Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларға тақырып мазмұнын меңгерту.
|
Міндеттері:
|
1. Білімділік: Әбділдә Тәжібаев туралы сөз, әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы түсінік беру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару.
|
Сабақтың типі:
|
Жаңа білімді меңгеру.
|
Сабақтың түрі:
|
Дәстүрлі сабақ.
|
Сабақтың әдіс-тәсілі:
|
Мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау,венн диаграмасы,инсерт.
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
оқулық,презентация, www. bilimland.kz сайтынан
http://www.bilimland.kz/index.php/kz/ "Толағай" әдеби ертегісі.
|
Пәнаралық байланыс:
|
орыс тілі, тарих, география.
|
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
|
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
|
«Алтын сақа» ертегісін мазмұндау, сөздік.
|
ІІІ. Білім тексеру:
|
Сұрақ – жауап;
1.«Ертегі» деген не?
2. Ертегінің қандай түрлері бар?
|
ІV Жаңа сабаққа дайындық
|
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу;
2.Сабақ мақсатын түсіндіру;
Балалар бүгін біз ертегілердің тағы бір түрі әдеби ертегі туралы өтеміз. Ертегі мен әдеби ертегінің айырмашылығын түсіндіріп өту. Әдеби ертегілер туралы қысқаша түсінік. Ә.Тәжібаев өмірбаяны (слайдтан).
|
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1.Сөздікпен жұмыс; мәнерлеп оқып, түсіну.
|
Әдеби ертегі – литературная сказка
Ел аузында – в устах народа
Даңқы шыққан мерген- славный стрелок
Ат арылтып жетті бәрі – прибыли все
Ерекше тұлға – особая фигура
Шатқал – ущелья
Жай оғы – стрела лука
Ерте солды – рано высохли
Арқалады ауыр тауды – нес на спине тяжелую гору
Күн күркіреп, шатырлатты- гремел гром
Шөлдегендер суға қанды –утолили жажду.
|
2. Интерактивті тақтадан
www. bilimland.kz сайтынан
http://www.bilimland.kz/index.php/kz/ Ә.Тәжібаевтың «Толағай» ертегісін көріп, тыңдау. Астындағы мәтінді мәнерлеп оқу.
|
Әбділда Тәжібев (1909-1998) шығармаларына тән романтикалық образ автордың әдеби ертегілерінде көрінеді. Оның «Мерген», «Кілемшілер туралы ертегі», «Аққу» «Күй атасы» атты шығармалары халықтық аңыздар сюжеті негізінде жазылған.
Әбділда Тәжібаев әдебиеттің бірнеше жанрында қатар жазған қаламгер, әдебиет зерттеушісі. Сыр өңірінде дүниеге келген ақын өнерге жасынан қанығып өседі. Ақын анасының да ықпалы мол болады. Әбділда шығармаларындағы басты образ ақын мен халық.
«Толағай» – ерлік жайлы аңызға негізделген әдеби ертегі. Ертегідегі романтикалық образ – Толағай. Толағайдың дүниеге келуі, күн санап өсуі, алып күш иесіне айналуы қазақ ертегілерінде кездесетін дәстүрлі мотивпен өрбиді. Шығарма сюжеті екі бөлімге топтастырылған. Алғашқысында Толағайдың дүниеге келуі мен қалыптан тыс өсуі сипатталса, екінші бөлімде ел басына түскен қиыншылықтағы Толағайдың ерлік ісі баяндалады. Автор Айсұлу мен Толағайдың образдарын жасауда ертегіге тән элементтер мен жазба әдебиет үлгісін қатар қолданады. Шығармада кездесетін көркем тәсілдің басым көпшілігі – теңеулер. Толағай мен Айсұлудың портретін жасауда автор «Туған айдай, ақ меруерттей, қос жұлдыздай, жанған өрттей», «ақ маралдай, Ақша беті айменен тең», «Айналады, толғанады, Көбелектей от айналған» деген теңеулерді қолданады. Шығарма сюжеті қарапайым, тілі жеңіл. Ертегіде ел мүддесі үшін жанын қиған ерен ерлік дәріптеледі. Халық үшін жанын қиған ердің ерлік ісі ел есінде мәңгілік сақталатынын айту арқылы жастарды ел мүддесіне қызмет етуге шақырады.
|
VІ. «Қоржын қалта» . Жаңа сабақтан түсінгендерін тексеру:
|
Сұрақ – жауап. Әр оқушы қоржыннан сұрақтар суырып тыңдаған ертегіге байланысты жұптарына сұрақ қояды.
1.Ерегі кім туралы?
2.Отыз күндік мереке деген не?
3.Толағай төрт жасында не істеді?
4.Неше жасында садақ тартты?
5.«Жазғытұрым» қай мезгілге жатады?
6.«Тарбағатай өңірінде,үзілмейді жылда жаңбыр» осы өңірді картадан көрсет.
7.Толағай сен болсаң не істер едің?
8.Шығармадағы Айсұлуға мінездеме бер.
|
VІІ. Сабақты бекіту:
|
Әдеби ертегі
Салыстыру (Венн диаграммасы);
Ұқсастықтарын жазу;
Кестені толтыру.
Ертегі туралы не білдім?
|
Тағы не білгім келеді?
|
Маған түсініксіз
|
|
|
|
|
VІІ. Бағалау:
|
Бағалау парағына қарап алған ұпайлары бойынша бағалау (төмендегі кестеден қараңыз).
|
VІ.Үй тапсырмасын беру.
|
Ертегіні оқып, түсінгенін өз сөзімен айту. 24 -29 бет.
30-бет. Сөздік жаттап келу.
|
VІІ. Сабақты аяқтау.
|
Қоштасу.
|