Әлем музейлерінің тарихы оқу құралы



Pdf көрінісі
бет14/54
Дата22.10.2022
өлшемі1,93 Mb.
#154592
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
Байланысты:
treatise18582

Сҧрақтар: 
1. Гуманизмді қалай тҥсінесіз? 
2. Қайта ӛркендеу дәуірінің хронологиялық шеңберін кӛрсетіңіз. 
3. ХVІ ғ. Еуропа мәдениетінің даму ерекшеліктері қандай? 
 
 
 
8 - т а қ ы р ы п 
Каир қаласындағы Египет музейі 
 
1850 жылы француз археологы Лувр музейінің ассистенті 
Огюст Мариет ертедегі қолжазбаларды сатып алу ҥшін Каирге 
келген. Ол аз уақытқа келгенмен, оны қҧмнан басы кӛрініп 
тҧрған сфинкс пен Каирдың цитаделі қызықтырған. Дәл сол 
кезде оның ойына Страбонның географиялық мәліметтері 
тҥседі: «Мемфиста Сарапис атты ғибадатхана бар, ол қҧмның 
дәл ортасында орналасқандықтан, оған желмен қҧм тау болып 
кӛмілген, осы таулы қҧмнан біз тек тӛбесі шығып тҧрған 
сфинксті кӛрдік, кейбіреулері жартылай кӛмілген, ал басқалары 
мҥлдем қҧмның астында». 
О. Мариет осы сфинкстердің артынан іздеп шығады. Кӛпте-
ген ауыр жҧмыстар мен бірталай жергілікті басшылықтардың 
бӛгеттерінен кейін, ол 141 сфинкстен тҧратын бақты ашады, 
олардың кейбіреулері 30 метрлік қҧмға кӛмілген. Бҧл бақ 
Мариетті Серепумдағы жерасты қасиетті ӛгіздер склептері мен 
әрқайсысы 65 тоннадан тҧратын қара немесе қызыл граниттен 
жасалған табыттарға алып келеді.
Сағанал ертеде тоналған, дегенмен қабырғада ӛгіздер жа-
йында мәліметтер қалған, онда олар қашан туылды, ӛмірлерінің 


Т.Н. Мұхажанова 
49 
барысында не болды, қашан ӛлді, жерлеу рәсімдері сияқты 
мәліметтер жазылған. Бҧл жазбалар тек діннің тарихымен ғана 
таныстырып қоймай, сонымен қатар Египеттің бҥкіл тарихы 
жазылған, Египет мәдениет пен ӛркениеттің бесігі деп аталуы 
бекер болмас. 
2500 жыл бҧрын ежелгі грек тарихшысы Геродот Нілге 
келгенде ол сол кездің ӛзінде Египет тарихының тҥп-тамырына 
жете алмай - аңыздар мен мифтердің тҧманынан шыға алмаған. 
Сонау заманда кейбір еуропалық халықтардың бабалары ҥңгір-
лерде ӛмір сҥргенде Египетте сол кездің ӛзінде тамаша сарайлар 
мен шіркеулердің, жер шаруашылығының дамыған, мемлекеттік 
қҧрылысы қалыптасқан, астрономия мен медицинасы шарық-
таған болатын. Египеттіктерден гректің атақтылары оқып 
ҥйреніп, олардың жемісімен Рим империясы қамтамасыз 
етілген. 
О. Мариеттің экспедицияларын жалғастыратын болсақ ол, 
Серапеум маңынан абыз Тидің мәйітін табады, оның қабырға-
ларында тамаша боялған рельефтер ертедегі египеттіктер қандай 
қҧралдармен жерді ӛңдегені, тасты қалай тҥзегені, қҧмыраларды 
жасауы, қандай қарулармен соғысқаны, тағамды қалай және 
немен дайындағандары, тоқыма тоқуы сияқты тҧрмыс- тіршілік-
тері кӛрсетілген. Қҧстар, ӛсімдіктер мен ҥй жануарлары сондай 
тірі жаны, бар сияқты болып тоқылған. Барлық жерде ӛзінің 
қҧлдарынан екі, бес есе ҥлкен болып Ти абыз бейнеленген. 
Одан кейін О. Мариет ӛзінің ашылуларын Эдфу, Карнаке 
мен Дейр-эль-Бахрид жерлерінде жалғастырды және оны бар-
лық жерде ежелгі Египет байлығының бақылаусыз тоналғанын 
кӛріп, қатты ашуланған. О. Мариеттің ҧсынысымен енді Египет-
те оның рҧқсатынсыз ешқандай қазба жҥргізілмейтін болып 
және табылған байлықтың жартысы музейге ӛткізілсін деген 
бҧйрық шығарады. Каир қаласындағы Египет музейі де О. Ма-
риеттің ҧсынысы негізінде ашылды. Египеттіктер қазіргі кҥнге 
дейін Француз ғалымы Огюст Мариетке шексіз алғыстарын 
білдіріп, музейдің алдына оған арнап ескерткіш орнатқан. 
Дегенмен Египет байлығының тоналуы жер-жерлерде тоқ-
талмады, 1881 жылы Гастон Масперо кӛп кешікпей музейлердің 
директоры болған кезінде, әріқарай пирамидалардың тоналуын 
тоқтату керек деп, қара базарда 19 бен 21 әулеттің біз кӛрмеген 


Әлем музейлерінің тарихы 
50 
бҧйымдарын сатып жҥр, осыны тоқтатып фараонның табытын 
табу керек деген ҧсыныс жасаған.
Египеттік және еуропалық полиция бірігіп тонаушыларды 
қолға тҥсіреді. Оны Абд-эль-Расул есімді Египет тҧрғыны мо-
йындап, алты жыл бҧрын Дейр-эль Бахр «Патшалар жазығынан» 
жартастан 11 метрлік лаз тауып, ол ҥңгірге саркофагтар мен 
мумияларға тура апарған. Бҧл жаңалық әлемге 1923 жылдың 
басында тарап, лорд Карнарвон мен археолог Говард Картер 
«Патша жазығынан» Тутанхамон фараонның табытын тапқан. 
17 адамнан тҧратын экспедиция мҥшелері Тутанхамонның 
жерленген камерасына кірген. Фараон жерленген камерадан 
Египет басшысының мумиясы мен ғажап байлығы табылған.
1924 жылы ағылшын экспедициясы тек алдыңғы камерадан 
34 контейнер толған әшекей бҧйымдар, қымбат тастар, 
алтыннан жасалған ӛнер туындыларын шығарған. Экспедиция 
мҥшелері қабірге кіргенде ағаштан жасалған, алтынмен 
жалатылған ковчег кӛрген, оның ішінде екінші еменнен 
жасалған ковчег, екіншінің ішінде ҥшінші алтынмен жалатылған 
ковчег, сосын тӛртіншісі тағы бар. Осы соңғы тӛртіншіде 
саркофаг табылған, ол табиғатта сирек кездесетін кристалды 
кварциттан жасалыпты, ал оның ішінде тағы бір таза алтын 
саркофаг болған. Осы саркофагта мумияланған фараонның 
денесі жатқан. Мумияның бетінде алтын маска, саусақтарында 


Т.Н. Мұхажанова 
51 
алтын сақиналар бар, мойнында екі қабатпен оралған алқа 
болған. 
Говард Картер мумияны орауынан босатқанда кӛптеген 
әшекей бҧйымдарын тапқан. Сонымен қатар қабірден тамаша 
жасалған кҥзетшілер мҥсіні мен патшаның кҥнделікті пайда-
ланатын алтынан жасалған заттары, оның ішінде алтын 
жалатылған екі арба, алтын тақ, шкафтар мен орындықтар бар. 
Дегенмен Тутанхамон Египеттің атақты фараондарының бірі 
болмаса да, осыншама байлықпен жерленген. Ол кезде ҧлы 
фараондардың мәйіттерін барынша жасыруға тырысқан, 
мысалы, ІІ Рамсесті айтуға болады. Қазіргі аңда Тутанхамонның 
байлықтары Египет сарайында, футбол алаңындай он ҥлкен 
залда орналасқан. Ғажап байлыққа таңқалған Картер саз 
тақтайшада жазылған «Вилы смерти пронзят того, кто нарушит 
покой фараона» атты сӛздер мен тас тҧмардың артына жазылған 
«Я тот, кто зовом пустыни обращает в бегство осквернителей 
могили. Я тот, кто стоит на страже гробницы Тутанхамона» 
қарғыстарға мән бермеген. Белгісіз бір себептермен экспедиция 
басшысы лорд Карнарвон Луксор жері мен табытты тастап 
Каирге кетіп қалған. Бір ай ӛткеннен кейін лорд қҧпия ауруға 
ҧшырап, тӛсек тартып жатып қалғаны жайында жайсыз 
хабарлар келе бастаған. Ӛлер алдында сандырақтап Тутанха-
монның есімін бірнеше рет қайталаған екен. Соңғы сәттерінде 
есін жинап, жҧбайына: «Міне, әйтеуір бәрі бітті. Дауыс мені 
шақырды» – деп қайтыс болған. Сол мезетте бҥкіл Каирде жа-
рық ӛшіп, бір минут қараңғыда қалған. Жарықтың ӛшу себебін, 
сол кезде ешкім тҥсіндіріп бере алмаған. Бірнеше айдан кейін 
экспедицияға қатысқан екі археолог-та бірінен кейін бірі қайтыс 
болған. Сол кезде Тутанхамонның қарғыстары жӛніндегі 
мәліметтерді естеріне тҥсірген. Осыдан кейін де ӛлімнің арты-
нан, ӛлім жалғасқан. Ағылшын кәсіпкері Джоэл Вулф архео-
логия саласына ешқашан қызықпаған, дегенмен Карнарванның 
қҧпия ӛлімі, оны патша жазығына баруға ынталандырған. Ол 
біршама уақыт фараонның камерасына кіріп аралап, еліне 
оралған. Джоэл Вулф Египетке барған саяхаты жайында 
ешкімге айтып ҥлгерместен, кӛп ҧзамай қайтыс болған. 
Сонымен, бірнеше жылдар ішінде фараон Тутанхамонның 
мумиясымен жҧмыс істегендер мен экспедиция мҥшелері, сол 


Әлем музейлерінің тарихы 
52 
кездегі атақты тарихшы, археолог, дәрігер, тіл мамандарынан 
тҧратын барлығы 22 адам қайтыс болған. Олардың әрқайсысы 
жеке-жеке қайтыс болған мен, ӛлім бәріне ортақ: дене қызуы, 
әлсіздік, есінен тану бәрі де қҧпия. 
Дегенмен экспедиция мҥшелерінің белгісіз бір себептермен 
қайтыс болса да, олар адамзат тарихына кӛне ӛркениеттің ошағы 
Египет пирамидаларының қҧпия сырын ашып, тарих ғылымы-
ның дамуына ӛте ҥлкен ҥлестерін қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет