20 - т а қ ы р ы п
Америка шедеврлер жиынтығы Метрополитен музейі
Еуропалық музейлер монархтар мен жеке адамдардың жа-
бық жинақтарынан біртіндеп ӛссе, АҚШ-та, алдымен, ғылыми,
әдеби қоғамдардың, оқу орындардың кҥшімен кӛпшілікке ар-
найы қҧрылған музейлер пайда болып, содан соң ғана жабық
жинақтар қалыптаса бастады. Олардың кӛбі кейінірек қоғамдық
институттарға айналды немесе басқа музейлерге мҧралыққа
қалдырылды.
Америка музейлер туралы ертеректегі дерек Оңтҥстік Ка-
ролинадағы колонияға жатады. 1776 жылы ол басқа да ағылшын
отарларымен бірігіп тәуелсіз мемлекет АҚШ-ты қҧрағаны
белгілі. Оған дейін ҥш жыл бҧрын Чарлстон қаласынан кітап-
хана қоғамы жергілікті газеттің беттерінде оқырмандарына му-
зей қҧру ҥшін материал жинау туралы ӛтініш жариялаған бола-
тын. Сӛйтіп, 1773 жылы АҚШ-та музей ісі тарихының бас-
тамасы болды.
Қоғамның ӛтінішіне ҥн қатқан штаттың белсенді тҧрғында-
рының арқасында Чарлстон музейінде бай табиғи-ғылыми және
этнографиялық коллекциялар жинақталған болатын. Музей
кҥнделікті кӛрушілер ҥшін ашық болады және ҥлкендер ҥшін 25
цент, ал мезгілдік билет бір доллар тҧрды.
1770 жылы Чарлстон сияқты екі музейлік мекеме
Филадельфияда, ал 1782 жылы кӛпшілік ҥшін сирек заттар
кабинеті немесе америкалық музей ашылды.
Т.Н. Мұхажанова
101
Алғашқы уақытта америкалық музейлер еуропалық сирек
заттар кабинетіне ҧқсайтын, оларда ӛнер туындылары ӛте аз
болып, табиғат ҥлгілері басым болған.
Еуропаға қарағанда АҚШ-та ҧлттық галереялар пайда бола-
тындай корольдік коллекциялар болған жоқ. Оның қҧрылуына
себеп болатын кҥшті орталықтандырылған мемлекет те бол-
мады. Елде ҧзақ уақыт бойына ғылыми, әдеби қоғамдар мен
колледж, университеттер қҧрған кішігірім кӛркемсурет галерея-
лары ғана болды. Олар бірнеше жылдардан кейін жабылып қа-
лып отырды және олардың жинақтарының сапалық деңгейі тӛ-
мен болды.
ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде жағдай ӛзгеріп, ғасырдың
ортасында басталған экономикалық ӛсу кҥшейе тҥсіп, АҚШ
біртіндеп, гҥлденген капиталистік елге айнала бастайды. Еуро-
палықтардың байлықтарын сақтап, кӛбейтудің ең сенімді, тек-
серілген тәсілдерінің бірі – кӛркемсурет коллекция сферасына
салу. Еуропалық аукциондарда болған америкалық мҧнай, қант
және т.б. салалардың байлары кӛне шеберлердің, иллюстра-
циялық қолжазбалар мен сәндік қолданбалы ӛнердің ҥздік ҥлгі-
лерінің бағасын жоғарылатып, сатып ала бастады. Міне, осын-
дай америкалық коллекционерлердің арқасында қомақты кӛркем
сурет жинақтары, сонымен бірге музейлер қалыптаса бастады.
1870 жылы америкалық музей қҧрылысы тарихының жаңа
беттері ашылды. Бҧл онжылдықтың соңында мәдени қҧндылық-
тардың ірі сақтау орнына айналған музейлердің негізі қаланды.
Олар: Нью-Йорктегі Метрополитен музейі (1870 ж.), Фила-
дельфиядағы кӛркемсурет музейі (1876 ж. ), Чикагодағы ӛнер
институты (1879 ж. ).
Солардың ішіндегі әлемдік деңгейге ӛсе алған және АҚШ-
тың ірі музейі – Метрополитен. Оның негізін қалауға ынта біл-
дірген шығармашылық зиялылары мен іскерлік ортаның ӛкіл-
дері, Нью-Йорктегі Одақтық Лига Клубының мҥшелері болды.
Клуб ӛзінің кӛркемдік комитетінің бір отырысында болашақ
музейінің басқармасын Қамқоршы (Попечитель) кеңесін сайлап,
«Метрополитен» («Столичный») деп аталатын музейді ашу ту-
ралы Штаттың заң шығару жиналысына ӛтініш білдірді. Оның
жинағының қҧрамына тек кескіндемелік туындылармен
мҥсіндік коллекциялар ғана емес, суреттер, гравюралар, медаль
Әлем музейлерінің тарихы
102
мен фотосуреттер, сәулеттік модельдер, тарихи тҧлғалардың
портреттері, сәндік қолданбалы ӛнер туындылары кіретіні туралы
да айтылды.
1970 жылы Штаттың ҥкіметі музейдің қҧрылғаны туралы ар-
найы акт қабылдап, санкция жасалды. Болашақ музейдің ғима-
раты мен оны салатын жер учаскесінің иесі қала ҥкіметі, ал кол-
лекцияның қожайыны болып музей жарияланды. Бірақ Метро-
политеннің ӛзінің негізі қаланған уақытта оның ғимараты, не
коллекциялары болмады, енді оларды қҧруды бастау қажет
болды. Поптар Кеңесі алғашқы уақытта қажетті 250 мың доллар
қаражатты Нью-Йорктік кӛпшілік қауым мен іскер адамдардан
қолхат арқылы жинаған болатын. 1871 жылы музей ӛзінің ең ал-
ғашқы
ерекше
коллекциясын
са-
тып
алады.
Ол
франк-пруссиялық
соғыстың қақтығы-
сының нәтижесінде
еуропалық рынокта
пайда болған фран-
цуз
және
бель-
гиялық жинақтағы
ХVІІ-ХVІІІ
ғғ.
еуропалық
шеберлердің
174 картинасы музейге тҥскен.
Метрополитен музейі осы коллекцияларды кӛрсету мақса-
тында Бесінші авенюдағы би мектебінің ғимаратын жалға алып,
1872 жылы 17 ақпанда оның тарихында алғаш рет кӛпшілік
ҥшін алғашқы экспозиция ашылады. Осымен бір уақытта
алғашқы келушілер ҥшін 1880 жылы наурыз айында қаулы
қабылданып, музейдің тҧрақты ғимаратының қҧрылысы
басталады. Мҧндағы экспозицияға ескі батысеуропалық
шеберлер мен сол замандағы америкалық суретшілердің
шығармалары, америкалық кӛркемдік ӛндірістің ҥлгілері,
генерал Чеснолдың коллекциядағы кипрлік кӛне заттары да
қойылды.
Музейге
уақытша
берілген
Нью-Йорктік
Т.Н. Мұхажанова
103
коллекционерлердің шығармалары да оның екі залына
орналастырылды. Соңынан америкалық музейлерге осы
ерекшелік тән болған болатын. Мҧндай коллекция-салымдарды
экспозицияға ӛте ҧзақ уақытқа қою екі жақтың пайдасына ӛзара
келісім мен жҥргізілген. Себебі коллекционерлер ӛзінің
жинағына жақсы жарнама және экспонирлеуге сенімді жай алса,
музей экспозициялық кӛрсетілім кеңейіп, келермен ағымын
кӛбейтуге
мҥмкіндік
алатын.
Америкалық
музейдің
экспозицияларында ешқандай хронологиялық және кӛрмелік
логикаға сай келмейтін музейге мҧрагерлікке қалдырған немесе
жеке кӛрсету ҥшін уақытша берген жеке адамдардың осындай
коллекциялық жинақтарын жиі кӛруге болады. Мысалы, 1876
жылы Метрополитен музейінде банкир Леманның керемет
коллекциясына арналған, музейге ерекше шарт бойынша сыйға
тартылған жеке павильон ашылды. Мҧнда коллекциялар
банкирлер ҥйінің жағдайын кӛрсететін интерьерлердің негізінде
кӛрсетілді.
Мемлекет тарапынан ешқандай қаражат алмаған музей
ӛзінің дамуы ҥшін қаражат кӛзін ӛзі табуға тырысты.
Ӛзінің қалыптасуының алғашқы кҥнінен-ақ ол музей
достарының қоғамы деп аталатын ӛзіндік ерекше қаржылық
кӛмек институтының негізін қалады. Сӛйтіп, ол соңынан
америкалық музейдің арасында кеңінен танымал болады. Алдын
ала тӛлеген адамның барлығы қоғамның мҥшесі бола алатын еді
және оның кӛлеміне қарай бірқатар жеңілдіктер алып тҧрды.
Соның ішінде музейге, кӛрмелерге тегін кіруге, әртҥрлі іс-
шараларға қатысуға мҥмкіндік алды. Уақыт ӛте бай амери-
калықтардың арасында дәстҥрге айналған ірі қаржыларды,
кӛркемдік шығармаларды, тіпті кейде толық коллекцияларды
музейге сыйға тарту оның жинақтарын кӛбейтуге ҥлкен
мҥмкіндік жасады. Осының нәтижесінде Метрополитен музейі
жарты ғасыр ӛткеннен кейін АҚШ-тағы батысеуропалық
кескіндемелік туындылардың иегері ғана болып қоймай, батыс
еуропалық кӛркем галереялармен ӛзінің коллекцияларының
қҧндылығы мен толықтығы жағынан қатарласа алатын болды.
АҚШ-тың кӛптеген музейлері еуропалық музейлерге қара-
ғанда мемлекеттен шектелген, себебі олар жеке адамдарға неме-
Әлем музейлерінің тарихы
104
се корпорациялар иеленген жеке институт ретінде пайда болып,
ӛмір сҥруде.
Достарыңызбен бөлісу: |