Бас редактор Байжуманов М. К



Pdf көрінісі
бет176/199
Дата21.10.2022
өлшемі9,41 Mb.
#154442
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   199
Байланысты:
pub2 167

жылжымайтын мүлігі, құралдары мен малдары Ресейдің жергілікті әкімшілігіне акт бойынша 
берілді. Сонымен қатар поляктардың балаларының Қазақстанның барлық аймақтарына 
жөнілтілгендігі, олардың тұрмысы мен әлеуметтік жағдайы зерделенді. Сонымен қатар 
Поляктардың депортацияға ұшырау себептері мен сипаты қарастырылып, ШҚО келу тарихы мен 
кезеңдері көрсетілген. Сонымен бірге, зерттеуде, ХХ ғасырда Шығыс Қазақстандағы поляк 
диаспораларының қалыптасуы, олардың депортацияға ұшырауы және әлеуметтік жағдайы, 
демографиялық, миграциялық қозғалысы, мәдени дамуы қарастырылған.
Түйін сөздер: депортация, поляк ұлты, поляк диаспорасы, Польша, миграция, екінші 
дүниежүзілік соғыс кезеңі. 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
333 
Зерттеуде, ХХ ғасырдың 1939-1945 жж Шығыс Қазақстандағы поляк диаспораларының 
қалыптасуы, олардың депортацияға ұшырауы және әлеуметтік жағдайы, демографиялық, 
миграциялық қозғалысы, мәдени дамуы қарастырылған.
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін қоғамда болып 
жатқан түбегейлі өзгерістердің мазмұны біздің елімізде заманауи, шынайы ұлттық саясаттың 
жаңа сипатын қалыптастырды. Осыған байланысты елдегі ұлтаралық қатынастар саясатын 
қайта қарау және жаңаша баға беру қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан Республикасы 
сияқты көп ұлтты елде ұлт мәселесі бірінші кезекке шығуы маңызды. 
Осы зерттеуде Қазақстан аумағына айдалып келген Поляктардың депортацияға 
ұшырауы және әлеуметтік жағдайы қарстырылады. 
Зерттеу жұмысының методологиясы мен материалы.
Тарих ғылымына қойылатын теориялық және әдіснамалық талаптарға сәйкес тақырыпты 
талдай отырып, біз қоғамымыздың қазіргі дамуынан туындаған өзгерістерді басшылыққа 
алдық. Тәуелсіздікке дейін диаспораның қалыптасуы мен дамуы жөніндегі жалғыз жұмыс бір 
уақытта КОКП жүргізіп отырған саясат тұрғысынан талданғаны белгілі. Осы тұрғыдан 
алғанда, зерттеу объективті, жүйелік, тарихи және салыстырмалы сипаттағы заманауи 
отандық тарих ғылымының ұсыныстары негізінде жүргізілді. 
Мұрағат деректері, әртүрлі кезеңдердегі зерттеулер, мақалалар теориялық және сын 
тұрғысынан талданып, кеңінен қолданылды. Зерттеу барысында жаңа ғылыми зерттеулер 
негізінде қалыптасып келе жатқан ой-тұжырымдар, жаңа бағыттағы шығармалар мен 
еңбектер негізге алынды. Зерттеуде нақты тарихи, салыстырмалы-тарихи талдау, жинақтау 
және жалпылау әдістері, логикалық статистикалық әдістер қолданылды. Зерттеу жұмысы 
объективтілік, толықтық, тарихи, ғылыми талдау негізінде және қарастырылатын оқиғаларға 
жаңаша көзқарас қағидаттарын басшылыққа ылынып жазылды. 
Талқылау және нәтиже 
Поляктардың Қазақстанға ағылуы 1936 жылы басталды. Бұған 52 мың поляктарды 
Украинаның батыс бөлігінен депортациялау туралы Совет өкімінің № 776-120СС жасырын 
шешімі себеп болды [1]. Мұның себебі Сталиннің Германиямен соғыста поляктарға сенбеуі 
болды. Украинадан поляктардың бүкіл тобы жер аударылды. Украинадан және 
Беларуссиядан жаппай қоныс аудару шежіресінде 1936 жылы Қазақстан поляктарының 
тарихында зерттелмеген олқылықтар бар (1936 жылғы 17 қаңтар мен 28 сәуірдегі заңдарға 
сәйкес). Поляктарды қоныстандыру 1937 жылы жалғасқаны белгілі. Бірақ бұл жолы 
эвакуацияланғандардың саны аз. Олар, сондай-ақ «арнайы жер аударылғандар» атағына ие 
болды. 
1937-1938 жылдары поляктар сенімсіз халық ретінде күштеп жер аударылды. Қоныс 
аудару большевиктер Бүкілодақтық коммунистік партиясы Орталық Комитетінің 1937 жылғы 
11 тамыздағы № 00485 бұйрығымен жүзеге асырылды. Сталиннің мақұлдауымен, Ежовтың 
бұйрығымен НКВД-ның барлық жергілікті органдарына «поляк барлауының КСРО-да поляк 
қарсылығын, тыңшылықты, диверсияны және терроризмді ұйымдастыру туралы» жабық 
хаты таратылды. Негізінен, осы бұйрыққа дейін, ағымдағы жылдың 30 шілдесінде № 00447 
бұйрық шығарылды, бұл бұйрықта қосымша хат болмады. Бұл бұйрық НКВД-нің барлық 
қызметкерлеріне түсінікті болды, өйткені онда бұрын жасалған айыппұлдар мен осындай 
жағдайларда жасалуы қажет міндетті шаралар тізімі көрсетілген. Яғни, тұтқындауларды 
есепке алу, кінәлі Польша азаматтарын тіркеу, өлім жазасына кесілген адамдардың тізімін 
жасау және т.б. Бұйрықтың мазмұны бұрыннан белгілі болған кулақтарды, саяси 
қылмыскерлерді және бұрынғы партия жетекшілерін, бір сөзбен айтқанда, дін 
қызметкерлерін, КСРО-ға қарсы «қауіпті элементтерді» қудалау болды. Ұжымдастыру 
кезеңінен бастап осы мәселемен айналысатын НКВД алғашқы тапсырысты орындау оңай 
болды [2]. 
Ал № 00485 бұйрық мүлде басқа сипатта болды. «Тыңшылық және диверсия» деген 
сөздер бұрынғыша поляк азаматтарына ғана емес, КСРО-дағы барлық поляк азаматтарына 
қатысты қолданылды. Бұрынғы әскери поляктар да айыпталушылардың қатарына енді. Бұл 
жағдай сол кездегі КСРО-да барлық поляктарға әсер етті деу артық емес. [2]. 
Өзге ұлттарды ішкі Ресейден шет аймақтарына көшіру үшін ақша мемлекеттік банк 
арқылы бөлінді. 1939 жылдың бірінші тоқсанында мемлекет бюджетінен көші-қон 
бөлімдеріне ақша аударылды, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынды. Қазақстанға 
ақша аударымдарының көлемі және қазақ жерлеріне қоныс аударушылардың саны КСРО-


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
334 
ның басқа облыстары мен республикаларына қоныс аударушылар санынан едәуір жоғары 
болды. Мәселен, биыл Иркутскіге 9830 рубль, Кросноярскіге 14514 рубль, Омбыға 13 014 
рубль, Ташкенттен 23 400 рубль, Алматыға 36 300 рубль бөлінді [3]. 
Кеңес Одағы Польша мемлекетінің шығыс бөлігін 1939 жылы қыркүйекте және 1940 
жылы маусымда нацистік Германиямен жасалған келісімдер нәтижесінде қосып алды. Кеңес 
өкіметі тұсында Беларуссияның батыс бөлігі (Вилейск, Барановичи, Белосток, Брест, Пинск), 
Украинаның батыс бөлігі (Волынь, Ровно, Львов, Дрогобыч, Станиславская, Тарнополь) және 
Литваның біраз бөлігі енді. 1940-1941 жылдары осы аймақ халқының КСРО-ның ішкі 
аймақтарына қоныс аударуы басталды. Бұл аймақтағы халықтың көп бөлігі Польша 
азаматтары болды. «Поляк миграциясы» 1939-1941 жылдар аралығында көші-қон 
тарихындағы ең ірі көштердің бірі болды. 
КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің 1936 жылғы 28 сәуірдегі № 776-120 қаулысына 
сәйкес, Украинадан Қазақстанға 15000 поляк және неміс шаруашылықтары, барлығы 45000 
адам депортацияланды. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысына 37535 адам жер 
аударылды, Қарағанды облысына 8020 адам қоныс аударды [4]. 
Беларуссия мен Украинаның батыс бөлігінен депортациялау кезінде поляктардың 
жылжымайтын мүлігі, құралдары мен малдары Ресейдің жергілікті әкімшілігіне акт бойынша 
берілді. Поляктерге тек келесі заттарды алуға рұқсат етілді: 
1. Киім 
2. Көрпелер мен жастықтар 
3. Аяқ киім 
4. Ыдыс-аяқ 
5. Азық-түлік 
6. Көтеріп жүруге болатын кішігірім құралдар (балта, ара, күрек, тырма, аша, тістеуік, 
балта және т.б.) 
7. Ақша (шектеусіз мөлшердде) және зергерлік бұйымдар (сырғалар, сақиналар, алқа 
және т.б.) [5]. 
Бірақ бір отбасының салмағы 500 келіден аспауы керек еді. Жабдықтар мен ірі заттар 
бөлек вагонға жүктелді. 55 вагон оларды жеткізуге дайындалды [5]. 
Жарлыққа сәйкес отырықшы поляктар дауыс беру құқығынан айырылған жоқ. Тек тұрғын 
ауданнан шығуға тыйым салынады. Олар қайда барса да, ауылдық кеңестерге бағынады. 
Қозғалыс барысында барлық паспорттар тәркіленді. 
1940 жылғы 10 ақпанда, 13 сәуірде және 29 маусымда поляк азаматтары үш лекпен 
депортацияланды. Ал 1941 жылдың мамыр-маусымында КСРО-ның батыс бөлігіндегі 
поляктар көшірілді. Поляктарды эвакуациялау бір күндік операциялардан тұрды. Басқаша 
айтқанда, халықты алды-артына қарамай бір күн ішінде қоныстандырылды. Бұндай аяқ-асты, 
шұғыл жер аударуларға қарсылықта болып жатты. Алайда, мұндай наразылықтарға 
қарамастан поляктар көліктерге жүктелді. Бір пойыздың жүруі қашықтыққа байланысты 2-4 
аптаға созылды. Соңғы станцияға жеткеннен кейін олар жүк көліктеріне немесе кемелерге 
тиеліп, белгіленген орындарға жеткізілді [6]. 
«Осадниктерді»
қоныстандыру 1940 жылы 10 ақпанда басталды. Оларды орналастыру 
үшін КСРО-ның 21 аймағынан 115 арнайы елді мекендер құрылды. Осылайша, 129,596 адам 
мәжбүрлі түрде қоныс аударылды. Семейге 300 отбасы, Ақмола облысына − 414, Павлодар 
облысына − 221, Қостанай облысына − 186, Шығыс Қазақстан облысына − 80 отбасы келді 
[6,34 б.]. Осылайша 5389 поляк қазақ жерлеріне қоныстанды [7]. Ақмола облысының 
Шортанды ауданында 506 адам, Сталин ауданына − 633 адам, Степняк ауданына − 849 
адам, Қостанай облысының Жітіқара ауданында 884 адам, Павлодар облысының Баян-Ауыл 
ауданында 1108 адам, Шығыс Қазақстан облысының Самара ауданына 325 адам және 1085 
адам Семей ауданының Жарма ауданына қоныстандырылды [7]. Поляктар Жарма 
ауданының үш ауылына, Балажалда 49 отбасы, Қазаншұңқырда 84 отбасы және Ақжалда 99 
отбасы келді. Олар ауыл шаруашылығындағы қол еңбегінен басқа, әр түрлі шахталарда, 
әсіресе алтын кенінде тынымсыз еңбек жасады [7]. 
1940 жылдардың басында арнайы жер аударылғандардың санын есептеуде әр түрлі 
қателіктер жіберілді. Қабылдаушы ел, яғни Қазақстан дұрыс емес ақпарат берді, сондықтан 
кейбір жағдайларда отбасылық жазбалар орталықтағы мәліметтерге сәйкес келмеді. 
Мәселен, 1941 жылдың 1 қаңтарында жіберілген баяндамада Семей облысында қоныс 
аударған отбасылардың саны 20 отбасына артық көрсетілген. Осы себепті ақпан айында 


ISSN 1607-2774 
Вестник Государственного университета имени Шакарима города Семей № 4(92) 2020 
335 
арнайы аудит жүргізілді. Нәтижесінде 20-дан астам отбасы Семей облысына жіберілмегені 
белгілі болды. Жоғарыдағы есепте қате болғандықтан, бұл құжат Семейге қайтарылды [4]. 
1940 жылы мамырда Семей облысына 232 отбасы, яғни 1085 поляк қоныс аударылды. 
Оның ішінде 314 ер адам, 325 әйел және 16 жасқа дейінгі 446 бала. Олардың барлығы 
Жарма ауданының тау-кен аудандарына орналастырылған [8]. 
Кесте 1 

Жарма ауданындағы поляктардың сандық көрсеткіші [8]. 
Поселкелер атауы 
Саны 
жанұя 
Адам 
Балажал 
49 
236 
Казан Чункур 
84 
374 
Акжал 
99 
475 
Барлығы 
232 
1085 
Кесте 2 

1941 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, Семей облысы Жарма 
ауданындағы поляктардың еңбекпен қамтылу кестесі [8]. 
Шаруашылық 
ұйымының атауы 
Осадниктер саны 
Еңбекке 
жарамды 
Жұмыс 
істегендері 
Жұмыс 
істейтіндері % 
Жұмысқа 
жарамсыздары 
жанұя 
адам 
Шаруашылық 
ұйымының атауы 
Осадниктер саны 
Еңбекке 
жарамды 
Жұмыс 
істегендері 
Жұмыс 
істейтіндері % 
Жұмысқа 
жарамсыздары 
жанұя 
адам 
Балажал 
49 
236 
147 
78 
53.1 
69 
Казан Чункур 
84 
374 
218 
146 
67.0 
72 
Акжал 
99 
475 
289 
193 
66.8 
96 
1941 жылдың басынан бастап Ресейдің ішкі аймақтарынан Қазақстанға басқа ұлттардың 
қоныс аударуы күшейе түсті. 1941 жылы 14 ақпанда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі 
барлық облыстарға қоныстандыру жоспарларын ұсынды. Аймақтарға көшіп келушілерді 
қабылдау мен қамтамасыз етудің жеке жоспарлары ұсынылды. Аймақтар жоспарды 
белгіленген мерзімде аяқтауы керек еді. Алайда, аймақтардағы дайындық кезеңі аяқталған 
жоқ. Тек облыс орталықтарының басшылары мен көші-қон мамандары дайындықтың 
жоқтығына кінәлі болмады. Бұл жағдайға көші-қон бойынша аға шенеуніктер мен 
Агроөнеркәсіптік банк қызметкерлерінің жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауы да кері әсер 
етті. Орталық көші-қон мамндарымен банк қызметкерлеріне колхоздардың қоныс аудару 
науқанына жұмсайтын ақша құнын, құрылыс материалдарының құнын, сондай-ақ оларды 
тиісті жерге жеткізу уақыты мен ақшасын есептеу, тұрғын үй құрылысына жұмысшылар 
санын анықтау және оларды аяқтау уақытын белгілеу жұмыстары тағайындалған болатын 
[9]. 
Жоспар бойынша 1941 жылы Қазақ КСР 26 мың шаруашылықты қабылдауы керек еді. 
Олар елдің 31-ші ауданында, 1887 колхоздарға орналасуы керек еді. Жоспар түрлі 
кедергілерге байланысты толық орындалмады. 1941 жылдың бірінші тоқсанында 
Қазақстанда 24000 отбасы қоныстануы керек еді, бірақ осы жылдың 15 мамырына дейін бұл 
жоспардың тек 11% -ы орындалды [9]. 
Кесте 3 

1941 жылы поляктардың Қазақстан облыстарына қоныстандырылуы [9]. 
Облыстар 
1941 жылға көшіруге 
жоспарланған 
шаруашылықтар саны 
Келгендер 
Глав семей 
Толық жанұялар 
Барлығы 
саны 
жоспардың 
орындалуы % 
саны 
жоспардың 
орындалуы % 
саны 
жоспардың 
орындалуы % 
Ақмола 
5500 
955 
17,4 
131 
2,3 
1086 
19,7 
ШҚО 
3500 
450 
12,8 
36 
1,0 
486 
13,8 
Павлодар 
4000 
523 
13,0 
89 
2,3 
618 
15,3 
Семей 
1500 
301 
3,1 
110 
1,6 
311 
4,7 
1943 жылы Қазақстанға одан да көп поляк балалары жіберілді. Олар Қазақстанның 
барлық аймақтарына жөнелтілді. Семейге 361 поляк баласы келді, 103 бала Шығыс 
Қазақстан облысына жіберілді [10]. 1944 жылы КСРО-ның поляк балалар ісі бойынша 
комитеті балаларды елдеріне қайтару мәселесін көтерді. КСРО-дағы барлық балалар үйлері 
поляк балаларының қайтару бойынша дайындық жүрді. 1945 жылдың 20 желтоқсанына дейін 
құжаттар жиналып, мұрағат деректерімен сәйкестендірілді. 1946 жылы балаларды 
репатриациялау жұмысы басталды [10]. 
Қорыта келе, Сталин 30-шы жылдардың ортасынан 1940-шы жылдарға дейін жаппай 
саяси қуғын-сүргіннің күшеюіне жауапты болды. Кейбір халықтар жаппай саяси қуғын-сүргінге 


ISSN 1607-2774 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің хабаршысы № 4(92)2020 
336 
ұшырады. Поляктар осы кезеңде азап шеккен ең масқара ұлттардың бірі болды. Сталиндік 
қуғын-сүргін мен геноцидтен туындаған этнодемографиялық дағдарыс поляк халқының 
өркендеуіне елеулі нұқсан келтірді. 
Әдебиеттер 
1. 
Губайдулин О. Страшные волны польской трагедий // Караван. – 2005– №22. – 30 мая 
2. 
Гурьянов А.Э. Польские спецпереселенцы в СССР в 1940-1941 гг. // Репрессии против поляков и 
польских граждан. – Москва, 1997. – С.114-136 5-2 
3. 
Докладная записка Переселенческого отдела при СНК Казахской ССР о ходе выполнения 
мероприятий по хозяйственному устройству переселенцев на 1941 год. 1941 год // РМЭМ. – 5675- қор, 
1-тізбе. – 364-іс.8-3 
4. 
Жангуттин Б.О. Из истории поляков в Казахстане 1940 годов ХХв. // Вестник КазНПУим.Абая, 
серия «Исторические и социально-политические науки». – Алматы, 2006. – №1(9). – С. 90-96 9-4 
5. 
Информационные материалы ГУЛАГа руководству НКВД // РФММ. – Р-9479с-қор, 1-тізбе. – 55-
іс.3-5 
6. 
Материалы по выселению польских осадников // РФММ. – Р-9479с-қор. – 1-тізбе. – 61– іс.6-6 
7. 
Петров Н.В., Рогинский А. Б. «Польская операция» НКВД 1937-1938 гг. // Репрессии против 
поляков и польских граждан. – Москва, 1997. – С. 22-39 1-7 
8. 
Сводные и годовые статистические сведения и дислокация спецпоселков // РФММ. – Р-9479с-
қор, 1-тізбе. – 90-іс.7-8 
9. 
Справка Переселенческого отдела НКВД СССР о количестве переселённых хозяйств за период
1933-1937 гг. от 25 января 1938 года // РМЭМ. – Р-5675-қор, 1-тізбе. – 185-іс.2-9 
10. Справки и копии постановлений, решений и указаний правительственных и партийных органов // 
РФММ. – Р-9479с-қор, 1-тізбе. – 52-іс.4-10 
ИСТОРИЯ НАРОДОВ ДЕПОРТИРОВАННЫХ В ВОСТОЧНЫЙ КАЗАХСТАН В ГОДЫ ВТОРОЙ 
МИРОВОЙ ВОЙНЫ 
А.М. Мамырбеков, У.Б.Тлемисов, Ж.М. Тлемисова 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет