«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет129/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

Тірек сөздер 
саясат, ішкі жағдай, шикізат, мұнай секторы, білікті 
мамандар дайындау, кеніш, мұнай өндірісі, жаһандық 
мәселе, т.б. 
 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Оқылымалды тапсырмасы
 
1-тапсырма.
«Ауыспалы жұптар»
әдісі. Бетпе-бет тұрып сөйлесуге болатындай 
жұптасып, екі қатарға тұр, әр сұрақты жұпта талқылауға 1 минуттан уақыт беріледі, әр 
сұрақты талқылаған сайын бір орынға жылжып, жұбыңды ауыстыр, бір сұрақты екі-үш 
оқушымен жұп ауыстырып талқыла. Бұл әдістің мақсаты – сыныптастарыңнан неғұрлым 
көбірек ақпарат жинау.
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар: 

Ауызекі сөйлеу стилінің негізгі белгілері қандай? 

Оқшау сөз дегеніміз не, оның тыныс белгісі қандай? 

Мұнай индустриясы мемлекет үшін не береді?

Мұнай өндіретін мемлекеттерді білесіз бе? 

Мұнайдың зияны туралы не білесіз? 
Оқылым тапсырмасы 
 
 
2-тапсырма.
Төменде арабтар мен қазақтар мұнайының айырмашылығы туралы 
сұхбаттан транскипцияланған үзінді берілген. Мәтіннің стилін, мақсатты аудиторияға 
сәйкес 
қызметін, 
құрылымын, 
тілінің 
сипаттық 
ерекшеліктерін, 
диалогқа 
қатысушылардың сөйлеу ерекшеліктерін талда, төменде берілген сұрақтардың жауабын 
жұппен тап: 



Ауызекі стильге тән анық көрініп тұрған ерекшеліктер туралы айт; 

Тыңдаушы үшін қандай әсер туындайды; 

Ғылыми лексиканың элементтерінен мысал келтір, бұл нені көрсетеді?; 

Эмоционалды-экспрессивті реңкі бар лексикалық бірліктерден мысалдар келтір, 
ол нені байқатады?; 

Мәтіндегі тұрақты сөз тіркестеріне талдау жаса, олардың қандай мәнде жұмсалып 
тұрғандығын, сөйлеушінің ойы мен көзқарасын, көңіл күйін білдірудегі атқарып тұрған 
қызметі туралы түсіндір; 

Риторикалық сұрақтарды тауып, қолданылу мақсатын айт; 

Айрықша интонациямен айтылған тіркестер мен сөздерге талдау жаса; 

Сөйлеу барысындағы кідірістер туралы өз ойыңды білдір, мәтін ішіндегі 
қолданысын талда. 
- Рашид Хасенұлы халық арасында (.) «Мұнайы көп араб неге бай, қазақ неге 
кедей?» деген әңгіме жиі айтылады. Осыған қатысты 
НЕ АЙТАР ЕДІҢІЗ
? (..)
- О-о САУД АРАБИЯСЫ мен Қазақстанның мұнай секторын салыстыру қиын. Мен сізге 
екеуінің ерекшелігін санамалап берейін. Біріншіден (.) араб мұнайының тарихына көз 
жүгірту керек. Құдай-ау Араб елдерінде мұнай табылып, оны пайдалана бастағанына 100 
ЖЫЛҒА ЖУЫҚ уақыт өтті емес пе? Енді сол жылдар бойы жинаған тәжірибесінің 
арқасында шикізатты кәдеге жараты-ып отыр. Бұл – БІР деп қойыңыз. (сұқ саусағын 
шошайтып)
Ал қазақтың ӨЗ ҚОЛЫМЕН мұнай өндіре бастағанына ЖИЫРМА-АҚ
 
жыл болды ғой, 
(.) імм
сондықтан білетінімізден білмейтініміз көп әлі.
Неге десеңіз, сонау Кеңестік кезенде мұнай-газ секторына қатысты шешімдердің бәрі 
МӘСКЕУДЕ қабылданды. Сол кездегі геологиялық деректердің, инженерлік 
шешімдердің барлығы Ресейдің архивінде қалды. Қазақстанда білікті мамандар 
дайындау түгілі, мұнай өндірісінің толық циклын қамтитын үрдіс те болмаған. 
Айтпақшы, толық цикл деп отырғаным – шикізаттан бастап, жанар-жағармай сатуға 
дейінгі аралық, міне, мұны – ЕКІ деп қой!
 
(екі саусағын көрсетіп) 
Араб елдерінде, АҚШ-та тарихы терең компаниялар кеніштерді ондаған жыл бойы 
зерттегеннен кейін ғана онсыз да жердің бетіне жақын орналасқан, химиялық құрамы 
оңай шикізаттан пайда көрді. Олар геологиялық барлаудан бастап, БАРЛЫҚ өндіріс 
жүйесін өздері жасады, тәжірибе жинақтады. Ал бізде ше? Мұның бірде-бірі болмаған 
бізде.
Ал (.) імм
бізде ең алдымен кеніштерді тапқан кім? АҒЫЛШЫНДАР! Оған қожайын 
болған кім? РЕСЕЙ! Ал қазақтар болса, солардың бұйрығына бағыны-ы-ып, шикізатты 
шелектеп тасып, қара жұмыс істеді. Кеңес кезінде мұнай-газ секторын зерттеген ғылыми 
база да болған жоқ. Басқару ісін Мәскеу ТҮГЕЛДЕЙ өз қолында ұстады. Геологиялық 
барлаудан бастап өндірістің толық циклын өзі жасаған елдерде мұнайдың өзіндік бағасы 
төмен болуына бұл да ықпал етеді. Арабтар 8-10 доллар арзан мұнайды соның арқасында 
алып отыр. Олар 100 долларға сатқан мұнайдан 90 ДОЛЛАР таза пайда көреді. (..) Міне, 
арабтар неге бай дейсіз, осыдан бай! 
(284 сөз)
https://surak.baribar.kz
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет