Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма
4-сабақ
Оқу мақсаттары
10.3.6.1
әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш
құралдарды
ұтымды
қолданып,
шығармашылық
жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу;
Сабақ тақырыбы
Өнер-білім бар жұрттар
Сабақ мақсаттары
Стильдік және жанрлық ерекшелікердті қатаң сақтап,
көркемдегіш құралды тиімді пайдаланып шығармашылық
жұмыс жазу
Құндылықтарды дарыту
Әлемдік азаматтық, өмір бойы білім алу.
Пәнаралық байланыс
Технология, әдебиет, т.б.
Тірек сөздер
Ғылыми иновация,
жаһандық позициялау жүйесі (GPS
“Джи Пи Эс”),
экология мектебі, бәсекеге қабілеті, рухани
жаңғыру, рухани құндылық
Сабақтың жүргізілу барысы
Жазылымалды тапсырмасы.
1-тапсырма
.
Қазіргі жастар білім мен ғылымға қаншалықты бет бұруда?
Жастардың
білім алып, ғылыммен айналысуына қандай іс-шаралар өткізіліп жатыр?
Жастардың ғылыммен айналысуына Елбасы қандай көмек көрсетуде?
2-тапсырма.
Ыбырай Алтынсаринің «
Өнер-білім бар жұрттар
» өлеңін оқып, технология
заманымен салыстыра талдау. Астарлы мағынадағы және ауыспалы мағынадағы сөздерге түсінік
жүргізіңіз.
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды;
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді
ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды;
Мал
істейтін жұмысты
От пен суға түсірді;
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай,
Білмегенде танықтай;
Біз де
бекер жатпалық,
Осыларға таныспай;
Ат өнері білінбес
Бәйгеге түсіп жарыспай;
Желкілдеп шыққан көк шөптей
Жаңа
өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз, қалыспай.
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
Өнер – жігіт көркі деп
Ескермедік мақалды…
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды.