Әлем музейлерінің тарихы оқу құралы



Pdf көрінісі
бет33/54
Дата22.10.2022
өлшемі1,93 Mb.
#154592
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
Байланысты:
treatise18582

 
Сҧрақтар:
1. Метрополитен музейінің ашылу тарихын атаңыз. 
2. АҚШ музейлерінің ашылуына тән ерекшеліктерді атаңыз. 
3. Музейдің мақтанышы.
 
 
21 - т а қ ы р ы п
 
Әлем қҧндылықтарының жиынтығы – Эрмитаж музейі 
ХVІІІ ғасырдың орта кезеңі Ресей империясы ҥшін тарихи 
жағдай туып, болашақта әлемге әйгілі болудың алғышарты 
қалыптасты. Ол қазір кҥллі адамзат баласының мәдениетінің ӛз 
қҧрылымына жинаған біз білетін Эрмитаж музейінің ең бірінші 
патша сарайы ретінде салынған қысқы сарайдың қҧрылысының 
басталуы еді. 
Нева ӛзенінің сол жағалауында орналасқан Эрмитаждың 
тарихын арыдан бастасақ былай болып келмек. Негізінде, Нева 
ӛзенінің сол жақ жағалауы жылдар бойы Ресей патшаларының 
резиденцияларына мекен болып келген. Енді бҧл жер неліктен 
соншалықты сол уақыттағы орыс патшаларын қызықтырды 
десек, біріншіден, Нева ӛзенінің жағасы ӛте керемет сҧлу жер 
болған. Екіншіден, ол жер бҥкіл Санкт-Петербордың, яғни Ре-
сейдің ортасынан керемет кӛрініс тауып тҧрған. Қазіргі әлемге 
әйгілі болып тҧрған Эрмитаждың ең басты және бірінші са-
лынған ғимараты қысқы сарай болса, зерттей келе, бҧл Қысқы 
сарайдың алдында І Петр кезінде ең алғашқы Нева ӛзенінің сол 
жақ жағалауындағы Қысқы ҥй соған арналып салынған. Кейін 
1720 жылы патша басқа ғимаратқа кӛшеді, ол болашақ Эрмитаж 
театрының орнында тҧр еді. Оның терезесінен А.К. Кикиннің 
және Ф.М. Апраксиннің зәулім ҥйлері кӛрінеді. Кейін бҧл 
зәулім ҥйлердің қожайындары дҥние салған соң Анна Иоанов-
наның жарлығымен ол ҥйлерді қосып ғимарат жасайды. Кейін 
империяның резиденциясы болып қалыптасқан. Патша бҧл 
қҧрылыстың ҥлкен биік мінбесіне шығып кірпіш қалаушылар-


Т.Н. Мұхажанова 
105 
ды, ағаш ҧсталарын, мәрмәршілерді, алтын аптағыштарды 
бақылап тҧрған. Ғимаратқа кӛптеген зиялы қауым ӛкілдері де 
келген, сонымен қатар патшайым Елизавета Петровнаның ӛзі де 
келген, яғни қҧрылыстың барысын қызықтап кӛріп кетіп 
жҥрген. 1761 жылы кӛктемде ғимараттың ішкі жҧмыстары бас-
талды, сол жылы желтоқсан айында Елизавета Петровна дҥние 
салады. Патшайым жаңа сарайдың ішіне кіріп те ҥлгермей 
дҥниеден ӛтті. Патшайым Қысқы сарайдың қҧрылысы жҥріп 
жатқан кезінде сол жерге жақын жерде Растреллидің жобасы 
бойынша салынған ағаш ҥйде ӛмірінің соңына дейін тҧрған. 
Міне, осылай Қысқы сарай салынып бітпей тҧрды. Осы 
кезде билікке ІІ Екатерина келген болатын, Елизавета заманын-
дағы борокко стилі дағдарысқа ҧшырады. Жалпы, ІІ Екатерина 
бҧл Қысқы сарайдың кӛп жерлерін ҧнатқан жоқ. Санкт-Петер-
борға борокко стилінің дәурені кеткеннен кейін ақ Растреллидің 
де басынан бағы таяды. Бҧл борокко стилінің орнына 
классикалық стиль келіп, бҥкіл Ресей жерінде Франция 
мәдениетінің экспанциясы қарыштай тҥседі. Ресей жерінде 
борокко стилі ӛмір сҥруін тоқтатқаннан бастап, Растреллидің 
Ресей жеріндегі ӛмірі тоқтайды, яғни Растрелли жҧмыстан 
шығып, жҧмыссыз қалып Швейцарияға кетеді, патша сарайын 
босқа архитекторлар жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет