Бағалау
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
5-тапсырма. Оқушылар мәтін мазмұнына болжам жасап, 10
жауапты сәйкестендіріп,
жалғасын тауып түгендеп, жинақтап оқыңыз.
Қазақ халқының: «Білекті бірді жеңеді, білімді мыңды жеңеді», – деген нақыл сөзі бар.
Уағызымызды білім туралы айтылатын көненің бір ғибратты әңгімесімен бастайын. Сонау
VII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі Әзірет
Әліні (Әли ибн Әби Талиб) ел ішінде «ілімнің қақпасы» деп атайды екен. Осы
атақтың рас - өтірігін сынау мақсатында жерлестері оған он адамды
кезекпен жібермекші
болған. Олардың бәрі Әзірет Әліге бір ғана сұрақ: «Білім артық па, байлық артық па?» деп
сұрайтын болып келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап берсе ғана халифаны шын
мойындамақ болыпты. Сонда Әзірет Әлі әр адам қойған бір сұраққа түрлі
дәйектемелермен былай деп жауап берген екен:
1.
Білім артық, өйткені, ол –
пайғамбарлардан қалған мирас, байлық –
Байлықты жұмсай берсең, бір күні
түгесіледі.
2. Білім артық, білімдінің жанында адал
достар көп болады,
дүние-мал болса бүлінеді, сондықтан да
білім артық.
3. Білім артық, ол
досыңды көбейтеді
Байлығы мол адам оған мастанып
мақтанады, астамшылық көрсетеді,
сондықтан білім артық деген екен.
4. Білім артық,
оны қанша жұмсағанмен
азаймайды.
ал бай адамның қасында амал достар көп
болады.
5. Білім артық,
оны ұры-қарыдан сақтаудың
керегі жоқ,
байлығыңа ұдайы есеп жүргізіп тұруың
керек.
6. Білімің көп болса ел саған қызығады
Байлық болса сараңдық пен
қомағайлығыңды арттырады.
7. Білім артық,
білімің көп болғанмен есеп-
қисап жүргізбейсің,
ал жиған дүниеңді сырт көздерден
қорғаштаумен өтесің.
8. Білім қанша көп болса да іріп-шіріп
кетпейді,
байлығың көп болса ел сені қызғанады,
білімнің артық болатыны сол.
9. Білім артық, ол
кісілігің мен кішілігіңді
арттырады.
бақылдардан қалған мұра.
10. Шынайы білімді адам орнымен
сөйлейді, ізеттілігі де артады.
байлық дұшпаныңды арттырады.
(Мырзагелді Кемел «Абзалдық әліппесі»)
Достарыңызбен бөлісу: