«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет87/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

 
2-тапсырма.
 
 Ғылым жайлы афаризмдерді 4 топ болып талдаңыз. 
1-топ.
Ғылым үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат 
пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас 
әрекет онда болмасқа керек. 
Автор: 
Әбу Насыр Әл-Фараби
 
2-топ
. Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, 
тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым 
ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады. 
Автор: 
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
 
3-топ. 
Қандай ғылым болса да, ол – адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну 
арқылы ұялайды. 
Автор: 
Әбу Насыр Әл-Фараби
 
4-топ. 
Дін, өнер және ғылым – бір ағаштың бұтақтары. 
Автор: Альберт Энштейн. 
 
Оқылым тапсырмасы. 
 
3-тапсырма.
 
Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, 3 топ үш түрлі 
оқу стратегиясын орындайды

 
1-топ негізгі ойды білдіріп тұрған сөздер мен сөз тіркестерін бір бөлек, мазмұнды 
ашып тұрған аргумент сөйлемдерді бір бөлек етіп, екі бағанға бөліп, өлеңді іріктеп 
оқиды; 
 


2-топ өлеңнің астарлы мағынасына түсінік бере отырып, жан-жақты сөз тіркестер 
мен сөздердің мағынасына тоқталып, зерттеуюдің 10 қадамын жасап, зерттеп
оқиды. 
 
3-топ өлең мазмұны мен идеясына қарай авторға 10 комментарий жасай отырып 
бағалай оқиды. 
 
Оқылым мәтіні

Ғылым таппай мақтанба,
 
Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба 
Ойнап босқа күлуге, 
Бес нәрседен қашық бол, 
Бес нәрсеге асық бол. 
Адам болам десеңіз. 
Тілеуің, өмірің алдыңда, 
Оған қайғы жесеңіз. 
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның білсеңіз, 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым, ойлап қой – 
Бес асыл іс, көнсеңіз. 
Жамандық көрсең нәфритлі, 
Суытып көңіл тыйсаңыз. 
Жақсылық көрсең ғибрәтлі, 
Оны ойға жисаңыз. 
Ғалым болмай немене, 
Балалықты қисаңыз? 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Бір ғалымды көрсеңіз. 
Ондай болмақ қайда деп, 
Айтпа ғылым сүйсеңіз. 
Сізге ғылыми кім берер, 
Жанбай жатып сөнсеңіз? 
Дүние де өзі, мал да өзі, 
Ғылымға көңіл берсеңіз. 
Білгендердің сөзіне 
Махаббатпен ерсеңіз. 
Ақыл сенбей сенбеңіз, 
Бір іске кез келсеңіз. 
Ақсақал айтты, бай айтты, 
Кім болса мейлі, сол айтты – 
Ақылменен жеңсеңіз. 
Надандарға бой берме, 
Шын сөзбенен өлсеңіз 
Аят, хадис емес қой, 
Күпір болдың демес қой, 
Қанша қарсы келсеңіз. 
Көп орында көріне айтпа, 
Біздің сөзге ерсеңіз. 
Мұны жазған кісінің 
Атын білме, сөзін біл! 
Осы жалған дүниеден 
Шешен де өткен не бұлбұл. 
Көсем де өткен не дүлдүл. 
Сөз мәнісін білсеңіз, 
Ақыл-мизан, өлшеу қыл. 
Егер қисық көрінсе, 
Мейлің таста, мейлің күл. 
Егер түзу көрінсе, 
Ойлап-ойлап, құлаққа іл. 
Ақмақ көп, ақылды аз, 
Деме көптің сөзі бұл. 
Жақынның сөзі тәтті деп, 
Жақыным айтты дей көрме. 
Надандықпен кім айтса, 
Ондай түпсіз сөзге ерме, 
Сізге айтамын, қаупім – бұл. 
Өзің үшін үйренсең, 
Жамандықтан жиренсең, 
Ашыларсың жылма-жыл. 
Біреу үшін үйренсең, 
Біреу білмес, сен білсең, 
Білгеніңнің бәрі – тұл, 
Сөзіне қарай кісіні ал, 
Кісіге қарап сөз алма. 
Шын сөзі қайсы біле алмай, 
Әр нәрседен құр қалма. 
Мұны жазған білген құл, 
Ғұламаһи Дауани 
Солай депті ол шыншыл. 
Сөзін оқы және ойла, 
Түз үйреніп, тез жойма, 
Жас уақытта көңіл – гүл. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет