Сҧрақтар:
1.
Пирамидалардың салыну себебі неде деп білесіз?
2.
Геродоттың пирамидалар жӛніндегі мәліметін атаңыз.
3.
Пирамида қҧрылысының салыну қҧпиясы.
4.
Н. Бонопарттың пирамидаға қатысты айтқан мәліметтері қандай?
Әлем музейлерінің тарихы
24
ІІ Б Ӛ Л І М
ОРТА ҒАСЫР ДӘУІРІНІҢ
КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫ
5 - т а қ ы р ы п
Орта ғасырлық Батыс Еуропа жинақтары
Орта ғасырлар кезеңінде билік басындағы патшалар әшекей
бҧйымдарды, қару жарақтарды, бағалы заттар мен қазынаны
байытуға мҥдделі болған.
Еуропаның ерте орта ғасырлар дәуіріндегі ең танымал бай
қазынаның иесі Ҧлы Карл болды. Ол бай қазынасын Ахен
капелласында сақтаған. Екі қабаттан тҧратын Ахен капелласы
қҧрылысын императордың ӛзі Ахен атты кішкене қалашықта
арнайы салғызған. Онда антикалық геммалар, қҧнды кітаптар
жиынтығы, жібек пен парча маталарынан тігілген киімдер, араб
және византиялық шеберлердің піл сҥйектерінен жасаған
мҥсіндері, сонымен қатар бағалы тастармен әшекейленген
қолданбалы ӛнер туындылары, христиан дініне қатысты
бҧйымдар, осының бәрі император қазынасын қҧрады.
Дамыған орта ғасыр қазыналары керемет сҧлулығы мен
қымбат бағалылығымен ерекшеленді. Француз королі V Карл
(1364-1380 жж.) қазынасының кӛптеген әшекей бҧйымдары
патша тәжі мен алтын сервиздермен қатар, алтын мен кҥмістен
жасалған крестер, Қасиетті ана мен басқа қҧдайлардың мҥсін-
дері, бағалы тастармен әшекейленген бҧйымдар және қымбат
ыдыстар жиынтығы болған.
Шетелдік елшіліктердің патша қазыналарының байлығын
салыстырмалы тҥрде сипаттағанын қҧжаттардан кӛруге болады.
Айталық, ХV ғ. Еуропа бойынша теңі жоқ Русь князьдарының
мәскеулік қазынасын ерекше кӛрсеткен. Осы мәліметті дәлел-
деуші Дон Хуан Перседский 1599 ж. тӛмендегі дәлелдерді кел-
тіреді: «Сегіз кҥн бойы бізді Москваның қала кӛркімен таныс-
тырды, әсіресе бай қазынамен, оның кірер есігінде екі арыстан
Т.Н. Мұхажанова
25
бейнеленген, біреуі кҥмістен, екіншісі алтыннан жасалған болса
керек. Бай қазынаны сӛзбен айтып жеткізу мҥмкін емес, патша
киімдерінің ӛзі жатқан байлықтың нышаны, қаруларының
кӛптігі соншалықты 20 мың атты әскерді қаруландыруға жетер-
лік»
1
.
Русь қазынасының орталығы Мәскеу жеке орталық болып
қаланған уақыттан басталды. Ол ХІІІ ғ. екінші жартысында
қҧрылған болатын. Мәскеудің қазына қоры тәуелді территория-
лардан жиналатын салық есебінен толтырылып отырған.
Мәскеуді кӛркейту мақсатында орыс жерінің жер-жерлерінен
шеберлер мен ҧсталарды шақырған немесе кҥшпен әкелген.
ХV ғ. екінші жартысында сауда қатынастарының Батыс және
Шығыс елдерімен жандануына байланысты, Мәскеу патшасы-
ның қазынасына тҥрлі бағалы заттар мен маталарды кӛпестер
әкеліп жатты.
ХVІ ғ. дипломатиялық байланыстың кеңеюіне орай елшілік
сыйларымен қазына алтын мен кҥміске толтырылды.
Алғашқыда, патша қазынасы Мәскеу Кремлінің Благове-
щенск соборында орналасқан. Байлықтың кҥн артып ӛсуіне орай
жеке қҧрылыс қоймасы қажет болған. Сӛйтіп, 1485 жылы
Архангельск және Благовещенск соборларының ортасынан
«Казенный двор» атты қҧрылысты тҧрғызған. Онда билік
рәміздері, елшілік сыйлықтары, алтын және кҥміс ыдыстар
сақталған. Сонымен қатар ХVІІІ ғ. басына дейін Русь
патшаларының қазыналары Постель қазынасы, Конюшны
қазынасы, Қарулар палатасы атты кремль қоймаларында
сақталып келген.
Патша қазыналарымен қатар жеке адамдардың коллекция
жинақтауы орта ғасырларда кең дамыған. Айталық, Рим тҧр-
ғыны Николо Кресченти (ХІ ғ.) ӛз ҥйінде антикалық архитек-
тура бӛлшектерін жинап сақтаған, ағылшын эпископы Генри
Винчестер (ХІІ ғ.) Римнен ӛз еліне кӛне заттардан тҧратын жеке
жинақтарымен оралған. Кӛне заттың қҧмары болған Қасиетті
Рим императоры ІІ Фридрих Гогенштауфен (1220-1250 жж.)
ӛзінің қамалында жинап сақтаған.
1
Малицкий Г.Л. К истории оружейной палаты Московского Кремля // Государственная
Оружейная палата Московского Кремля. - М., 1957. - С. 520-521.
Әлем музейлерінің тарихы
26
Алғашқы еуропалық жеке коллекциялар жинақтауда
танымал болған – француз королі Иоанның кіші баласы Жан
Берийский (1340-1416 жж.). Ол әшекей бҧйымдарын, бағалы
тастар, керемет кілемдер, қымбат маталар, алтын ыдыстар, шір-
кеу заттарын жинауға қҧмар. Оның гардеробындағы коллекция-
лары ӛнерді сҥйіп, нәзік тҥсінетін жанға сай жиналып сақталған.
Жан Беррийский Византия қҧмыралары мен антикалық және
шығыстық алқалар, медальдарды кӛздеген мақсаты бойынша
іздеп, сатып алып немесе тапсырыс беретін болған. 1380 жылы
герцогке арнайы алтын кубок жасалған екен, оның салмағы –
1,93 кг, ол тҥрлі эмальдармен ӛте бай безендірілген. Қазіргі
таңда француз шеберінің қолынан шыққан бҧл тамаша ӛнер
Британ музей экспонатында ең танымал ретінде «Француз және
ағылшын карольдерінің кубогі» деген атпен сақтаулы тҧр.
Жан Берийскийдің ӛнер туындыларына деген қызығушылы-
ғы арта берген. Ол қызығушылықпен антика дҥниесі мен таби-
ғатта сирек кездесетін заттарды жинаған. Ӛзінің сарайларының
бірінен танымал тҧлғалардың портрет галереясын қҧрған.
Жалпы, тҥйіндей келгенде, орта ғасырдағы еуропалық
мәдениетте шіркеулік және танымал жеке тҧлғалардың жинаған
коллекциялары, тек материалды қҧндылықтарды сақтап қана
қоймай, сонымен бірге мемориалды мақсатта, тарихи және
бейнелеу ӛнерінің маңыздылығына сәйкес сол заманның тҥсінігі
негізінде заттарды жинаған. Орта ғасыр храмдары, кейінгі кез-
дегі музейлер сияқты ӛз заманында заттарды сақтау функциясын
атқарды. Осы храмдарда заттардың жинақталып, сақталуы орта
ғасыр қҧндылықтарын мәдени дәстҥр негізінде келешек ҧрпаққа
жеткізуші болды.
Тарихи және мемориалды қҧндылықтар негізінде христиан
дініне қатысты иконалар, картиналар, мҥсіндер, шіркеу заттары
т.б. бҧйымдардың храмдарда сақталуы, бір жағынан, қарапайым
халықтың мәдени тҥсінігін, ой-ӛрісін дамытты.
Жеке тҧлғалардың қазынасы келешек музейдің қалыпта-
суына негіз болды деуге болады. Айталық, Саксон билеушілері
сырт кӛзден сақтану ҥшін Дрезден бекінісінің «қҧпия қойма-
сында» жанҧя қҧжаттарын, ақша, бағалы тастар мен сирек
кездесетін тастармен безендірілген әшекей бҧйымдарын сақтап,
Т.Н. Мұхажанова
27
кейін осы қойманың нәтижесінде «Зеленый свод» атты танымал
музей қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |