқының ата діні қай дін болғанына жауап береді. Өйткені қазақ 
халқына ұлы жазушы және шын жанашыр атағына ие болған Ыбырай Алтынсарин, Абай 
Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы іспеттес ғалымдардың Ислам дініне қатысты осындай 
еңбектерді жазуы қазақ халқының діні Ислам екенін айтады. Халықтың ұстанған дініне 
қатысты сұрақтарын қанағаттандыру үшін аталмыш еңбектер жазылды десек қателеспейміз.
Қазақ даласында туған ұлы тұлғалардың исламға қатысты кітабы жалғыз 
"мұсылмандық шарты" еңбегімен шектелмейді. Шәкәрімнің алдында қазақ даласында Ислам 
шариғатына қатысты жазылған еңбектер аз емес. Мысалға айтар болсақ Сығынақи, 
атТарази, Әлфараби, Испижаби және тағы басқалары. Бірақ бұл ғалымдар өз еңбектерін 
араб, парсы тілдерінде жазған. Ал қазақ қазақ аталғалы діни еңбектерді қазақ тілінде жазған 
ғалымдар көп емес еді. Осыған қатысты Шәкәрім 1911ж Орынборда шыққан осы еңбегінде 
былай дейді: «...Оқығандарыңыз кітаптан, оқымағандарыңыз молдалардан естіп білген 
шығарсыздар. Олай болса, біздің қазақ халқының өз тіліменен жазылған кітап жоқ болған 
соң, араб, парсы кітабын білмек түгіл, ноғай тіліменен жазылған кітаптарды да анықтап ұға 
алған жоқ шығар деп ойлаймын. Сол себептен иман – ғибадат турасын шамам келгенше 
қазақ тіліменен жазайын деп ойландым. Бұл кітап әрбір қазақ оқуға оңай болып, әрі оларға 
пайда, әрі өзіме сауап болар ма екен деп...үміт еттім" [1]. Автордың сөзінен байқалатыны сол 
кездің өзінде Ислам дініне қатысты қазақ тілінде жазылған қолға алып оқи алатын еңбектің 
болмағаны. Көршілес жатқан елдердің тілінде болғанымен де түсіне алатын адам аз болды. 
Оның себебі сол кезде орын алған саяси әлеуметтік жағдай болды. Ресей империясының 
отаршылдық саясаты халыққа ауыртпалық түсіру себебінен халық арасында хат танып, 
еңбек жаза алатын адамдардың саны аз болды. Тіптен білім беру саласы өз жұмысын дұрыс 
атқара алмады. Сауатсыздық белен алған еді. 1895 ж. «Киргизская степная газета» қазақ 
жерінде белен алған сауатсыздықты сипаттап жазады: «Балалар оқитын киіз үйден жан 
дәрменімен айқайлаған ащы дауыстар естілді. Әр оқушы өзінің сабағын айқайлап оқиды... 
Осылайша оқыту төрт жылдай уақытқа созылады. Осы мерзім біткеннен кейін оқушылар 
білім алудың толық курсынан өтіп, оны ешнәрсе де білмеген, бұрынғы надандық қалпында 
қалған күйінде тамамдайды». Оның үстіне ресей патшалығы қазақтарды дінінен алыстату 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
338 
арқылы басқару саясатын жүргізді. Осыған қатысты Мекемтас Мырзахметов Шәкәрімнің 
"мұсылмандық шарты" еңбегіне жазған алғы сөзінде: "Россия патшалығы отарланған қазақ 
халқын қанды шеңгелінен шығармау мақсатымен үш түрлі қанды қақпанға құрылған түбірлі 
саясат ұстанған. Олары: қазақ жеріне келімсектерді қоныстандыру тәсілімен қазақ жерін 
тартып алып түпкілікті меңгеру; өздерінің рухани сағын сынды- ру үшін, христиан дініне 
шоқындыру арқылы орыстандыру; ең қауіпті нәрсе – қазақтардың ұлттық санасын оятпау
азаматтық сезімін өшіріп, рухани құлдыққа таңудың тапсырмас құралы территориялық 
принципке негізделген болыстық сатылы сайлау жүйесін орнықтыру арқылы рушылдықтың 
отына май құйып, өздерімен-өздерін жауластырып қоюдан басқа ешнәрсе де емес тұғын"- 
деп айтады [2]. Иә, әрине бұл мүлде ғалымның болмағанын айтпайды, қалай десек те 
исламға қатысты еңбектің жазылып, таралуына кедергісін тигізгені анық. Олардың ішіндегі 
халық арасында әйгілі болғаны тіптен аз. Бірақ дегенмен де осындай қыстау кезенде елін, 
дінін ойлаған ақын, ғалым, жазушылар жоқ емес, бар болған. Олардың бірі Ыбырай 
Алтынсарин болатын. Оның "мұсылманшылықтың тұтқасы" еңбегі Исламның құқығының 
толық ғибадат бөлігін қамтиды. Бұл еңбек мұсылманның құлшылығына қатысты үкімдерді 
ашықтап, баян етеді. Ислам дініне қатысты еңбек жазып қана қоймай сонымен қатар қатты 
ұстанған қазақтың ұлы жазушысы Абай болған. Абайдың Ислам туралы жазғандарының көбі 
мұсылманның наным сеніміне, ішкі жан дүниесін түсінуге бағытталған болды. Оның қара 
сөздерінде келтірген прозалары исламның сеніміне қатысты ақида ілімінде болды. Осы 
ғалымдардың Ислам туралы жазуы қазақ халқының ата діні Ислам діні болғанын көрсетеді.
Шәкәрімнің "мұсылмандық шарты" еңбегі Абай мен Ыбырайдың еңбегінен 
айырмашылығы өте көп. Ыбырай өз еңбегінде намаз бен дәретке қатысты үкімдерді жазса, 
Абай мұсылманның сеніміне қатысты жазған. Екеуі де Ислам ілімдерін толық қамтымады. Ал 
Шәкәрімнің кітабы Ислам дінінің сеніміне қатысты "ақида", құқыққа қатысты "фиқһ", адамның 
ішкі жан дүниесіне қатысты "тасаууф" ілімдерін қамтыды. Оның үстіне Шәкәрім құқыққа 
қатысты Ыбырай секілді намаз бен дәрет алудың үкімдерімен шектелген жоқ. Ол намаз, 
ораза, зекет, қажылық, құрбан шалу, никах, сауда саттық, жалға беру, қарыз беру және тағы 
басқа да үкімдерді қамтиды. Бұл осы салада жазылған ең ауқымды еңбек деп айтсақ артық 
айтпаймыз.
Шәкәрімнің "мұсылмандық шарты" еңбегін жазуына себеп болған бірнеше 
жадайларды болжай аламыз, олар: 
Біріншісі ол − сол кездегі қуғын сүргіннен қажыған халықтың еңсесін көтеру 
мақсатында жазылған болуы ықтимал. Ресейдің отаршылдық саясатынан шаршаған 
халықтың еңсесі енді көтерілуі екі талай еді. Ол жайында Мекемтас Мырзахметов: "ең қауіпті 
нәрсе – қазақтардың ұлттық санасын оятпау, азаматтық сезімін өшіріп, рухани құлдыққа 
таңудың тапсырмас құралы территориялық принципке негізделген болыстық сатылы сайлау 
жүйесін орнықтыру арқылы рушылдықтың отына май құйып, өздерімен-өздерін жауластырып 
қоюдан басқа ешнәрсе де емес тұғын" – деп жазады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың 
басында басталған қызылдармен соғыс ресей империясының назарын бір сәтке болсада 
қазақ жерінен өз ішіндегі соғысқа аудартты. Осы сәтті пайдаланған қазақ зиялылары қазақ 
халқының еңсесін көтеруге кірісті. Елді дініне, рухына қайтаратын кітаптар мен мақалалар 
жазыла бастады. Осы кезде Алаш зиялылыры қолдарынан келгенше елдің егемендігі үшін 
арпалысып жатты. "1905 жылдан кейін басталған Алаш қозғалысы, оның кейіннен келіп 
қабылдаған бағдарламасында дінді ұстану бар" деп жазды М. Мекемтас [3]. Солардың 
ішінде Шәкәрім де болды. Шәкәрім қазақ елінің есіне "сенің дінің Ислам" дегендей болып 
"мұсылмандық шарты еңбегін" жазып 1911 жылы орынбор қаласында басып шығарды.
Екінші бұл − ресей саясатының тағы бір жолы ол қазақтарды шоқындыру арқылы 
дінінен алыстатып, түбінде жерлеріне толық иелік ету болды. Ресей патшалығы осы 
саясатын іске асыру мақсатында көптеп миссионерлер жіберіп отырды. Оларды қазақ 
даласына қоныстандыру арқылы қазақ елін Ислам дінінен шоқындыру әрекеттерін жасады. 
Ресейден көптеп мұғалімдерді әкелді. Олар жеткіншектерлің санасын жас кезден өзгертумен 
айналысты. Осыны байқаған сол кездегі зиялы қауым ресейдің миссионерлік саясатына 
қарсылық ретінде еңбектер жаза бастады. Олардың еңбектерінде қазақ халқының діні Ислам 
екеніне нұсқайтын мәтіндер орын тапты. Осыған байланысты Мекемтас Мырзахмет: "Бұл 
қаскөй құбылыстыстың зардабын XIX ғасырдағы қазақ ағартушылары сезініп, өздерінің іштей 
қарсылығын шығармаларында біршама байқатты да. Ал 1905 жылғы орыстың буржуазиялық 
– демократиялық революциясының тікелей әсерімен ұлттық сана сезімі жағынан жаппай 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
339 
оянған қазақ оқығандары, тіпті тікелей қарсылық та көрсетіп жатты. Осы құбылыстың бір 
көрінісі – Россия империясы қазақ елін идеологиялық жағынан меңгеру тұрғысынан келіп, 
астыртын жүргізіп келген миссионерлік саясатына қарсы туындаған қарсылықтың кейбір 
белгі берген түрлерін жатқызуға болады. Осы тұрғыдан келіп қарағанда, қазақ ағартушылары 
мен Ы. Алтынсариннің «Шариат – уль ислам» кітабы мен одан кейін дүниеге келген 
Шәкәрімнің «Мұсылмандық шарты» бір аңғардан соққан желдің бағдарындай межені 
ұстанғаны сезіледі. Немесе XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы 
кітаби ақындар шығармашылығындағы кейбір саяси әлеуметтік рухтағы ағымдардың 
туындау себебі де жүйелі турде жүргізіле бастаған миссионерлік саясаттың етек алуынан 
пайда болған құбылыс болатын – ды. Бұлар да уды умен қайтаруға болады деген танымал 
күрес тәсілін ұстанған тәрізді" жеп жазады[4]. Қазақ зиялылары ресейдің миссионерлік 
саясатының таралуына қарсылық ол – өз дінімізді тарату деп түсінді.
Үшінші бұл − жоғарыда келтіргендей қара халықтың дін сұрақтарына жауап беретін 
сенімді еңбектің болмауы еді. Араб тілін білмеген қара халық дінде туындаған сұрақтарды 
көп жағдайда сауатсыз молдаларға жүгінетін. әрине бұл сөзіміз сауатты молдалардың бар 
болуын жоққа шығармайды. Бірақ олардың қарасы аз болатын. Сондықтан да Шәкәрім 
былай дейді: "Олай болса, біздің қазақ халқының өз тіліменен жазылған кітап жоқ болған соң, 
араб, парсы кітабын білмек түгіл, ноғай тіліменен жазылған кітаптарды да анықтап ұға алған 
жоқ шығар деп ойлаймын. Сол себептен иман – ғибадат турасын шамам келгенше қазақ 
тіліменен жазайын деп ойландым. Бұл кітап әрбір қазақ оқуға оңай болып, әрі оларға пайда" 
[5].
Төртіншісі бұл − Шәкәрімнің сауатсыз молдалардың зиянына төтеп беру болды. 
Молдалардың көбі сауатсыз болғандықтан дінді бұрмалаушылық қауіпі тұрды. Бұл еңбектің 
жазылуы қара халықтың мазалаған сұрақтарының жауабын кітаптан табуға мүмкіндік берді. 
Шәкәрімнің мақсаты Ислам дінін еш қоспасыз таза кейіпте, қазақтарға түсінікті тілде жеткізу 
болды. Оның мына сөзі осыны меңзейді:
Молдалар өзгелерді кәпір дейді, 
Өзі надан, наныңыз, түк білмейді. 
Өзімшілдік көкейін тескен сорлы, 
Аузына келгенді айтып жанын жейді. 
Шәкәрім әр дайым білімсіз молдаларды сыңға алған. Ол білімсіздіктің себебінен дін 
құриды ма деп қорыққан. Осы сөзімізге дәлел болатын Мекемтас Мырзахметтің мына сөзі: 
«Тау басындағы ой» деген философиялық лирикасында: 
Бұл күндегі діндердің бәрі нашар,
Еш бірі түзу емес көңіл ашар, – деп, 
Дүние жүзіндегі ірі діндердің бәрімен танысып, өз діні болып отырған исламның өзіне 
де көңілі көншімей, одан да түзулік таппаған өкініштің ізін көргендей боламыз" [6] тайға таңба 
басқандай анық болып тұр.
Бесінші бұл − Шәкәрімнің рухани діндарлығы кітаптың жазылуына себеп болуы 
мүмкін. Жоғарыда клтірілген саяси әлеуметтік себептердің қасында біз Шәкәрімнің бұл 
кітапты жазуына негізгі себеп болуы мүмкін ақиқатты тастап кете амаймыз. Өзінің 
діндарлығымен танылған Шәкәрім бұл кітапты жазуының негізгі себебі Алладан күткен сауап. 
Жалпы Шәкәрім бұл дүниеге келудегі мақсат Алланың разылығына жету деп түсінетін. 
Осыған байланысты Шәкәрім "мұсылмандық шарты" еңбегінде: "Мұның соңында, ей, достар, 
Алла тағала барша адам баласын бір Алла тағаланың барлығын, бірлігін, һәм өзін жаратқан 
ие екенін біліп, иман келтіріп, құлшылық қылсын деп жаратқан. Аятта: «уа ма халақтул-жинна 
уалинса илла ли йағбудуна» – деген, мағынасы: жын мен адамдарды құлшылық қылсын деп 
жараттым деген. Солайша құлшылық үшін жаралғанды оқығандарыңыз кітаптан, 
оқымағандарыңыз молдадан естіп-білген шығарсыздар"- деп айтады [7]. Ғалымның сөзінен 
адамның жаратылуындағы мақсат дүние емес құлшылық жасау. Сол арқылы адам сауапқа 
кенеледі. Сондықтанда шәкәрімнің кітап жазудағы мақсаты құлшылық болып есептелетін дін 
тарату амалын жасап, сауапқа кенелу деп тұжырымдай аламыз. Шәкәрімдей тақуа ғалымнан 
еңбекті жазуынан басқа мақсатты күту мүмкін емес секілді.


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
340 
Қорыта айтқанда Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы 
сияқты алпауыттардың Ислам діні туралы жазған еңбектерінен қазақтың негізгі ұстанған діні 
Ислам екенін білеміз. Шәкәрімнің "мұсылмандық шарты" еңбегі оның алдында жазылған 
еңбектерге қарағанда ауқымды болып есептеледі. Шәкәрімнің "Мұсылмандық шарты" 
еңбегінің қазақ халқына пайдасы көп болды. Шәкәрім бұл еңбегін жазумен бірнеше мақсатты 
іске асырды. "Мұсылмандық шарты" еңбегі ресейдің отаршылдық езгінінен қажыған қазақ 
халқын ата бабаларының дініне оралту арқылы еңсесін көтеріп, рухани жаңғыруға себеп 
болды. Ресей патшалығының шоқындыру саясатына қарсы тұрды. Сонымен қатар 
мүсылмандардың діни сұрақтарына жауап беріп отырды. Діндегі сауатсыздыққа қарсы төтеп 
беріп, ғалымның ақыреттегі өміріне азық болды деп айта аламыз.
Әдебиеттер 
1. Құдайберді Ш. Мұсылмандық шарты. − Ақтөбе: Фатима-принт, 2014. − 3 б.
2. Құдайберді Ш. Мұсылмандық шарты. − Ақтөбе: Фатима-принт, 2014. − 5 б.
3. Құдайберді Ш. Мұсылмандық шарты. − Ақтөбе: Фатима-принт, 2014. − 4 б.
4. Құдайберді Ш. Мұсылмандық шарты. − Ақтөбе: Фатима-принт, 2014. − 4 б.
5. Құдайберді Ш. Мұсылмандық шарты. − Ақтөбе: Фатима-принт, 2014. − 3 б.
6. Қосаева Н. Қ, Бұрыбаева А. Дала данасы. − Алматы: Орталық ғылыми кітапхана, 2009. − 274 б.
7. Құдайберді Ш. Мұсылмандық шарты. - Ақтөбе: Фатима-принт, 2014. − 5 б. 
ЗНАЧИМОСТЬ ПРОИЗВЕДЕНИЯ ШАКАРИМА КУДАЙБЕРДИЕВА «МУСУЛЬМАНСКИЙ ПАКТ» ДЛЯ 
КАЗАХСКОГО НАРОДА 
Н.А. Смагулов 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет