«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет131/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырмасы
 
1-тапсырма.
Қазақ тіліндегі стиль түрлерін (ғылыми, ресми ісқағаздар, 
публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) еске түсір. Топта барлық стиль 
түрлері бойынша білетін ақпараттарды ортаға сал. Қажетті ақпараттарды дәптерге түртіп 
отыр. 
 
Оқылым тапсырмасы 
 
2-тапсырма.
Төменде берілген мәтіннің стилін, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, 
құрылымын, тілінің сипаттық ерекшеліктерін талда. Талдау барысында келесі 
сұрақтарды басшылыққа ал:
Мәтіндер не туралы? Стилі қандай? Қалай дәлелдейсің? 
Мәтіндер кімдерге арналған? 
Мәтіндердің формасы, түрі қандай? 
Автор мәтінді не мақсатпен жазды? 
Автор көзқарасы, ұстанған позициясы қандай? Қалай дәлелдейсің? 
Автордың тілдік қолданыстары қандай, оларды не мақсатпен қолданды? (термин, 
тұрақты тіркестер, дәйексөздер, мақал-мәтелдер, төл сөз бен автор сөзі, т.б.) 
Етістіктер қай шақта қолданылған, не мақсатпен? 
Автор позициясы қандай сөйлемдерден көрінеді? 


А мәтіні 
Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келуде. Еліміз бен 
өңіріміз үшін мен он негізгі сын-қатерді бөліп көрсетемін. Егер біз өз дамуымызда 
жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын 
міндетті түрде ескеруге тиіспіз. 
Бірінші сын-қатер – тарихи уақыттың жеделдеуі. 
Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып 
жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады. 
Соңғы 60 жылда Жер тұрғындарының саны үш есе көбейді, ол 2050 жылға қарай 9 
млрд. адамға жетеді. Осы кезең ішінде әлемдік ішкі жалпы өнім 11 есе өсті. 
Бүкіл әлемдік тарихи үдерістің жеделдеуі қай кезде де мемлекеттер алдында жаңа 
шектеусіз мүмкіндіктер ашады, ал оларды толығымен пайдаланғанымызды мен мақтан 
тұтамын. 
Соңғы 20 жылдан астам уақытта біз қоғам өмірінің барлық салаларына өте жоғары 
қарқынмен жаңғырту жүргіздік. Көптеген басқа елдерге 100, тіпті 150 жыл керек 
болған нәрселерді атқардық, дегенмен осы уақытқа дейін жалпы жаңғырту үдерісіне 
кірікпеген әлеуметтік топтар бар. Оның объективті себептері де бар. Қоғамда 
адамдардың моральдық жай-күйі мен қоғамдық аңсар-үмітіне әсер ететін бірқатар 
теңгерімсіздік әлі де орын алуда. 
Біз осы теңгерімсіздікті жойып, қоғамның барлық жіктеріне қоғамдық жаңғырту 
үдерісіне кірігу мүмкіндігін беруіміз керек. Олар қоғамда өзінің лайықты орнын тауып, 
Жаңа саяси бағыт ұсынған мүмкіндіктерді толық пайдалануға тиіс.
(194 сөз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет