Готика
Орта ғасыр аяқталар кезде пайда болған готикалық архитек-
тура – адам қиялы мен талғамы бҧрын ешқашан тудыра алмаған
қҧбылыстар.
Ӛркениет қҧрып кеткеннен кейін, талай ғасыр бойы жер
қойнауында жатқан ӛнер ғажайыптарын қайта табу, әрине, зор
қуаныш. Қайта ӛрлеу кезеңінде кӛне кездегі ӛте дәл пропор-
циялы мҥсінді немесе бейнелер салынған қҧтыны қазып алған-
дар сондай қуаныш сезіміне бӛленді, куанышпен бірге христиан
Т.Н. Мұхажанова
33
дінін уағыздаған фанатиктердің ертедегі жоққа табынушылар-
дың мәдени мҧрасын қорлағысы келгендеріне олардың зығырда-
ны қайнады. Шындығында, ортағасырлық ӛнер туындылары
жерасты болмаса да, тҥсінбестіктіңі зіл-батпан қатпары астында
ҧзақ уақыт қҧпия болып келді емес пе? Міне, енді сол ӛнерге жол
ашылып еді, оның әсемдігі классицизмнің мезі етер нормасынан
жалыққандардың жан-сезімі мен ақыл-ойын баурап әкетті.
Бҧл ӛнердің романдықтардан, тіпті ӛзгеше сипатта болғанын
Гогольдің ӛте дәл, жарқын пікірінен айқын аңғарамыз. Оның:
«сансыз кҥмбездер», «аса ҥлкен терезелер», «бітісе қиюласқан»,
«аспанға ҧшып бара жатқанда», «бірін-бірі қуалаған кҥмбездер»
деген сӛздерінің әрқайсысы оның романдық соборлар қабырға-
ларының монолитті сҧстылығына, ештеңе ӛткізбейтін беріктігі-
не жанаспайтын ҧғымды аңғартады.
Собордың зор тҧлғасы зіл-батпан ауырлықтан арылып, біз-
дің кӛзімізге жҧқалтаң тартқан сияқтанып кӛрінетін қабырға-
лардың іші ауаға толып, жеп-жеңіл нҧрлы дҥниедей әсер етеді.
Біздің эстетикалық сезім дҥниеміз архитектураны кӛбінесе
ҧйып тҧрған музыка» (Шеллинг), «ҥнсіз музыка» деп қабылдай-
ды. Музыкалық дарыны бар адам архитектуралық форманың
ҥнсіз әуенін ап-айқын ести алады.
Міне, XII ғасырда романдық стильден готикалық ӛнер бір-
жола ҥстем болуымен бірге француз музыкасындағы бір ҥнді-
ліктің орнына дауысты кҥрделі ӛнер ӛмірге келді.
Батыс Еуропа халықтарының ӛнері бірте-бірте жаңа сапаға
ауысқанда олардың тарихи дамуында қандай ӛзгерістер болды?
Кӛп жағдайлар ӛзгерді. Ірі феодалдар азайып, кедей
қалыпына тҥсті де, ірі монархиялардың қуаты артты. Кӛп ретте
корольдік билікпен бәсекелескен монастырьлер ӛзінің бҧрынғы
ықпалы мен ӛктемдігінен айырылды. Қалалар байи тҥсті. Жеке
басқару жҥйесі бар ірі қалалық қауымдар қҧрылды. Қала
тҧрғындары кӛбейіп, олардың қҧқықтары барған сайын арта
берді. Ақсҥйек-тердің қолӛнер цехтары мен басқа да
корпорациялардың саны кӛбейіп, маңызы артты. Мҧның бәрі
прогрессивті қҧбылыстар еді. Халықтың дҥниетанымы
бҧрынғыға қарағанда неғҧрлым саналы тҥрде жетіле тҥсіп, дін
басылар мен әкімдердің езгісінен азат бола бастады.
Батыс Еуропа халықтары ӛздерінің ерекше болмысын, кҥші
Әлем музейлерінің тарихы
34
мен мҥмкіндігін ҧғынды. Шіркеу адамға ӛз еркін ымырасыз қа-
таңдықпен тануға тырысты. Алайда дін қаншалықты ықпалды
болғанымен, ол адамға кӛңілдегідей білім бере алған жоқ.
Халықтың алдында кӛлденең тартылған сҧрақтарға дін жауап
бере алмады, сондықтан олар ӛздерінің кӛңілдерін жҧбатып,
шҥбәләрін кетірудің амалын діни догмадан гӛрі басқадан іздес-
тіре бастады.
Мемлекеттер нығайып, шаруаларды қанаушылық кҥшейе
тҥсті. Роман заманының кҥні бата бастаған кезде, француз
ақыны Бенуа де Сан-Мор шаруаға арнап: «Ӛзгелерге тамақ
тауып беріп, асырап жҥргендердің ӛздері қар мен жаңбырдың,
боранның астында кедейліктің тақсіретін кӛруде. Қҧдіретті
еңбегімен жер қопарғандар аштықтың зардабын тартуда. Олар-
дың ӛмірі ауыр азап пен қайыршылыққа толы. Ал мен, шынын
айтсам, сондай адамдарсыз ӛзгелердің калай ӛмір сҥрерін айта
алмаймын», – деп ӛкінішті толғау айтқаны бекер емес.
Шаруалар ҥстемдік етушілерге ерлікпен қарсыласты. Фран-
цияда, Германия мен Англияда аса зор кӛтерілістер бҧрқ етіп
шығып жатты.
Феодалдық идеологияның кҥні ӛте бастады. Жаңа туа
бастаған буржуазия сауда арқылы ҥздіксіз байи отыра, барлық
жағымды, нақтылы жайларға бейімділігімен мәдениетте, яғни
ӛнерде де ӛзінің тҥсінігі мен талғамын орнықтырды. Ерте дҥ-
ниенің, ҧлы философы, логиканың атасы Аристотельдің ғылыми
шығармалары латын тілінде ел-елге тарап, адамдардың ой-
ӛрісін ҧштауға аса зор ықпал тигізді.
Бҧрын монастырьлер жҥргізіп келген шіркеу қҧрылыстары
енді қала тҧрғындарының қолына кӛшті. Мҧның маңызы ҥлкен
еді. Біз жоғарыда кӛз жеткізгеніміздей, роман дәуіріндегі мо-
настырьлік ғимараттар ӛзінің кҥмбезі астына бҥкіл аймақтық
халқын жинай алатындай кҥшке ие болған. Қалалық қауымның
қаржысымен оларды тапсырысы бойынша салынған готикалық,
собор одан да ҥлкен ықпалға ие болды. Әдетте қҧрылысы мен
әшекейленуі ондаған жылдарға созылатын ғимараттар бара-бара
шындығында бҥкіл халықтық іс болып табылатын. Оның ҥстіне
ғимарат міндеті жҧртшылықтың мінәжатымен ғана шектелмей,
ол қоғамдық ӛмірдің тҥйінін шешуге де арналды. Мәселен,
қалалық соборда қҧдайға қҧлшылық етумен қатар универси-
Т.Н. Мұхажанова
35
теттік лекциялар оқылып, театр қойылымдары қойылатын, ал
кейде, тіпті парламент мәжілісі де ӛткізілетін. Ғимараттардың
ішінде ҥнемі бас қосып тҧратын діндар қауымдармен бірге
қарапайым халық та салтанатты собор маңына жиналып, діни
және ӛмірлік рәсімдер ӛткізіп тҧратын.
Қҧрылыс жҧмысы инициативасының монастырьлерден
қалаға кӛшуінің, тағы бір елеулі маңызы болды. Роман дәуірінде
шіркеу қҧрылысын негізінен тек монастырьде ғана жҧмыс
істейтін монахтар артельдері жҥргізетін. Ал готикалық кезеңде
қҧрылыс ісімен кәсіптік артельдерге біріккен қолӛнершілер
шҧғылданды. Олар кӛп ретте нақты бір қалаға қарамайтын. Сон-
дықтан олар қай жерде қҧрылыс жҧмысы жҥріп жатса, сол
жерден табылатын. Бҧл жағдай жаңа готикалық архитектураның
жер-жерлерге кең таралуына ықпал етті.
Артельдердің ҧйымдастырылуы кӛңіл аударарлық жай еді.
Оның себебі қҧрылыс жҧмысына мҥлде қатысы жоқ «еркін тас
қалаушылардың» (франкмассондардың) философиялық-саяси
қауымдастығының сол артельдерден кӛп нәрсені пайдалана біл-
гендігінде ғана емес.
Германияда пайда болып, одан кейін Франция мен Англияға
тараған артельдердің немесе тас қалаушылар жолдастық ҧжым-
дарының басқа да цехтық бірлестіктерден ӛзіндік ерекшеліктері
болды. Олардың мҥшелері ӛздерін аса ғажап архитектура ӛне-
рінің қҧпиясын меңгерген және оның сырын басқаға ашпайтын
туысқандармыз деп есептеді. Олар ҥсті жабық ложаларға (ал-
ғашқыда шеберханалары солай деп аталып, кейін ол атау
артельге кӛшкен) жиналатын да шеберлер, олардың кӛмекшілері
және ҥйретушілер болып бӛлініп, бәрі аға шебер мен ерекше
капитульге бағынатын болған. Ложаға кірерде ҥйренушілер ӛз-
дерінің жолдастыққа адалдығы және қҧпияны қатаң сақтайтыны
жайлы ант беретін болған. Мҧның бәрі орта ғасыр тас қалау-
шыларының әркім меңгеріп кете алмайтын ӛздерінің ӛнеріне аса
ҥлкен мән бергенін дәлелдейді. Осылай қалыптасқан ҧғым
оларды шіркеулік доктринаның теңестіру шеңберінен шығып,
аса ірі қҧрылыс жҧмысын жҥзеге асыруға шабыттандырып
отыр. Олар қҧрылысты шіркеу талабына орайлас жҥргізгенімен,
ӛзіндік дҥниетаным таңбасын қалдырып отырған.
Тағы да Гогольдің сӛзін келтірейік. Ол орта ғасырды:
Әлем музейлерінің тарихы
36
«...готикалық алып ғимараттай қҧдіретті, оның сатыланған кҥм-
безі, алуан тҥсті терезелердей жарқырау, әсемдікке пайда-
ланылған ӛрнектері ҥйме-жҥйме, ойып жасалған ҧшар басы
бҧлтпен таласа аспанға кӛтеріліп бара жатқандай асқақ», – деп
сипаттайды.
Жоғарыда айтып кеткен гуманизм тҧрғысындағы ойымызды
жалғастыратын болсақ, жаңа таптық идеологтары – гуманистер
феодалдық қоғамның соқыр сенімдеріне, шыққан тегімен мақта-
нуына сынай қарады. "Адамгершілік, – деп жазды Италия гума-
нисті Поржо Браччолини ӛзінің "адамгершілік туралы" тракта-
тында, – ізгіліктерден шығатын қосынды іспетті, ол ӛз иелеріне,
олардың қандай тектен шыққандығына қарамастан, жарқыраған
ӛң береді. Даңқ пен адамгершілік бӛгде адамның емес, ӛз баста-
рының еңбектерімен, біздің ӛз басымыздың еркінің нәтижесі бо-
лып табылатын іс-әрекеттермен ӛлшенеді. Ол: «адамның адам-
гершілігі оның шыққан тегінде, оның ӛз басының еңбегінде.
Бізден кӛп ғасыр бҧрын әрі біздің ешбір қатысуымсыз
болғандардың біздерге қандай қатысы бар» – деп сендірді.
Гуманистердің бҧл кӛзқарастары феодалдық қоғамның таптық
қҧрылыспен орнықтырған феодалдық-шіркеулік идеологияның
негіздерін кҥйретті.
Алдағы ӛткен дәуірдің феодалдық-шіркеулік мәдениетінің
философиялық және моральдық кӛзқарастарынан аулақ кете
отырып, гуманистер шіркеулік дҥниетанудан іргесін тҥпкілікті
аулақ салмады. Олар шіркеуге ашық бой кӛрсете алмады. Гума-
нист жазушылардың шығармаларында шіркеу қызметкері мен
монахтарды кӛптеп келемеждеуді табуға болады, бірақ бҧл қала
мен халық әдебиетінің ескі сарыны болатын. Ертедегі
буржуазиялық мәдениет католик шіркеуімен оңай ҥйлесіп кетті.
Кӛптеген гуманистер дін қарапайым "білімсіз" халық ҥшін
қажетті тірек деп санады да оған ашық қарсы шығудан бойын
тежеді. Бҧдан басқа олардың ӛздері де дҥниеге діни кӛзқарас
ықпалынан ақыр аяғына дейін арылмаған еді. Сондықтан да
олар католицизмге атеизмді де, жаңа діни ілімді де қарсы
қоймады. Гуманистік мәдениет қамқоршылары арасынан біздің
кейбір папаларды кӛруіміз де кездейсоқ емес. Дегенмен жаңа
дҥниеге және индивидуалистік дҥниеге кӛзқарастар феодалдық
дін мен идеологиялардың ең негіздерін шайқалтты.
Т.Н. Мұхажанова
37
Кӛріп отырғанымыздай, гуманистік дҥниетанымның қалып-
тасуына тҥрлі мамандықтағы, тҥрлі әлеуметтік дәрежедегі
адамдар, сол дәуірдегі қала интеллигенциясы – ақындар, фило-
софтар, филологтар, суретшілер, адам және адамзат дҥниесін
ӛздерінің зерттеу объектісі еткен білім салаларының ӛкілдері
ҥлес қосты. Олардың гуманистер, ал жаңа танымның гуманизм
деп аталуы да осыдан. Гуманистер озық ойдың еркін дамуына
кедергі жасайтын ортағасырлық моральға сҥйенген дәстҥрлер
мен догмалық ережелерді сынады, сӛйтіп ғылыми-зерттеу
еркіндігіне жол ашылды. Соның нәтижесінде шынайы ғылым
болып табылатын әдебиет пен ӛнер туды. Гуманистер ӛздерінің
жаңа дҥниетанымын баянды ету жолында орта ғасырда ӛрескел
бҧрмаланған кӛне мәдениетпен табысты. Қайта ӛркендеу дәуірі
одан ӛзі тумалас аспектіден адал гуманистік (адамгершілік) рух,
табиғат пен адамды зерттеуге негізделген мінез-қҧлық және
сҧлулық нормаларын тапты. Бірақ Қайта ӛркендеу дәуірі жай
ғана кӛне мәдениетке оралу емес. Қайта ӛркендеу мәдениетінің
дамуына ҧлттық дәстҥрмен тығыз байланыста болуы кӛне
мәдениеттен кем әсер еткен жоқ. Гуманистер Э. Роттердамский,
Рабле, М. Мотлер ортағасырлық білім беру жҥйесін тыңғылық-
ты сынап, жоғары парасатты, қажырлы адамгершілік қасиеттері
мол адамды тәрбиелеуді мақсат етті. Олар оқушыларды латын,
грек авторларының шығармаларымен таныстыруды мектептің
ең басты міндеті деп санады.
Рабле, Монтель, Мор сияқты гуманистер антика тарихы мен
әдебиетін оқытумен бірге мектептерде математика, астрономия,
жаратылыстану ғылымдарын міндетті тҥрде оқытып, адамның
әртҥрлі іс-тәжірибесін ҥйретуді де қажет деп есептейді. Гума-
нистер оқу мен тәрбиенің мақсатын жаңаша оқыту әдістері мен
тәсілдеріне кӛптеген жаңалықтар енгізді. Гуманизмнің дамуына
орай утопист социалистердің ілімі қалыптаса бастады. Бҧлар
капитализмнің кеселдерін аяусыз шенеп, жеке адамның
кемеріне келуі ҥшін жеке меншіктен әлеуметтік теңсіздікті жою
қажеттігін дәлелдегендері туралы жоғарыда тоқталған болатын-
быз (Т. Мор, Т. Кампанелла, Р. Оуэн, т.б.). Бірақ олар халықпен
тығыз байланыста болмады, қоғамдық тап кҥресі идеясын жоққа
шығарды. Олардың гуманизмі идеяға негізделген, енжар гума-
низм еді. Ал осының негізінде қалыптасқан социалистік гу-
Әлем музейлерінің тарихы
38
манизмнің ең басты мазмҧны - қоғамдық-әлеуметтік экономи-
калық ӛзгерістер жасау идеясы. Бҧл жерде әңгіме еңбектің
сипаты мен жағдайын ӛзгерту, ӛндірісті адамдардың материал-
дық және мәдени қажеттерін қанағаттандыру әрі әлеуметтік,
саяси және ҧлттық теңдікке жету мҥддесіне, индивидуализмді
жеңуге бағындыру жайлы болып отыр.
Гуманизмнің ең жоғарғы формасы - коммунизм. Коммунизм
тҧсында жеке адамның барлық кҥш-қабілетінің жан-жақты
дамуына тарихта тҧңғыш рет мҥмкіндік пайда болады. Оған
әлеуметтік еңбек бӛлінісін тҥгел жою, барлық игілікті тепе-тең
бӛлу, еңбекшілерді қоғамдық ӛмірдің барлық саласына қатыс-
тыру арқылы жетуге болады. Осындай идеялар қоғамда орын
алғандығын ӛз еліміздің тарихынан да жақсы білеміз. Мысалы,
кеңестік кезеңінде теңдестіру, бӛлінбеу сияқты идеялар орын
алған болатын. Олардың қалыптасқан ӛмірде қаншалықты
тиімді - тиімсіз екендігін тарих ӛзі бағалады, яғни бҧл идеяға
негізделген қоғамның жан-жақты дамуға мҥмкіндігі жоқ. Оған
тек біржақтылық қана тән. Ал ол ӛз кезегінде мҥмкіндіктің
толық ашылуына кедергі жасайды. Келесі идеялық негіздің бірі
– реформация. Реформация – Еуропада ХVІ ғасырдың бірінші
жартысында протестантизм негізін салған антифеодалдық және
антикатоликтік қозғалыс. Реформацияға тарихтағы алғашқы, әлі
жетілмеген буржуазиялық революция деп те баға береді.
Реформация барысында буржуазиялық ақсҥйектердің кейбір
топтарымен одақтаса отырып феодалдық қҧрылыстың негізіне
айналған, католиктік шіркеудің ҥстемдігіне қарсы шықты.
Германияда басталған реформация біраз Еуропа елдерін қам-
тыды. Сӛйтіп, Англияны, Шотландияны, Данияны, Швецияны,
Норвегияны, Нидерландыны, Финляндияны, Швейцарияны,
Чехияны, Венгрияны католиктік жҥйеге шығуға душар етті.
Реформация шіркеудің мәнін тӛмендетті, арзандатты, қарапа-
йымдатты, адамның сенімін діншілдіктің сыртқы кӛрінісінен
жоғары қойды. Ол буржуазиялық моральдың нормаларына діни
негізделген болатын. Реформация жеңген елдерде шіркеу билігі
қҧлдырап, мемлекеттің тәуелділігіне ҧшырады. Католиктік
елдермен салыстырғанда мҧнда ғылымның, жалпы зиялылық
мәдениетінің дамуына жеңілдік туды. Жаңа діннің ҧлттық
сипаты буржуазиялық ҧлттардың қалыптасуына сай болды.
Т.Н. Мұхажанова
39
Реформацияны Еуропада ХVІ ғасырда кең ӛріс алған, фео-
дализмге, католик дініне қарсы бағытталған, әлеуметтік-саяси
бағыт екендігіне тоқталдық. Сонымен бірге реформациялық
қозғалыстың ӛрістеуіне байланысты христиан дінінің протестан-
тизм деп аталатын тарауы қалыптасты. Кез келген қозғалыс,
оқиға, даму сияқты реформацияның да қалыптасуының ӛзіндік
алғышарттары бар. Ол қайта ӛркендеу дәуірінің ерекшелікте-
рімен де байланысты. Реформацияның шығуы феодалдық
қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісіп, оның
ӛндірістік қатынасының әлсіреп, соның негізінде капиталистік
қатынастың пайда болып ӛрши бастауымен байланысты еді. Бҧл
жаңа бағыттың идеологиялық негізін салуда дҥниеге
ортағасырлық кӛзқарасты ақыл-ой парасаттылығы мен
гуманизм тҧрғысынан сынаудың, дінге қараудың нәтижесінде
пайда болып, кең тараған. Неміс мистиктерінің әсері ӛте ҥлкен
болды.
Реформация шіркеудің маңызын тӛмендету мақсаты мен
христиан дінінің кӛптеген табыну тҥрлерін жеңілдетті, оған
демократиялық сипат беріп, діншілдіктің сыртқы кӛріністерінен
гӛрі іштей сену тҥріне ҥлкен мән берді. Бҧл сайып келгенде,
буржуазиялық моральдық нормаларын қабылдауға жол ашу
болатын. Реформация жеңген елдерде шіркеу мемлекеттен
тәуелді болып, католик елдеріндегі ықпалы мен беделінен
айрылды. Мҧның ӛзі ғылымның, жалпы шын мәніндегі мәде-
ниеттің ӛркендеуіне жол ашты. Жаңа діннің ҧлттық тҥрі бур-
жуазиялық ҧлттың қалыптасуына жәрдемдесті. Таптық тҧрғы-
сынан алып қарағанда реформация біркелкі қозғалыс бола
қойған жоқ, болуы да мҥмкін емес еді. Себебі онда дворяндар
мен бюргерлер лагерімен қатар шаруалар мен қала кедейлері
(плебейлер) лагері де болды. Кейінгі топтың ӛкілдері тек
сословиелік теңсіздікке, дворяндарға қарсы кҥресіп қоймай,
тіпті жалпы дәулет (ауқат) теңсіздігіне қарсы кҥрес жҥргізді.
Католиктер реформацияға контрреформациямен жауап беріп,
протестантизмнің Еуропа қҧрлығында одан әрі тарауын тоқ-
татты, тіпті Францияда оны жойып та ҥлгерді. Жалпы алғанда
реформизм феодализмнің іргетасын қатты сілкінткен про-
гресшіл қозғалыс болды. Ол Нидерланды мен Англияда бастап-
қы буржуазиялық реформациялардың туына айналды. Батыс
Әлем музейлерінің тарихы
40
және Орталық Еуропаның бірқатар елдерін қамтыды. Тар және
тура мағынасында реформация – протестанттық рухта діни
қайта ӛзгертулерді жҥргізу. Реформация алып келген ортақ және
терең себептердің бірі – ӛндірістің феодалдық әдісінің кҥйреп,
жаңа
капиталистік
қатынастар
мен
жаңа
таптардың
қалыптасуының
және
әлеуметтік
саяси
қарама-
қайшылықтардың шиеленісуімен байланысты әрі реформация
феодализмге берілген алғашқы соққы еді. Ортағасырлық
идеологиядағы діни сипаттың басымдылығына байланысты
феодалдық қҧрылыстың бӛлінбес бӛлшегі саналған шіркеуге
бағытталды. Қайта ӛрлеу дәуіріндегі гуманистік қозғалыстар
ӛзінің ортағасырлық сыни дҥниетанымымен және буржуазиялық
индивидуализм принциптерінің бекуімен, реформацияның
идеалық
дайындығы
болды.
Сонымен
ортағасырлық
реформация бірден - бір ересьтер кӛзі болғаны туралы жоғарыда
айтылды. Әлеуметтік қақтығыс жағдайында дамыған ересьтік
оқудан (лоулард – Англия, янгус – Чехияда) реформацияның
кӛптеген идеялары негіз алды.
Реформация идеологтары адам ӛз кҥнәсы айырылу ҥшін, ӛз
нанын кҥнәдан азат алу ҥшін шіркеудің кҥшін қажет етпейді.
Азат ету адамның сыртқы дҥниелігімен емес, оның ішкі таза
сенімімен байланысты деген оқулардың негізін қалады. Осылай-
ша, католиктік шіркеудің де, басында папа тҧрған иерархиясы-
ның да, арнайы әлеуметтік тап ретіндегі діни адамдардың да
қажеттілігі жоққа шығарылды. Католицизмнің кҥнәні кешіру
идеялары, сонымен бірге индульгенция да жоққа шығарылды.
Кейінгі Қайта ӛрлеу дәуірінде ренессанстық идеялар мен
нормалар едәуір ӛзгерістерге ҧшырады, ӛзінің антифеодализмге
және шіркеуге қарсы әрекетіне сай таза халықтық негізде туып,
халықтық дәстҥрлермен тығыз байланысты болған Қайта ӛрлеу
дәуірінің мәдениетінде ақсҥйектік ҥрдістер етек алды. Қайта
ӛрлеу дәуірі гуманистік мәдениетінің дағдарысы оның «ақсҥ-
йектену» маниеризмінің (Италияда) және соған стильдес бағыт-
тарының пайда болуынан айқын кӛрінді. Сонымен қатар кейінгі
Қайта ӛрлеу дәуірінің гуманизмі оның аса кӛрнекті ӛкілдері
У.
Шекспир,
М.
Сервантес
шығармаларында
ӛмір
қайшылықтарын («трагедиялық гуманизм») кӛрсету арқылы
байи тҥсті. Жаңа жағдайларға сәйкес Қайта ӛрлеу дәуірі
Т.Н. Мұхажанова
41
мәдениетінің орнына жаңа бағыттар бой кӛтерді: барокко,
классицизм және т.б.
Саналы қоғам қҧру мақсатында және Қайта ӛрлеу дәуірінің
ӛзіндік ерекшелігі - ғылым, білімнің дамуына байланысты ағар-
тушылыққа кӛп кӛңіл бӛлінген. Ендігі жерде, Қайта ӛрлеу дәуірі
ойшылдарының ағартушылық кӛзқарастарына тоқталған жӛн.
Қайта ӛркендеу дәуірі Еуропа елдерінің мәдени және идея-
лық ӛмірінде аса зор прогрестік рӛл атқарды. Дҥниежҥзі мәде-
ниетінің мәңгі қҧнын жоймайтын озық ҥлгілері осы кезеңде
жасалды.
Қайта ӛркендеу дәуірінде осы дҥниенің рақатын бекер деп
санаған орта ғасыр аскетизмнің орнына ӛмір қуанышы мен жі-
гер-қайраты мол, парасатты адам туралы ілімдер етек алды. Ол -
жоғарыда ӛзіміз тоқталған гуманизм ілімі. Соның ішінде, әсі-
ресе ағартушылық мақсаттағы жҧмыстар кӛп жасалынды. Саяси
білімдер мен саяси кӛзқарастар, ағартушылық-философиялық,
педагогикалық білімдер жинақталып, театр, ӛнер мен
архитектурада елеулі ӛзгерістер орын алды. Мысалы,
педагогикаға тоқталсақ, гуманистер балалардың дене тәрбиесіне
ерекше кӛңіл бӛліп, оларды гимнастикалық және әскери
жаттығулармен
шҧғылдандыру,
жҥзуге,
шабандоздыққа,
сайысқа, аңшылыққа, кҥреске, мергендікке ҥйрету қажет деп
тапты.
Сурет, музыка, мҥсіндеу ӛнерлері арқылы, оқушыларға
эстетикалық тәрбие беруді ҧсынды. Гуманистер оқу-тәрбие
жҧмысының ең басты мақсаты – адамгершілікке тәрбиелеу.
Онсыз ешбір білімнің игілікті болуы мҥмкін емес дейді. Олар
балаларды қадір тҧтуды жақтап, қатал тәртіпке жазалауда мек-
тептегі балаларға қол жҧмсауға қарсы шақырды. Гуманистердің
балаларды тәрбиелеу ҥшін қойған талаптары аристoкраттар мен
буржуазия балаларын тәрбиелеуге арналды. Тек кейбір
гуманистер ғана (мысалы, Т. Мор) тарихта бірінші рет бҥкіл
халықтың мҥддесіне сай ерлер мен әйелдерге тең қҧқылы оқу,
ана тілін оқыту және лекция заңдары мен музейлер
ҧйымдастыру арқылы ересектердің білім алуына мемлекеттің
жағдай жасауын талап етті.
Қайта ӛркендеу дәуірі термині бірінші рет ХVІ ғасырдың
орта кезіндегі Италия суретшісі және ӛнер зерттеушісі Уазари-
дің еңбектерінде кездесіп, кейіннен ғылыми әдебиетте берік
Әлем музейлерінің тарихы
42
орын алды. Қайта ӛрлеу дәуірі философиясының идеялары сол
дәуірдің экономикалық және саяси әлеуметтік жағдайларына,
феодализмнің дағдарысы мен капитализмнің туа бастауына
байланысты тҥсіндіріледі. Қайта ӛркендеу дәуірінің философия-
сы ХVІ-ХVІІ ғасырларда Италияда (Н. Кузенский, Валла, Пико-
делла, Мирандолло, Леонардо да Винчи, Талезно, Бруно Гали-
лей, Каруано, Макиавелли, Компонелло, т.б.) ХV-ХVІ ғасыр-
ларда Францияда (Монтен, Рамэ, Шаррон, Лефевр д Этапль,
Доле, т.б.), ХV-ХVІІ ғасырларда Германияда (Мюнцер, Рейхлин,
Гуттен, Эс Франк, т.б.), ХVІ-ХVІІ ғасырларда Англияда
(Т. Мор, Ф. Бэкон), ХVІ ғасырлардағы Испанияда (Вивес, Уарте,
т.б.), Голландияда (Эразм Роттердамский т.б.), Швейцарияда
(Парацэллэс), Польшада (Коперник, т.б.), Чехияда (Каменский,
т.б.) кең ӛріс алды.
Қайта ӛркендеу дәуірі философиясының идеялық қайнар кӛзі
тек антика мәдениеті мен философиясы ғана болып қойған жоқ,
оған ертедегі басқа да мәдениеттер мен ілімдердің, әсіресе орта
ғасырдағы дінге қарсы саналы ой мен кҥрестің де ықпалы зор
болды. Сонымен қатар Қайта ӛрлеу дәуірінің философиясына
материалистік нышанға бай ғылыми табыстарға негізделген
араб философиясы мен ғылымы кҥшті әсер етті. Қайта ӛрлеу
дәуірі философиясы гуманизмы идеологиясы негізінде дамыды.
Сол кездегі жеке адамның, ӛскелең талап-тілегіне сай
келетін гуманизм Қайта ӛрлеу дәуірі философиясындағы ең
маңызды салаға айналды. Қайта ӛрлеу дәуірі философиясында
материалистік бағыт сол кездегі ҧлы жаңалықтардың және ХV-
ХVІ ғасырлардағы ӛнер мен техника ӛндірісі жаңа салаларының
ӛркендеуі нәтижесінде қалыптасты. Қайта ӛркендеу дәуірі
философиясы феодализмнің дағдарысқа ҧшырап, капитализмнің
пайда болған дәуіріндегі идеологиясы болғандықтан оның ӛзіне
тән мазмҧны, мағынасы болды. Экономикалық және саяси
әлеуметтік салалардағы ескі мен жаңаның кҥресі Қайта ӛрлеу
дәуірі философиясында гуманистік этика, утопиялық социализм,
натурфилософия мен гносиологиядағы материалистік бағыт,
идеализм мен діни кӛзқарасқа қарсы кҥрес ретінде қалыптасады.
Бҧл кезеңнің кӛрнекті ӛкілдері Галилей мен Ф. Бэкон ғылым
мен философиядағы жаңа кезеңді бастайды. Қайта ӛркендеу
дәуірінің ойшылдары шексіз материалдың, дҥиенің ешбір
Т.Н. Мұхажанова
43
сыртқы кҥштің қҧдіретінсіз-ақ ӛзіндік заңдылықпен, себеп-
салдар байланысы арқылы ӛздігінен ӛмір сҥреді деп тҥсіндіруге
тырысты.
Қайта ӛркендеу дәуіріндегі философиясында табиғаттың бір-
тҧтастығы дҥниенің мәңгі қозғалыста ӛзгерістерге ҧшырауы
жӛнінде диалектикалық ой-ӛріс алып, дами бастады. Толершо:
«Дҥниедегі барлық ӛзгеріс қарама-қарсы кҥштердің кҥресі арқы-
лы болады», – дейді.
Ал енді әдебиетке келсек, ағартушылықта атқарар рӛлі аз
емес. Қайта ӛркендеу дәуірінің әдебиеті, ең алдымен, Италияда
қала мәдениетінің қарыштап дамуына байланысты ӛркендей
бастады. Бҧл кезде (XIII-XIVғғ.) Италияның ҧлы ақыны,
«Қҧдіретті комедияның» авторы
Данте Алигьри
итальян
халықтық тілінің қорғаушысы және ҧлттық бірліктің жаршысы
ретінде кӛрінді. ХIV ғасырда Петрарка ӛзінің жасаған
лирикалық, "Сонеттерінде" шындық пен адамгершілікті
мадақтады, адамның асыл сезімін, ізгі мҧратын жырлады.
Классикалық новелланың негізін салушы Боккаччоның
жоғарыда аталған "Декамерон" атты шығармасын осы тҧста да
атап ӛткен дҧрыс. ХV-ХVІ ғасырларда пародия жанры едәуір
дамыды. Қайта ӛрлеу дәуірі кезінде Германияда әдебиет негізі
сатиралық арнада (С. Бранд, Т. Мюнцер, т.б.) ӛркендеп,
пародиялық
шығармаларда
надандық
пен
озбырлық,
арамтамақтық пен дҥниеқоңыздық сынға алынды. ХVІ ғасырда
Франция әдебиеті (К. Маро, П. Ронцар, Б. Деперье, т.б.)
гуманистік идеяны ту етіп, халықтық мҥддені жақтады. Ф. Рабле
"Гаргантюа мен Пантагрюэль" атты романында халық ӛмірін
терең гуманистік махаббатпен суреттеді. Қайта ӛрлеу дәуірінің
идеялары Испанияда М. Сервантес шығармасында («Дон
Кихот» романы, т.б.) айқын кӛрінді. Англияда Д.Ж. Лосер, К.
Марло, В. Шекспир, П. Джонсон т.б. шығармаларында Қайта
ӛркендеу дәуірінің шындығы терең бейнеленген.
Сонымен қатар Қайта ӛркендеу дәуіріндегі ҧлы ӛзгерістер,
әсіресе архитектура мен бейнелеу ӛнері саласынан айқын кӛрін-
ді. Онда ортағасырлық діни мҧраттар мен догмалық шартты-
лықтарға жҧртшылықты дҥние мен адамды жете танып білуді,
ӛмірді, адам мен оның жасампаздық кҥш-қабілетін қарсы қою
басты мақсатқа айналды. Дҥниені танудың объективтік заңда-
Әлем музейлерінің тарихы
44
рын танып білуге деген қҧштарлық, Қайта ӛркендеу дәуіріндегі
ӛнерге сай сындарлы сипат бере отырып, дҥниежҥзі ӛнерінің
жаңа бағыт-бағдарын жасады. Ортағасыр ӛнер шеберлері Д.
Альгери («Қҧдіретті комедияның» авторы) Италья халық тілін
қорғаушысы және ҧлттық бірліктің жаршысы ретінде кӛрінді.
ХIV ғасырда жасаған Петрарканың лирикалық «Сонеттерінде»
шындық пен адамгершілікті мадақтады, адамның асыл сезімін,
ізгі мҧратын жырлады. Классикалық новелланың негізін салушы
Боккаччо жоғарыда аталған "Декамерон" атты шығармасын осы
тҧста да атап ӛтпесек болмайды.
Қайта ӛрлеу дәуірінің архитектура және бейнелеу ӛнері
алғаш Италияда пайда болып, бірте-бірте шырқау биікке
кӛтерілді. Оның алғашқылары XIII ғасырдың екінші жартысы
мен ХIV ғасырдың басында ӛмір сҥрген Никколо Туано,
Арнольдо ди Камбио және кескіндемеші Пьетро Каваллини
болды. ХVІ ғасырда пайда болған гомикалық реакцияны Қайта
ӛркендеу дәуірінің ӛнерін біршама теңегені мен тҥбегейлі
тосқауыл бола алмады. ХV ғасырда Қайта ӛркендеу дәуірінің
ӛнері, әсіресе Флоренцияда жоғары сатыда дамыды. Италия мен
бастапқы Қайта ӛрлеу дәуірінде сәулет ӛнері (Ф. Прунеллески,
Микелаццо, Элбатиста Альберти, Б. Росселино, Джулино де
Сангалло) алғаш Флоренцияда етек алды. Бҧл дәуірдегі
архитектура ӛнері ғимарат салу ісіндегі мол тәжірибені
шығармашылықпен ілгері дамыта отырып, оны саңқырлы
сипаттағы жаңалықтармен байытты.
Динамикалық жағынан
кҥрделі болып келетін готикалық қҧрылыстарға қарағанда
қҧрылымы айқын әрі жинақы интерьері кең, жарық ғимараттар
тҧрғызу Қайта ӛркендеу дәуірі архитектурасының басты
жетістігіне айналды. Кӛне дәуірдің ордерлер жҥйесін
шығармашылықпен алуан тәсілде қолдану қайта ӛрлеу дәуірінде
архитектураға жаңа сипат, кӛркемдік сапа әкелді. Алып фасатта
сарайлар, терастар, виллалар, әсем лоджалар мен портиктер,
еңселі аркалар осы дәуір архитектурасының ӛз ерекшелігін паш
етті. Қҧрылысты жҥйелі жоба бойынша салу алаңдар мен
аудандарды, кейде бҥтіндей қаланы ансамбльдік тҧтастыққа
тҧрғызу қала салу ісінің жаңа мҥмкіндіктерін туғызды. ХV
ғасырда Италияға кең қанат жайып, ӛз бойындағы ортағасырлық
сарқыншақтардан арыла бастады. Мҥсін ӛнерінде (Г. Либерти,
Т.Н. Мұхажанова
45
Донателло, Якобо Делло, Кверчо, Роббиа, Дезидерио да
Сеттиньано, Бенедето да Майано) мҥсін, рельеф, бюст
қабырғалық қҧрылыс тас, альтарлық композиция, ат
бейнеленген ескерткіш тағы да басқа ӛріс алды. Ал бейнелеу
ӛнерінде иконалардың орнына сурет салуға мықты бетбҧрыс
жасалынған болатын. Сонымен қатар фрезка ӛнері шырқау
шыңға кӛтерілді. ХV ғасырдағы Италия суретшілері ӛзінің
ӛміршеңдігімен кӛзтартар тҧтас бір кезеңді бейнелеген шынайы
ғажайып туындылар жасады.
Қайта ӛркендеу дәуірінің ӛнерінде ӛткір дағдарыс пен дра-
матизм тоқырау сияқты ішкі қайшылықтар болып отырды.
Осының салдарынан ӛнердің саналуан тҥрлері біркелкі дами
алмады. ХVІ ғасырдың екінші ширегінің ӛзінде-ақ бҧл ӛнер Ита-
лияда дағдарысқа ҧшырады. Мҧны Микеланджело мен Гицион
шығармасының соңғы кезеңіндегі туындыларынан айқын
аңғаруға болады. Қаһарман кҥресі мен оның сӛзсіз қазаға ҧшы-
рауы, ҥмітсіздік пен адам кӛңіл-кҥйінің саналуан драматизмге
толы сәттері осы кезең суретшілерінің ӛзекті тақырыбына
айналды. Кезінде готикалық ӛнердің туын тіккен Бургундиядан
ХIV-ХV ғасырларда Жан Малуэль, Акри, Белгиоз, Клаус,
Слютер сынды қылқалам шеберлері мен мҥсіншілер шығып,
Нидерланды мен Францияда шынайы ӛнердің дамуына жол
ашты. ХV ғасырда Нидерландыда адам мен оны қоршаған
дҥниені нанымды тҥрде кӛз жеткізе бейнелей білген ӛнер
мектебі қалыптасты. ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырда
Нидерланды ӛнерінің прогресшіл жолмен дамуы оның нақты
ӛмір шындығы мен халық тҧрмысын бейнелеуге ҧмтылуынан,
портрет салудың тҧрмыстық жанр элементтерінің, пейзаждың,
натюрморттың дамуынан, халық ӛмірі мен фольклорға ден
қоюынан айқын байқалды. Германияда Қайта ӛрлеу дәуірі
ӛнерінің гҥлденуі қысқа мезімде (ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ
ғасырдың бірінші ширегі) драматизмге толы болды. Ол ескі мен
жаңаның, ҧлттық ӛнер мен итальяндық ӛнердің, зиялылар
кӛзқарасы мен діни кӛзқарасты, референдум мен гуманизм
мҧраттарының кҥрделі тҥрде ҧштасып, ҧласа дамуымен
халықтық қозғалыс ықпалын бойына сіңіруімен сипатталады.
Оған А. Дюрер, Л. Крана, мҥсіншілер П. Ришер, Г.
Рименшнейдер, А. Крофт шығармасымен тығыз байланыста
Әлем музейлерінің тарихы
46
болуы әсерін тигізді. Ал Францияда Қайта ӛрлеу дәуірі ӛнерінің
дамуына жергілікті готиканың бай дәстҥрлері, кӛне мҧрасымен
жақсы таныстық, Италия және Нидерландымен арадағы тығыз
қарым-қатынас игілікті ықпал жасады. Әсіресе ХV ғасырдың
екінші жартысынан басталған мемлекетті бір орталыққа бірік-
тіру саясаты мәдени шоғырланудың ҥлкен факторына айналды.
Осылайша,
архитектураның
қалыптасу,
орналасып,
дамуының ӛзіндік тарихы бар екендігін кӛреміз.
Қайта ӛрлеу дәуірі мәдениетінің прогресшіл, гуманистік
мән-мазмҧны кӛне заман драматургиясының театр архитекту-
расымен драма теориясының зор ықпалымен ӛзінің жарқын
кӛрінісін тапты. Бірқатар елдердің топ драматургиясы қалып-
тасты. Сахна ӛнерінде алып тҧлғалардың жан дҥниесіне ден қою
басым болды. Актер ӛнері ӛз дәуіріндегі ҧлы драматургтердің
этикалық тҥсінігіне сәйкес кең қҧлашты эпикалық қуатымен
ерекшеленеді. Жаңа театр эстетикасы орындаушылар алдында
драматургтің тҥрлі ойына терең бойлай отырып, кӛп қырлы, аса
кҥрделі сипаттар жасау талабын қойды. Театр ӛнері шынайы
ӛмір қайшылығын бейнелеу, халық ӛнерінің дәстҥрін дамыту
трагедиялық пен шендестіру секілді мәселелермен сипатталды.
Қайта ӛрлеу дәуірінде театр профессионалдыққа бет бҧрып,
драматургиямен актерлік ӛнер теориясы жасалды, алғашқы
театр ғимараттары тҧрғызылды. Әсіресе театр ӛнері Италия,
Испания және Англияда ӛрледі.
Қорыта келгенде, Қайта ӛркендеу дәуірінің ойшылдарының
қоғамның рухани дамуына кӛп кӛңіл бӛлгендігін кӛреміз. Ғы-
лым, білімді кӛтеру дамыту арқылы елді білімділік, саналылық-
қа шақырып, әділ, бейбіт, тҧрақты қоғам қҧруға тырысқандығын
білеміз. Әсіресе ағартушылық жҧмыстардың маңызы зор болған.
Қайта ӛрлеу дәуірі мәдениетінің әлемдік мәдениетке қосқан
ҥлесі ӛте зор. Ғылым, білім, ӛнердің дамуы оның кең мағынада
басқа да елдерге таралуы осының нәтижесінде қалыптасқан
рухани мҧралар бҥгінгі таңда баға жетпес дҥние болып
саналады. Тақырыпты қарастыру барысында Қайта ӛркендеу
дәуірінің жан-жақты дамығанына қарамастан, ортақ тарихи жағ-
дайдың орны ерекше екендігін кӛреміз. Әдебиет те, сурет те,
ақын да, мҥсін де, театр да тек қоғамдық ӛмірге негізделіп,
кӛптеген қырларын ашуға мҥмкіндік береді.
Т.Н. Мұхажанова
47
Қайта ӛркендеу дәуірінің адамзат тарихында алатын орны
ерекше. Қайта ӛрлеу дәуірі мәдениеттің, соның ішінде ғылым,
білім, ӛнердің жандануының, дамуының, таралуының қайнар
кӛзі болды. Қайта ӛркендеу дәуірі Еуропа елдерінің мәдени
және идеялық ӛмірінде аса зор прогрестік рӛл атқарды. Дҥние
жҥзі мәдениетінің мәңгі қҧнын жоймайтын озық ҥлгілері осы
кезеңде жасалды. Соның ішінде саяси билікке байланысты да
ӛзіндік пікір қалыптасты. Ол – еркін, демократиялық қҧқықта
дамыған зайырлы мемлекет қҧру туралы пікір. Зайырлы мем-
лекет идеясының тууын, жалпы Қайта ӛрлеу дәуірінің қалып-
тасуына ХIV-ХV ғасырлардағы қоғамдық ӛмірдің әсерінің кҥшті
болуы негіз болғандығын кӛреміз. Ал қоғамдық ӛмір, негізінен,
дінмен байланысты болған. Алғаш ренессанстық дәуірдің
алғашқы Отаны болып саналатын. Италияда XIII-XIV ғасыр-
ларда папа билігінің кҥшті болғандығын, діни реформалардың,
іс-шаралардың кӛптеп жҥзеге асқандығын, халықтың жағдайы-
ның нашар болғандығын кӛреміз. Ал оның тарихи алғышарты
феодалдық қҧрылыстың ыдырап, капиталистік қатынастар негі-
зінің қалыптаса бастауы болып табылады.
Жалпы алғанда, ХIV ғасырдың екінші жартысынан орта
ғасырлық Батыс Еуропаның мәдени ӛмірінде жаңа ерте буржуа-
зиялық мәдениеттің тууына байланысты маңызды бетбҧрыс
болды деп айта аламыз. Капиталистік қатынастар Италияда бар-
лығынан бҧрын туып, дами бастағандықтан «Қайта ӛркендеу»
деп аталған ерте буржуазиялық мәдениет те осы елде тҧңғыш
қалыптаса бастады. ХV ғасырда Қайта ӛрлеу мәдениеті толық
гҥлденуге жеткенін кӛреміз.
Бҥкіл Қайта ӛркендеу заманы, оның ішінде ХIV-ХV ғасыр-
лардағы ертедегі Қайта ӛркендеу әлі де болса феодалдық қҧры-
лыс ҥстемдік еткен кезеңге жатады деуге болады. Ӛйткені туу
ҥдерісінде тҧрған болашақ капиталистік қоғамның жаңа топтары
мҥлде дерлік қалыптаспаған еді де, барлық жағынан феодалдық
стихиямен қоршаулы болатын. Сауда, қала мәдениетінің дамуы
да қайта ӛркендеу дәуіріндегі саяси ілімдердің қалыптасуына
ықпалы зор болғандығын, яғни тарихи алғышарты болғандығын
кӛреміз. Ғалымдар, ойшылдар, архитекторлар, сәулетшілер
заман тудырған сҧраныс негізінде пайда болған топтар. Ал
олардың ғылым, білім, саясат туралы ойларын бҥгінгі танда
Әлем музейлерінің тарихы
48
әрбір мемлекет ӛз мемлекетін дамытуда сабақ ретінде пайдала-
нары сӛзсіз. Саяси ілімдерге келсек, онда бҥгінгі таңда да ӛзекті
болып саналатын, егемендік, еркіндік, бейбітшілік, демократия-
лық қоғам мәселелері кең етек алғандығын айта кету керек. Бҧл
мәселелер Қайта ӛркендеу дәуірі ойшылдарының саяси билік
туралы айтқан пікірлерінің ӛзектілігін арттыра тҥспесе
кемітпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |