Әлем музейлерінің тарихы оқу құралы


Осы пәнді оқуға мҥмкіндік беретін пәндер



Pdf көрінісі
бет6/54
Дата22.10.2022
өлшемі1,93 Mb.
#154592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
treatise18582

 Осы пәнді оқуға мҥмкіндік беретін пәндер:
«Ежелгі 
дҥние тарихы», «Шетелдердің жаңа және қазіргі заман 
тарихы», «Музей экспозициясы», «Музей ісінің тарихы», 
«Қазақстан музей ісінің тарихы». 
Пәнаралық байланыс, курстың басқа пәндермен байла-
ныстылығы: 
«Музей педагогикасы», «Әлемдік ӛнер тарихы»
 
және тағы 
басқа да теориялық, практикалық қатынаста болу пәнді оқыту-
дың жан-жақтылығын қамтамасыз етеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 


Әлем музейлерінің тарихы 

І БӚЛІМ
 
АНТИКА ДӘУІРІ КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫНЫҢ 
ЖИНАҚТАЛУЫ 
1 - тақырып 
 
Ежелгі Грекия ғибадатханалары мен олардың 
маңыздылығы 
Антика дәуірі коллекцияларының пайда болуы, кӛнедегі 
ежелгі дҥние тарихымен ҧштасады. Таңның атысымен адамдар ӛз 
тарихында ӛзін қызықтыратын, қажетті заттарды жинақтап, сақ-
тауға тырысқан. Африкада мҧхит аралдарынан археологтар нео-
лит дәуіріне жататын діни-нанымдарға қатысты заттардың қал-
дықтарын тапқан. Айталық, б.з.д. ІІ мың жылдықтан бастап Ур 
мен Қосӛзен аңғарларының қалаларынан ертедегі қаламгер жазу-
шылардың діни, ғылыми және әдеби мәтіндерінің саз балшық-
тарға жазылған клинопистерін жинағаны қазіргі таңда белгілі 
болып отыр. Осындай жолдармен б.з.д. VІІ ғасырда ӛмір сҥрген 
Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың ірі «Патша кітапханасы» 
жиналған. Британ музейінде Сиппар храмының іргетасынан жа-
зуы бар тақта табылған, осы заттардың бәрі алғашқы жинақтар 
болмақ.
Коллекциялардың жиналуы, негізінен, антикалық кезеңде
дамыған. Еуропа тарихы ҥшін антикалық дҥние ежелгі дәуірдің 
ерекше тҥрі, себебі антика мәдениетін еуропалық ӛркениеттің 
алтын бесігі деп текке атамаса керек. Ерте заманда 
философиялық ойдың негізгі бағыттары қаланды, ғылым 
мәдениеттің жеке бір саласы болып қалыптасты, сонымен қатар 
архитектура мен театрдың негізі, маңызды саяси категориялар – 
азамат, демократия, жеке тҧлға сияқты ҧғымдар пайда болды. 
Грек және латын тілдері қазіргі ғылыми терминнің негізіне 
айналды. Ертедегі грек және рим дәуірін жасаушыларды адамзат 
тарихының ғҧламалары деп атауға әбден болады. Егер 
антикалық коллекциялар болмаса, «музей» ҧғымы да болмас еді. 


Т.Н. Мұхажанова 

«Музей» атауын тарих бетіне енгізген ежелгі гректер бола-
тын. Оның сол заманда заттарды жинақтау ҧғымына еш қатысы 
болмады. Ежелгі грек сӛзі «мусейон» (museion) тікелей 
аударғанда «музаларға арналған орын», яғни музалардың қа-
сиетті орны деген мағынаны білдірген. Музалардың орны о 
бастан шіркеу қҧрылысында болмады, ал, керісінше, бҧрыннан 
белгілі бастаулар мен бҧлақтар қасиетті деп есептелгендіктен 
қҧрбандыққа шалатын орын кӛп жағдайда бақтарда, тау бӛктер-
лерінде, бастаулар мен бҧлақтардың басында болған. Кейін 
оларды ӛнер мен ғылымның қамқоршысы деп есептей бастады. 
Сол себепті де музаларды қҧрметтеу барысында ғалымдардың 
бір жерге жиналуына мҥмкіндіктер туды.
Шамамен б.з.д. 385 жылы Платонның атақты философиялық 
мектебі қҧрылып, оның қабырғасында тҥрлі ғылым салалары 
жинақталды. Осында муза ғибадатханасы – мусейон орналасқан 
және дәстҥр бойынша әр айдың бір кҥнінде, таңдаушылардың 
ортасынан «музаға қызмет жасаушылар» мен «қасиетті қҧрбан-
дыққа шалынатындар» тағайындалатын болған. Осындай 
мусейон Аристотельдің философиялық мектебі – Ликеде де бол-
ған. Аталмыш мектеп ҧлы ғалым қайтыс болғаннан кейін, оқу-
шысы Теофростың басшылығымен қҧрылған. 
Мусейондар біртіндеп әдеби басқосудың орталығына айнал-
ды, олар мҧрагерлік бойынша музаларға қызмет жасап, ақындар 
арасында шығармашылық сайыс ӛткізіп отырған. Осындай 
сайыстарда аты шыққан – Феспий ғибадатханасы. Осында бес 
жылда бір рет музаға арнап Мусей атты жалпы гректік мереке 
ҧйымдастырылған. Бҧл қасиетті жерде және оның маңайында 
кӛптеген қҧдайлардың мҥсіндері орналастырылған. Аталмыш 
мҥсіндер сол заманның танымал мҥсіншілері Кефисиод пен 
Проксиптелудің қолынан шыққан болатын, ол - Диониси қҧдай-
ының мҥсіні Мирон мен Лисиппаның туындысы, мәрмәр тасқа 
қашалған танымал Эрот (Купидон) Праксиетелдің қолынан 
шыққан, теңдесі жоқ туындыларды тамашалауға әлемнің тҥкпір-
тҥкпірінен келетін болған. 
Сонымен қатар осы жерде ақындардың арасынан музыка 
бойынша аты шыққандар: соқыр Фамирис сынған лираға қолын 
тигізіп тҧрғаны бейнеленген және фракиялық Орфейдің, 
Телетаның мҥсіндері, мәрмар мен мыстан жасалған жабайы 


Әлем музейлерінің тарихы 
10 
аңдардың әуенді тыңдаушы мҥсіндері сақталған. Бҧл 
мҥсіндердің барлығы қҧдайларға арналып, қҧрметпен жасалған. 
Кӛптеген жағдайда соғыстан жеңіспен оралып, жауды 
талқандағанда қҧдайларына сый ретінде, одан рух алатындай 
сезінгендіктен мҥсіндерді қҧйып жасаса керек. Табиғаттың 
тылсым кҥшінен бҧзылмай біздің кҥнге дейін тҥпнҧсқасы 
немесе кӛшірмелері де сақталып келген. Айталық, Берлин 
мемлекеттік музейінде шамамен б.з.д. 430 жылы жататын 
Кресилай есімді шебердің «Раненная амазонка» мҥсінінің 
римдік кӛшірмесі сақталған.
Археологтар Италияның оңтҥстік бӛлігінде Пестума жерінде 
орналасқан Гера храмына қазба жҧмысын жҥргізу барысында 30 
мыңнан астам кӛне қҧнды заттар тапқан, олар ӛз заманында 
шіркеу жинақтарының байлығын дәлелдей тҥспек. 
Гректерде бейнелеу мектебінің танымал туындыларын 
арнайы сақтайтын пинакотеки атты орындары болған. Пинаки 
(грекше pinax, pinacas) деп ағаш немесе теракт тақтайшаларына 
арнайы бояулармен орындалған картиналарды атаған. Грек 
шеберлері 
ондай 
туындыны 
энкаустика 
техникасында 
орындаған, бояулар воскпен езілген, ал дайын бояуды қатты 
жылытып жартылай сҧйықтықта негізгі тақтаға қатты қылқалам 
немесе арнайы қҧрал жаққан. 
Грек әлемінің атақты пинакотекасы афиналық Акрополь жар-
тастың ҥстінде 150 метр Афинадан биіктікте орналасқан, ӛз зама-
нында (б.з.д. 437 - 432 жж.) алдымен, жаудан қорғанатын бекініс 
және культтік қҧрылыс болған. Архитектор Мнесикл Акропольді 
Пропилейден әкелінген ақ тҥстегі мәрмардан жасаған. Ертедегі 
жазбалар бойынша Акрополь (б.з.д. ХVІ ғ.) Гомер кезеңінде 
бекініс ретінде пайдаланылған қҧрылыс ретінде сипатталған.
Акропольдегі кӛлемі жағынан ҥлкен 
қҧрылыс Афина қҧдайының храмы – Пар-
фенон. Парфенонды понттық мәрмардан б.з.д. 
447-432 жж. архитектор Иктин мен Калликрат 
тҧрғызған. Храмның ішкі орталығында Афина 
девасының мҥсіні орналасқан. Оның киімі, 
қарулары таза жалтыраған алтыннан, ал беті 
мен қолы аппақ піл сҥйегінен жасалған. 
Афина мҥсінінің авторы – Фиди есімді грек шебері. Афина 


Т.Н. Мұхажанова 
11 
мҥсіні ӛзін жасаушы тҧлғадан мың жыл артық ӛмір сҥрді. Фиди 
туындысының кереметтілігі соншалықты, тіпті қала басшылары 
мен жат жҧрт билеушілері Акропольде жалпы ішкі тепе-теңдікті 
(гармонияны) бҧзбау ҥшін басқа қҧрылыс салуға қолдары 
бармаған. Парфенон қазіргі таңның ӛзінде антика дҥниесінің 
керемет шебер туындысы ретінде кӛпшілікті таң қалдыруда. Ол 
мыңдаған жылдар мен ғасырлар бойында қалқып бара жатқан 
кеме сияқты.
Парфенон жӛнінде бірнеше том кітаптар мен монографиялар 
жазылған. Дегенмен тарихтан белгілі ХV ғасырда тҥріктер бҧл 
керемет қҧрылысты мешітке айналдырса, ал ХVІІІ ғасырда
қару-жарақ сақтайтын қойма жасаған. 
Қҧрылыстың соңғы тарихында 1687 жылдары Тҥрік-
Венеция соғысында Венецияның артиллериялық снаряды тҥсіп, 
екі мың жыл бойы уақыт жҧта алмаған Парфенонды қас-қағым 
сәтте қарумен кҥлін кӛкке ҧшырған.
Сонымен, қорыта келгенде, антикалық дҥниенің біздің кҥнге 
жеткен археологиялық ескерткіштерінің қҧндылығы, уақыт 
ӛткен сайын арта беретіні сӛзсіз. Сондықтан Парфенон сияқты 
кӛненің кӛзі табиғаттың кҥші мен емес адам қолымен қирағаны 
ӛкінішті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет