Сҧрақтар:
1.
Алғашқы коллекционерлердің пайда болу себебі неде - ?
2.
Римде кӛне заттарды жинағандардан кімді білесіз - ?
3.
Гемма дегеніміз не- ?
4.
Рим императорларының жеке коллекцияларын атаңыз.
Әлем музейлерінің тарихы
18
4 - т а қ ы р ы п
ЕГИПЕТ ЖЕРІНДЕГІ ПИРАМИДАЛАР
ЖИЫНТЫҒЫ
Ерте замандағы Египеттің пирамидаларын кӛргендер мен
оны кӛрмегендер ҥшін осындай алып дҥниелердің салыну қҧры-
лысы – қазіргі кҥнде ӛзектілігін жоймаған мәселелердің бірі.
Пирамидаларды зерттеу кҥннен-кҥнге кӛбеймесе, азайған
емес. Оларға арналып бірнеше зерттеу еңбектері мен моногра-
фиялар арналып жазылды. Сӛйтсе де, «Әлемнің жеті кереме-
тінің» бірі болып есептелетін пирамидалар әлі кҥнге дейін ӛзінің
мінсіз қҧпиясымен ғалымдарды қызықтырып та, таңқалдырып
та келеді.
Египет жерінде Гиз маңында орналасқан пирамидалардың
ішіндегі кӛлемі жағынан атақты болып есептелетін ҥш ірі пира-
миданы ерекше атауға болады – олар Хеопс (Хуфу), Хефрен
(Хафра) және Микерина (Менкаура). Аталғандардың ішіндегі ең
биік пирамида Хеопс б.з.д. ХХVІІІ ғасырларда салынған.
Ертедегі грек тарихшысы, Тарихтың атасы Геродот кітабын-
да Египеттегі пирамидалардың салынуы жайында тӛмендегідей
мәліметтерді келтірген: «...фараон Хеопс ӛз мҥддесі ҥшін
барлық Египет халқын жҧмысқа салып қойды. Ол
жҧмысшылардың бір бӛлігіне, алдымен, Ніл жағалауына араб
тауларынан тас бӛлшектерін әкелумен шҧғылдануды бҧйырған.
Екіншілеріне
ол
тастарды
тасымалдаумен
айналысу
тапсырылған. Қалғандары тастарды ӛңдеп, қажетті формасына
келтірген. Пирамида қҧрылысында ҥздіксіз 100 000 жҧмысшы
жҧмыс істеп, олар ҥш ай сайын бірін-бірі алмастырып отырған.
Т.Н. Мұхажанова
19
10 жыл бойы ҥздіксіз жҧмыстың нәтижесінде тас бӛлшектердің
ӛзенге тасымалданатын тас жолы жасалынған». Геродоттың
ойынша, осы жолдың салынуы пирамида тҧрғызудан да қиын
болған.
Аталмыш жолдың беті тҥрлі бейнелермен бейнеленген ҥлкен
тастардан қҧралған. Бҧл жолдың биік болып салынуы нәтиже-
сінде, тіпті Ніл суының тасуы Турах тастарының пирамидаға
жеткізілуіне бӛгет жасай алмаған. Мыңдаған ауыр тастардың
тасымалдануын кӛтерген бҧл жол, шын мәнінде, «Патша жолы»
деп аталып, кейін фараонды жерлеу кезінде де, соңғы сапарға
апаратын жол болған.
Пирамида маңындағы жҧмыстар аяқталды, жерасты қҧры-
лыстарының қабірлері, фараонның жерленетін камерасы да
салынып бітті. Ал пирамиданы жердің ҥстінде тҧрғызу жҧмыс-
тары тағы 20 жылға созылған.
Бастапқыда, Хеопс пирамидасы 147 метр биіктікке дейін
жеткен, бірақ қҧмның кӛшуіне байланысты, оның биіктігі 137
метрді қҧрайды. Пирамиданың тӛмендеуіне себепкер болған
тағы бір жағдай, оның сыртқы, яғни бетіндегі тастардың алынуы
болса керек. Сонымен қатар бҧрынғы уақытта арабтар турис-
терді қызықтыру мақсатында тастарды жоғарғы қабаттан алып,
тӛменге домалатқан. Тағы бір жағынан, туристер пирамидаға
шығуды дәстҥрге айналдырған. Себебі тастар баспалдақ сияқты
орналасқандықтан, оған еш қиындықсыз тӛбесіне дейін шығуға
болатын. Ал қазіргі таңда пирамидаға шығуға, оның тастарын
басуға тиым салынған, мҧның ӛзі оның ҧзақ сақталуына сеп-
тігін тигізеді деген ҥмітпен жасалған іс-шаралар болса керек.
Тіпті, кезінде екінші дҥниежҥзілік соғыс барысында пирамида-
ның биік тӛбесі ағылшындардың әуе бақылаушылары орналас-
қан бекет болған.
Пирамиданың негізгі квадраты - 233 метр, ауданы - 50 000
кв. метр. Пирамида 2 300 000 кубтық беті тегістелген бӛлшек
тастардан қҧралған. Әр бӛлшек орташа есеппен 2,5 тонналық
салмақтан тҧрса, ең ауыр тас 15 тоннаға дейін жеткен. Пирамида
тасының барлық салмағы шамамен 5,7 миллион тоннадан
тҧрған. Француз әскерінің қолбасшысы Наполеонның есебі
бойынша, ҥш бӛлшектен тҧратын пирамиданың тасынан бҥкіл
Әлем музейлерінің тарихы
20
Францияны биіктігі 3 метр, ені 30 сантиметрден тҧратын
қорғаныс ретінде қоршап шығуға болады екен деген.
Қола дәуірінде ӛмір сҥрген ертедегі қҧрылысшылар,
осындай алып пирамидаларды қалай тҧрғызғанын, тіпті оған
геометриялық дҧрыс форма беруінің себебін шеше алмай
тығырыққа тіреліп отырған. Кейде, тіпті пирамиданы жер-
бетіндегі адам баласы сала алмайды, оны басқа планета-
лықтардың кҥшімен жасаған деген келеңсіз мәліметтер де газет
беттерінде басылып жҥрді.
Нілдің оң жақ жағалауында Мемфис маңында мыңдаған
адамдар ақ әкті ӛндірумен айналысқан. Пирамиданың бӛлшек
тастарын жартастан бӛліп алу әдісі болған. Айталық, олар
жарды, алдымен, тас бӛлшек бӛлініп тҥсетін жерді белгілеп,
сосын терең тҥтікше ойып, оған қҧрғақ ағашты нығыздап сосын
су қҧятын болған. Су тиген ағаш ісініп, тас бӛлшекте жарықтар
кӛбейіп, нәтижесінде монолит жардан бӛлініп тҥскен. Ал одан
кейін тасты сол жерде тас, мыс және ағаш қҧралдармен ӛңдеп,
стандартқа сай, кубтағы келбетке келтірген. Ӛңделген дайын тас
бӛлшекті қайықпен Нілдің қарсы бетіне жеткізген.
47 жҥз жыл бҧрын ӛмір сҥрген египеттік қҧрылысшылар,
пирамиданы ҥйлестіріп тҧрғызу барысында, тіпті кішкентай
саңылау қалдырмай, мықты және дәл ӛлшемдер бойынша
жасаған. Египеттік ескерткіштер ішіндегі ең маңыздысы әрі
шедеврі Хеопс пирамидасы болмақ. Бҧл пирамидадағы тастар
ӛте шебер ӛңделіп, берік жатқандығы соншалық, тіпті олардың
арасынан ине тҥгіл, шаш ӛтетін саңылаулар да болмаған.
Сыртқы безендіру барысында египеттіктер, тҥрлі жылтыр
тастарды ӛте мҧқият таңдап алып отырған. Византиялық Филон
атты автор ӛзінің кітабында «Әлемнің жеті кереметінің» бірі деп
ақ мәрмәр, базальт, порфир және Арабия елінен әкелінетін тасты
атаған. Бірақ сондай пирамидалардың сыртқы қаптама тас-
тарынан қазіргі таңда ештеңе қалмады. Олардың бәрін ХІV
ғасырда ӛзінде тонаған. Сол заманның француз саяхатшысы:
пирамидалардың жалтырап тҧрған тастарындағы суреттерде
тынбай жҧмыс істеп жатқан жҧмысшылар бейнесі алыстан
қарағанда, қҧмырсқаның илеуі сияқты жоғарыдан тӛмен қарай
ӛрмелеп жатқандай болып кӛрінгендігі ӛте таңғалдырып,
қызықтырғанын айтқан.
Т.Н. Мұхажанова
21
Египет жеріндегі Хефрен пирамидасының беткі қабаты ғана
осы кҥнге дейін сақталған. Хефрен әкесі Хеопске қҧрметпен
қарағандықтан, ӛзінің пирамидасының биіктігін кішілеу
жасаған. Бірақ оның пирамидасында да «Ҧлы Хефрен» деген
жазулар болған. Одан кейінгі аласа болып салынған Хеопстың
немересінде де «қасиетті Микерин» атты жазу болған. Яғни,
пирамидалардың ҥлкен, аласа болып салынуы ҥлкенді сыйлау,
әкені қҧрметтеу деген ҧғымдардан туындаған.
Кӛптеген пирамидаларда шымшытырық лабиринттер, тас
қараңғы камералар мен қауіпті тҧсауларды мумияны тонамасын
деген мақсатпен әдейі қорғаныс ретінде қойған. Бірақ бәрібір
фараон мҥрделері ғасырлар бойына тоналып отырған.
Ғалымдар енді пирамидаларға кӛңіл аударып, зерттей баста-
ғанда, олардың кӛпшілігі барымталанып қойған.
Пирамидалардағы байлық – теңдесі жоқ керемет дҥниелер.
Оған Иван Буниннің мына жолдары дәлел болады:
«Пирамиданың ішінде отты тҧтатқанда, оның қара мҧз сияқты
жалтыраған гранит тастарын кӛріп, қорқыныш ҥйіріледі.
Бӛлменің ортасында тік бҧрышты қара саркафаг тҧрған. Оның
ішінде алтынмен қапталған, бағалы тастарға кӛмілген және
алтын қылышты мумия жатқан. Мумияның маңдайында қызыл
от болып жанып тҧрған, ҥлкен карбункул тҧрған. Оның іші-
сырты адам тілін білмейтін жазуларға толы болған ...».
Геродот «Тарих» еңбегінде Мерис кӛлін жаза отырып: «Кӛл-
дердің аралығында екі пирамида тҧр, олардың әрқайсысының
тӛбесінде тас тақта отырған фараонның мҥсіні сипатталған», –
деп жазады, осыған орай, кейбір египтолог ғалымдар пирамида-
ның биік тӛбесі фараонның мҥсінімен аяқталған деп жорамалда-
ған.
Бірақ тарихтың атасы Геродот Гиз жеріндегі алып пирами-
даларды ӛз кӛзімен кӛрді ме, жоқ әлде естігені бойынша жазды
ма деген кҥмәндар бар. Ал Геродот Мерис кӛлінде тамаша пира-
мида мҥсіндері ӛзін таңғалдырғанын, ӛз кӛзімен кӛргендігін дә-
лелдей отырып, Гиз аймағында мҧндай кереметті кӛрмегендігін
тҧжырымдайды.
Пирамидалар әрқашан да фараондардың мәйіттері болып
есептелінгендіктен, басқа тҧжырымдар ғалымдардың тҥсінігінен
тысқары шығып жатты. Қазіргі таңда ғылым саласындағы ға-
Әлем музейлерінің тарихы
22
лымдар қҧпия пирамидалардың салыну мақсатына қатысты бас-
қа да ой тҧжырымдарын жасауда. Мысалға, эзотериктер алып
пирамидалар діни рәсімдер мен энергетикалық орталықтар
болды дей келе, онда діни нанымдардың қҧпия рәсімдері мен
оқулар, емтихандар ӛткізілуі мҥмкін деген. Сонымен қатар
Египет абыздарының қасиетті кітаптары да сақталған дейді.
Пирамида ішіне жиналған энергия кҥшінің молдығы сон-
шалық, кӛршілес аумақтардың климатына әсер етпей қоймайды
десе, осы энергияның кҥшімен ӛтіп бара жатқан ӛркениеттің
даналары ӛздерінің қолдарынан шыққан пирамидаларды
ҧрпақтардан қорғау ҥшін, Хеопс маңындағы қҧрылыстарды
жоғалту мақсатпен, аймақты қҧмды далаға айналдырып жіберуі
мҥмкін деп жорамалдаған.
Кейбір зерттеушілер пирамиданы обсерватория, біреулері
бақылаушы пункт десе, ертедегілердің ҥлкен ғылыми лаборато-
риясы деп атаған. Кейбіреулері діни рәсімдер жҥргізтетін храм,
әсіресе Амон-Ра кҥн қҧдайына табынатын орталық десе, неміс
ғалымдары сенсациялық болжамдар жасап, олар пирамиданы
мәйіттер негізінде ғана емес, сонымен қатар жер энергетикасы-
ның табиғи ҥлкен генераторы, онда фараонның «мҧрагер ҧрпақ-
тары» кӛптеген уақыт бойы осы энергиядан кҥш алып, тіпті жа-
сарған деген жорамал жасаған.
Қазіргі таңда пирамидаларды зерттеу кҥннен-кҥнге кҥшейіп,
жаңа кӛзқарастар қарастырыла бастады. Айталық, т.ғ.к.,
А.Б. Шейннің ҧсынысы бойынша қазіргі кҥні, пирамиданың тек
ӛзін зерттеп қоймай, сонымен қатар қҧрылыстың жҥру ҥдерісін
бірге қарастыру керек. Египеттіктер пирамидаларды адамдар
тҧрақты
тҧрмайтын,
пайдасы
аз
жерлерге
салған.
Қҧрылысшылары ер адам болған. Пирамиданың әлеуметтік
жағдайға кері әсер еткені деп, алдымен, халық санының азаюын
атаған жӛн.
Библия кітабында Египетте халық санының ӛсуіне қарсы
«аждаһар заңдарын» қолданғанын хабарлайды. Осындай заңдар
бойынша Египетте қандай отбасында туса да барлық тҧңғыш
балаларын ӛлтіріп отырған. Еврейлердің Египетті тастап кетуі-
нің басты себебі де осы, бала тууының шектелуі болса керек.
Яғни, пирамидаларды салуда ертедегі Египет халқы кҥйзеліске
ҧшырап, ел ҥшін оның пайдасы болмады деген тҧжырым дҧрыс
Т.Н. Мұхажанова
23
емес. Керісінше, алып пирамидаларды тҧрғызу нәтижесінде
демографиялық шектеу болды.
Хеопс пирамидасының алдында кішігірім музей орналасқан,
онда тек бірғана экспонат тҧр. Біреу болғанымен, ол – ҥлкен
асылған кеме, осыдан 4800 жыл бҧрын жасалған. Тарихшы
ғалымдар мен археологтардың растауы бойынша, ол кемемен
фараон Хеопстің ӛзі Ніл ӛзенімен жҥзіп ӛтетін болған. Осы
кемемен оның сҥйегі пирамидаға жеткізілген. Дегенмен бҧл
соңғы жҥзіп ӛткен жол емес, себебі ертедегі египеттіктер кеме
фараонды мәңгілік кҥн қҧдайы Раға алып барады деген сенім-
мен, Гиз жеріне кӛмген деп тҧжырым жасаған.
1954 жылы бір топ египеттік археологтар Хеопстің негізі
іргетасын барысында кемені тауып алған. 1224 бӛлшектен
тҧратын кеменің қираған қалдықтарын ҥш жыл бойы жерден
тазалап алған.
Хеопсті кӛп жағдайда тастағы Библия деп бекер атамаса
керек. Мәселен, таң енді атып келе жатқанда, Хеопстың биік
тӛбесі тҧманға оралып кҥлгін тҥске боялған, ал кӛкжиек бҧлтпен
шектескен сәттерде қара-сҧр тҥске, ал айдың суық тҥсімен ол ақ
қарға кӛмілген шыңдай болып кӛрінетін болған. Араб
жазушысы Абд-эль-Латиф пирамидаға қарап тҧрып, сонау VІІІ
ғасырларда былай деген екен: «Жер бетіндегінің бәрі уақыттан
қорқады, дегенмен уақыттың ӛзі пирамидадан қорқады».
Достарыңызбен бөлісу: |