«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


-бөлім: Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма



Pdf көрінісі
бет81/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

5-бөлім: Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма
1-сабақ 
Оқу мақсаттары 
10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық 
мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау; 
10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен 
оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар 
құрастыру және бағалау
Сабақ тақырыбы 
Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін 
арттыру.
Сабақ мақсаттары 
Ақпараттағы негізгі ойды ғаламдық мәселемен 
байланыстыра талдау; 
Талдау сұрақтарын құрау және көтерілген мәселеге пікір 
білдіру; 
Құндылықтарды дарыту 
 
Әлемдік азаматтық, өмір бойы білім алу. 
Пәнаралық байланыс 
Технология 
Тірек сөздер 
Ғылым, білім, инновация үштігі, өнертабыстар, 
инновациялық процес, ғаламдық білім мен ғылым
инвестициялау, инвесторлар, нарық, экономика, 
бісекелестік және т.б. 
Сабақтың жүргізілу барысы 
Тыңдалымалды тапсырмасы. 
1-тапсырма
.

Соңғы жылдардағы қандай әлемдік инновациялық өнертабыстарды білесіз?
 

Ғылым мен білім, инновация үштігі дегенді қалай түсінуге болады?
 
2-тапсырма. Суретке назар аудар. Білім берудегі инновациялық процестер туралы не 
айтуға болады? Қазіргі ғаламдық білім саласымен қалай байланыстырар едіңіз? 
Тыңдалым тапсырмасы. 

3-тапсырма. Мәтінді тыңдап, негізгі ойды білдіріп тұрған сөздер мен сөз тіркестер 
қатарын шығарып алыңыз. 
 
 


Тыңдалым мәтіні: 
Инвестициялау мәдениетін қалыптастыру керек
Өнертапқыштар да қателеседі. Алғашында инновациялық болып көрінген идея іс 
жүзінде өз нәтижесін бермей жататын немесе көзге түсе алмайтын жағдайлар жиі 
кездеседі. Осылайша, стартап инвесторларды аралап, көлеңкеде қалып қояды. Елімізде 
венчурлік инвесторлар мәдениеті қалыптаспағанын айта кеткен абзал. Инновацияны 
енгізу үшін күрес – өнертапқыштың мойнына жүктеледі. Көптеген стартап жобалар 
алғашқы кезеңде-ақ жоғалу қаупінде тұрады. Яғни, мұндай жағдайлар нарықты толық 
зерттемегендіктен орын алады. Кейде өнімнің сырт пішінінің тартымдылығы венчурлік 
қорларды, инвесторларды тартуға кедергі жасайды. Сондықтан тіпті өнімнің дизайнынан 
бастап, оның жұмыс істеу механизмі толығымен қалыптасу керек-ақ. Отандық ІТ салада 
дұрыс жасалмаған дизайн мен қолданушылар үшін қолайсыз пішін салдарынан қаншама 
инновациялық шешімдер нарыққа ене алмай қалды. Тағы бір айта кететіні, өнертапқыш өз 
инновациясын инвесторларға сата алатын менеджер бола алмайды. Сонымен бірге, ол 
білімді де білікті мамандардан топ құрып, өнімін өндіріске ендіру жолында алдына жан 
салмайтын басқарушы бола білу керек. Бұған инвесторларды табу қиындығын қосыңыз. 
Осылайша, көптеген инновация өндіріске жетпей қалады. Елімізде әлі күнге дейін инвес-
тициялау мәдениеті қалыптаспай келе жатқаны ащы шындық. Ал қаншама стартап 
жобалар қаражатқа мұқтаж. Мұнда да қандай жобаларға ақша құюға болатыны, 
келісімшартқа қалай отыру керектігі жайлы білім жетпейді. Мемлекеттің қолдауымен 
құрылған стартап алаңдар қарқынды жұмыс істеп келеді. Десе де, стартап мемлекетсіз 
нарыққа өте алатындай жағдайға жету керек. Анығы сол – бәсекелестікті күшейту қажет. 
Сонда ғана бүгінгі заман сұранысына сәйкес, уақыт талабына жауап беретін жаңа өнім 
пайда болады. 
Ақбота ИСЛӘМБЕК 
 
https://aikyn.kz/2018/08/25/65282.html
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет