қандай да ең жаңа технология өнімі болса да, әрі кетсе 5 жылда ғылым мен
технологияның тез дамуына байланысты тиімділік үстемдігінен айырылады. Сондықтан
кез келген зауытты немесе фабриканы ғылыми тұрғыдан демеп сүйемелдеу
арқылы
өнімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға болады. Мысалы, АҚШ, Батыс Еуропа,
Жапония, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерде өңдеу, тауар шығару өндірісі осындай
жүйеге негізделген. Ал керісінше, Оңтүстік-Шығыс
Азия елдері ауылшаруашылық
дақылдарынан жыл сайын 4-5 рет өнім алатынына қарамастан, кедейшілікте өмір кешуде.
Себебі ол елдерде индустрия дамымаған, ал ол жағдай өз кезегінде жоғары техникалық
білім мен ғылымның жетілмегендігіне байланысты орын алып отыр. Индустрияның
кенжелеп артта қалуы, өз кезегінде, жоғары техникалық білім мен ғылымның кері кетуіне
әкеліп соғуы мүмкін. Технология және оның негізін қалайтын білімнің өндіруші күш
халіне келуі қазіргі кезеңнің басты айырмашылығы әрі басымдығы болып отыр.
Сондықтан «Ғылымсыз даму (прогресс) болмайды» – деген аксиоманы әрдайым естен
шығармаған жөн. Елімізде ғылым арқылы ең соңғы жетілдірілген
технологияның берік
тұғырын қалыптастырып, қарқындап дамуға жан-жақты алғышарттар жеткілікті. Соның
бірі және бірегейі ретінде Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы «Алтын көпір»
болу мүмкіндігін атап өткенді жөн көреміз. Алдағы басым мақсаттардан бірі – 2050 жылға
дейін дамыған 30 елдің қатарына кіру екені белгілі. Бұл – оңай алынатын асу емес. Осы
тұрғыдан жаңа Жолдау Қазақстанның әлемдік экономикалық және әлеуметтік, мәдени
салалардағы түбірлі өзгерістерге бейімделуіне жол көрсетеді. Бұл құжат «Мәңгілік ел»
атану жолында жүктелген
міндеттерді орындауға бағыттап, болашағымызды жарқын
етуге негіз болмақ. Жолдауда белгіленіп берілген маңызды тапсырмаларды жүзеге асыру
– Қазақстанның әлемдік аренадағы орнын биіктетіп, жолын айқындап берері даусыз. Тек
сонда ғана өркениетті елдер қатарында ілгерілеп дамуға мүмкіндік аламыз. Алға
ұмтылмайтын ел болмайды. Елбасы Жолдауын Ұлттық ғылым академиясының
академиктері мен корреспондент-мүшелері, жалпы, барлық ұжым толығымен
қолдайтынына және оны жүзеге асыру барысында аянбай еңбек ететініне сеніміміз мол.
https://egemen.kz/article/175718-murat-zhurinov-ghylymnynh-damuy-eldinh-damuy
Достарыңызбен бөлісу: