Әлем музейлерінің тарихы
112
Павел Михайлович Третьяковтың (1832-1898 жж.) атымен
тікелей байланысты.
Ол жас шағынан бастап сурет ӛнеріне қатты қызығушылық
танытып, батысеуропалық суретшілердің гравюралары мен
литографияларын жинай бастайды. Ол Петербургке барған
сапары кезінде Эрмитажда сақталған әлемдік ӛнердің асыл
қазынасымен
ғана емес, орыс суретшілерінің шығармаларымен
танысады. Оған, әсіресе П.А. Федотовтың қала тҧрмысынан
алынған кӛріністері бар жанрлық суреттер қатты ҧнайды.
П.М. Третьяков осы кезден бастап, ӛзінің замандастарының
еңбектерін жинауды тҥпкілікті шешіп, 1856 ж. алғашқы– жас
суретшілер
Н.Г.
Шильдер
(«Искушение»)
және
В.Г.
Худяковтардың («Стычка с финлянскими контрабандистами»)
екі картинасын сатып алады.
Третьяков
галереясының
тарихы
осылай
басталды.
П.М. Третьяков ӛз коллекциясы ҥшін ХІХ ғ. ІІ жартысындағы
ірі суретшілердің ең жақсы шығармаларын таңқаларлық
сезімталдылықпен таңдап ала алды. Олар: В.Г. Перов,
В.В. Верещагин, И.Н. Крамский, Н.Н. Ге, И.Е. Репин,
В.И. Суриков, В.М. Васнецов, И.И. Левитан және т.б.
суретшілер.
П.М. Третьяковтың жеке жинағының кӛлемінде орыс ҧлттық
ӛнерінің сурет тарихы ӛз кӛрінісін тапты. Ол 70
жылдары
жинаған суреттерінің ҥйдегі бӛлмелерге сыймайтын болған соң
галереяға арнайы ғимарат салғызып, оны ылғида кеңейтіп
отырған.
Галерея жалпы адамдардың кӛруіне 1881 жылы ашылды.
1890 жылы оған келушілердің саны 50 мыңға жетті.
Третьяков 1892 ж. ӛзінің суреттер жинағын, оның тҧрған
ғимаратымен қоса, Мәскеу қаласына сыйға тартты. Ал оның
інісі де Сергей Михайлович Третьяков ӛзі жинаған батысеуро-
палық коллекциясын Мәскеу қаласына мҧраға қалдырды. Музей
«Павел Михайлович және Сергей
Михайлович Третьяковтар
атындағы Мәскеу қалалық сурет галереясы» деп аталып, ал
Павел Михайлович оның ӛмірлік қамқоршысы болды.
1898 жылы галереяның негізін қалаушысы қайтыс болып,
музейді Мәскеу қаласының Думасы мен Муниципалитеті
сайлаған Кеңес басқарды. Оның қҧрамына Третьяковтың қызы
Т.Н. Мұхажанова
113
А.П. Боткина, кӛрнекті суретшілер В.А. Серов, М.С. Остроухов,
И.Э. Грабарь және т.б. қалалық ӛзіндік басқарудың ӛкілдері
кірді. А.П. Боткина және оның
суретші достары мен галерея
Кеңесінің мҥшелері ӛнердің жаңа ағымына қарсы консервативті
кӛзқарастары шенеуніктермен таласып жҥріп, музейдің
қҧрамына ХХ ғ. бас кезіндегі жас талантты суретшілердің
еңбектерін қосуға қолдары жетті.
Галереяның сыртқы кӛрінісі де ӛзгерді. 1900 жылдың бас
кезінде Васнецовтың суреті бойынша қазіргі кездегі тас сыртқы
қабаты да соғылған болатын. Ғимараттың сыртқы қабатында
Мәскеу жерінің ежелгі гербі салынған барельеф безендірілген.
Онда жыланды найзасымен шаншып тҧрған жеңімпаз Георгий
бейнеленген.
Тӛңкеріске дейінгі музей
тарихындағы аса маңызды
оқиғалардың бірі 1913 жылға жатады. Белгілі суретші және ӛнер
тарихшысы И.Э. Грабарь жоспары бойынша галереяда жаңа
экспозиция қҧрылады.
Бҧрынғы кезде кейбір залдарда суреттер «кілем» тәрізді
еденнен тӛбеге дейін тҧтас ілінген болса, енді кӛруге ыңғайлы
етіп, ең негізгісі хронологиялық жҥйелілікпен, ірі суретшілердің
шығармаларын кӛрсететін залдар мен қабырғаларды бӛліп
қойған еді. Бҧл кӛрермендерге кӛлемді жинақтарды ӛз бетімен
қарап, бағдарлап шығуға кӛмектесіп
қана қоймай, сонымен
қатар ӛнер тарихын ғылыми тҧрғыдан зерттеуге жаңа тҥрткі
болды.
1917 жылы Третьяков галереясының қҧрамында 4 мыңнан
астам экспонаттар болды.
1918 жылы 3 маусымда Третьяков галереясын мемлекет
мҥлкіне айналдыру туралы Халық Комиссарлар Кеңесінің
декреті қол қойған.
Галереяға тӛңкерістер кейінгі алғашқы жылдары жеке
шығармалармен қатар, халық игілігіне айналған тҧтас жинақтар
қабылдана бастады.
20-30 жылдардың басында
мәскеулік Руменцев музейінің,
Цветковский галереясындағы кӛркем сурет және графика жи-
нақтары, 20 жылдардың басында Мәскеуде пайда болған бір-
неше кішкене музейлер, сонымен қатар ХХ ғ. басындағы мҥ-
Әлем музейлерінің тарихы
114
сіншілер мен суретшілердің еңбектерінің барлығы осында
шоғырланған болатын.
Кеңес кезеңінде галереяның коллекциясы 12 есеге ӛсті, оның
ежелгі орыс ӛнері бойынша жинақтарының сапасы мен кӛлемі
жағынан әлемде ешкім тең келе алмайды.
Онда сақталған 5000 иконның ішінде аса қҧнды туындылар
Андрей Рублевтің «Троицасы» мен «Богоматерь Владимир»
иконасын ерекше атауға болады.
Галереяға Кеңес кезеңінде тҥскен ХVІІІ-ХІХ ғғ.
бірінші
жартысында және ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы сурет ӛнер
шығармалары ӛзінің қҧндылығымен ерекшеленеді. Олардың
қҧрамына: П.А. Федотовтың «Световство майора», А.А. Иванов-
тың «Явление Христа народу», В.А. Серовтың «Девочка с
персиками», т.б. шығармалары кіреді.
И.И. Левитанның «Весна – большая вода», В.Г. Перовтың
ертеректе салған еңбектері және В.И. Суриковтың кӛптеген
этюдтары және т.б. кӛптеген суреттер қосылған ХІХ ғ. ІІ жар-
тысындағы ӛнер экспозициясы да байи тҥсті.
Третьяков галереясының жинағына жылда ӛтетін кӛптеген
кӛрмелерден суреттер тҥсіп отырады.
Галереяның ғылыми-зерттеу қызметі ӛте жоғары дәрежеде
десе болады. Мҧнда асыл қазыналарды сақтау,
қорғау ісі,
реставрация бӛлімі кең ауқымды жҧмыс атқаруда.
Бҥгінде бҧл галерея келушілері кӛп ірі музейлердің бірі
болып табылады. Мҧнда жылына бір жарым миллионнан аса
келушілер келетін кӛрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: