Әлем музейлерінің тарихы оқу құралы



Pdf көрінісі
бет7/54
Дата22.10.2022
өлшемі1,93 Mb.
#154592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54
Байланысты:
treatise18582

Сҧрақтар: 
1. Мусейон дегеніміз не? 
2. Платонның атақты философиялық мектебі қашан қҧрылды және оның 
атқарған қызметі қандай? 
3. Афина қҧдайының мҥсіні жӛнінде не айта аласыз?
2 - т а қ ы р ы п 
 
Эллиндік дәуір жинақтарының ерекшеліктері 
Эллиндік дәуір барысында Жерорта теңізінің шығыс бӛлігі 
дерлік грек мәдениетімен сусындады. Осы жерде қалыптасқан 
мемлекеттерді Александр Македонский мен оның мҧрагерлері 
басқарғаны тарихтан белгілі. 


Әлем музейлерінің тарихы 
12 
Ежелгі дҥниенің ҧлы қолбасшысы Александр Македонский 
(б.з.д. 356-323 жж.) ӛмір сҥріп шығысқа жасаған жорықтарының 
барысында Египетте ӛз атымен қаланың негізін қалайды.
Қала ӛте жылдамдықпен ӛсіп, кӛркейген. Ҧлы қолбасшы 
Александр Македонский қайтыс болғаннан кейін, Птолемей 
Египетте билікті басып алып, Александрияны ӛзінің резиден-
циясына айналдырған.
Александрия біртіндеп тек атымен танымал болып қоймай, 
тіпті антикалық дәуір мәдениеті де александриялық мәдениет 
деп аталып, ғылым мен ӛнердің алып орталығына айналған. 
Египетке грек мәдениетінің ықпалын дәлелдейтін Алексан-
дрия муссейоны мен Александрия кітапханасын атап кетуге 
болады.
Б.з.д. 305-283 жж. Александрия мусейонын І Птолемей ке-
зінде салынып, ӛз заманында ғалымдарды ғылыми тҧрғыда 
біріктірген алғашқы ғылыми орталық деп айтса болады. Оның 
орталығында пірлердің қасиетті орны болып, діни шараларды 
ӛткізетін басты абызды патша тағайындап, діни және басшылық 
қызметтерді атқарып, ғылыми ортаға кедергі келтірместен ӛз 
істерін атқарған.
Египет басшыларының шақыруымен Александрияға келген 
танымал ғалымдар осында ӛмір сҥріп, шығармаларын ӛмірге 
әкелген. Ғалым, жазушылар патшаның толық қамқорлығында 
болып, оларға кітапхана, қҧралдар мен зертханаларда жҧмыс 
істеуге толық жағдай жасалған. Птолемей сарай кешенінің бір 
бӛлігін алған мусейон мынандай бӛлімдерден: пірлердің қа-
сиетті орнынан, пансионның, яғни ғалым, ақындардың жататын 
бӛлмелерінен, бірлескен дәріс оқитын жабық галерея Экседрден, 
сонымен қоса демалып серуендейтін бақтардан тҧрып, филосо-
фиялық немесе ғылыми орнын толық қамтамасыз еткен. Қалып-
тасқан кҥннен бастап Мусейонда сирек кездесетін ӛсімдіктер 
мен жануарлардың жиынтығы сақталып, обсерваторияның негізі 
қаланған. 
Александрия мусейонының ҥлкен жетістігі физикалық әлем-
нің кешенді ғылыми зерттеулер жасалып, адам мен табиғаттың 
тҥрлі қырларын қарастырған. Айталық, географ және математик 
Эротосфен алғаш жер шарының ӛлшемін жасаса, астроном 
Гиппарх 850 - ден астам қозғалмайтын жҧлдыздарды тізген, ал 


Т.Н. Мұхажанова 
13 
дәрігер Герофил адам ағзасы бойынша кешенді зерттеулер жҥр-
гізіп жҥйке жҥйесі мен артериальді тамырлардың маңыздылы-
ғын ашқан. 
Мусейонның тҧрғыны атақты Аристарх Самоский «антика-
ның Копернигі» деген атпен танылған, ал математик Евклидтің 
басты еңбегі - «Геометрияның элементтері», кейінгі уақытқа 
дейін математиктердің басты оқу қҧралына айналған.
Александрия мусейонында филология жеке ғылым саласы 
болып дамыған. Онда ақын Каллимах, грамматик Зенодот, ви-
зантиялық Аристофан және самофракийялық Аристарх антика-
лық авторлардың тіл ерекшелігін зерттеді және Гомерге пікір 
жазған. 
Александрия кітапханасы антика дҥниесінің ірі кітап қоры 
болып есептелді. Б.з.д. І ғасырда оның қҧрылымында 700 мың 
томнан тҧратын папирустар болған деседі. Патша Птолемей осы 
қорды кӛбейту ҥшін қаржысы мен жігерін аямаған. 
Кітапхананың қорын кӛбейту мақсатында Афина мен Родос 
әмбебаптарынан арнайы кітаптарды сатып алатын болған.
Антикалық дҥниенің ӛнері мен мәдениетінің дамуына ӛз 
ҥлесін қосқан Аттал патша болды. Ол гректермен болған байла-
нысты ҥзбеу мақсатында Птолемейдің ісін ӛз елінде де жалғас-
тырып мусейон мен кітапхананың негізін қалаған адам болып 
тарихта қалды. Б.з.д. 146 жылы грек қаласы Коринфті жаулап 
алу нәтижесінде римдіктер тҥскен олжаны сатылымға қойып, ІІ 
Аттал кӛркемӛнер қҧндылықтарының белдісі Артистидтің 
«Дионис» атты шығармасын 600 000 данирге сатып алған. Ол 
классикалық дәуір шеберлерінің заттарын жинап қоймай, архаи-
калық кезеңнің де естеліктерін жинауға қызығушылық таныт-
қан. Сонымен қатар Аттал патша қҧнды заттарды жинаудағы 
ісін жалғастыра отырып, б.з.д. 141-140 жж. арнайы ҥш суретшіні 
Лесхи патшайымға жіберіп, керемет туындылардың кӛшірмесін 
жасау ҥшін тапсырыс берген, дәл осы мәліметті дәлелдейтін 
мәтін француз археологтарының Делфаға жасаған қазба жҧ-
мысы барысында жазулар ішінен табылған. Лесхи патшайым 
Кіші Азияның Книд қаласында орналасқан, демалатын және 
серуендейтін қҧрылыс ретінде салынған, ӛз заманында осы 
жерде б.з.д. V ғ. жататын Полигноттың Гомер тақырыбында 
жазылған «Отъезд греков после взятия и разрушения Трои» 


Әлем музейлерінің тарихы 
14 
және «Одиссей в подземном царстве» атты керемет 
туындыларымен 
танымал 
болған. 
Аттал 
ӛзінің 
бай 
коллекцияларын сақтайтын арнайы қҧрылысты тҧрғызбаған 
болса керек. Оның мҥсіндері мен картиналары сарайдың ӛңін 
келтіріп безендіріп тҧрған, сонымен қоса кӛпшілік баратын 
храмдарда, ғибадатханаларда және о бастан қҧрылған қасиетті 
жерлерде қойылып, сақталған. Монархтың мҥсін жинақтарының 
бір бӛлігі кітапханада сақталған. Оны қазба жҧмысы кезінде 
табылған – Гомер, Сапфо, Алкея, Геродоттың мҥсіндерінің 
қалдықтарынан кӛруге болады. Кітапханаға жақын жерден 
Афина қҧдайының ҥлкен мҥсіні табылған. Қазіргі таңда ол мҥсін 
Францияның Лувр музейінде сақтаулы тҧр.
Эллиндік дәуір патшаларын антикалық дҥниенің алғашқы 
коллекционерлері болды деп айтуға болады, олардың жинақтау 
қызметтері біржағынан мемлекеттік саясатқа да байланысты 
болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет