Хаттамалық сұхбат. Ресми тұлғадан не болмаса құзырлы қызмет иесінен нақтылай жауап
алу. Сұхбат кезінде қойылатын сауалдар алдын ала әзірленіп, мемлекеттік жауапты
қызметкердің, яғни (президент, министр) көмекшісіне, баспасөз хатшысына ұсынылады.
Бұл ретте журналистің жеке пікіріне орын жоқ. Эфирде
ресми тұлға алдын ала
ұсынылатын сұрақтарға жауап қайтарады. Журналист келісілген сұрақтарын қоюмен
шектеледі.
Проблемалық сұхбат. Басты түйіні – журналистік позиция. Көпшілік талқысына
ұсынылатын қоғамдық маңызы бар ашық мәселе қаралады. Халықтың көкейінде жүрген
сауалдарға жауап алынады. Сұхбаттың бұл түрі тікелей
эфирде ұйымдастырылуы шарт
және студиядаға шақырылатын қонақ журналистің ғана емес, телефон желісіндегі
көрермен сұрақтарына да жауап беруі тиіс. Сұхбат беруші
мен тыңдарман арасында
белгілі бір жағдайда дау тууы мүмкін. Дәл осындай сәтте журналист өзінің тақырыпты
толық меңгергендігін, сол тақырыптағы фактілерді жан-жақты білетінін көрсетуі тиіс.
Проблемалық сұхбатты жүргізген
журналистің қателесуге, қандай да бір фактілерден
бейхабар болуға қақысы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: