5-сабақ
Оқу мақсаттары
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,
түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
Сабақ тақырыбы
Өнертабыстарды тіркеу жолдары
Сабақ мақсаттары
Мәтіндегі ақпартты іріктеп, жинақтап қолдану
Құндылықтарды дарыту
Әлемдік азаматтық, өмір бойы білім алу.
Пәнаралық байланыс
Технология
Тірек сөздер
Өнертабыстар құқығы, аннотация, зерттеу мақсаты,
жаңалық иесі, жаңа идея, өтінім, ұсыныс, зерттеу
жаңалығы, т.б.
Сабақтың жүргізілу барысы
Оқылымалды тапсырмасы.
1-тапсырма.
- Қазақстанда қандай өнертапқыштар туралы айта аласыз?
Қосымша ақпарат:
- Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистранты
Серікбол Шаймардан электронды бесік ойлап тапты. Арнайы құрылғыны бесікпен
қосқандағы жалпы бағасы 50 мың теңге. Бесікті смартбесікке айналдыратын
тербеткіштің құны 39 мың теңге болады. Бұл тербеткішті кез келген бесікке орнатуға
болады
.
- М.Әуезов атындағы ОҚМУ технологтары Малика Әлімова мен Нина Алексеева кәдімгі
зефирдің құрамына сүт іріткісі мен мейіз қосса, зефирдің емдік қасиеті артатынын
айтқан
.
-
Қостанай өңірінің тумасы Бақытжан Әлменов гидравликалық қондырғы ойлап тапты.
Өз өнертабысын ол осыдан 10 жыл бұрын Женева халықаралық бюросына тіркетіп,
патент алған. Қондырғы «Әлменовтың гидравликалық қондырғысы» деп аталады. Ауа
компрессормен алынып, құбырмен төмен, барабанға жіберіледі. Бұл барабан ауаны
жинақтайтын және сол ауаны ретімен беріп отыратын механизм. Сол жерден клапан
ашылып, капшыққа өзінің мөлшерленген көлемін беріп отырады. Бүгінде 1 килловтт
электроэнергия 15 теңге тұрады. Бақытжан Әлментаевтің қондырғысын іске қосса, бұл
баға 2-3 теңгеден аспайды. Энергияның өзіндік бағасы төмен болған соң өндіріс, қызмет
көрсету түрлері, коммуналдық қызметтер, жалпы барлық зат арзандайды. Нан бағасы 60
теңге емес, 15-20 теңгеге дейін төмендейді.
- Өнертапқыш Сайдыбай Бекболатов «Қазақтың мәңгілік күнтізбесін» ойлап тапты.
Өнертапқыш Григориан күнтізбесін қате деп есептейді. Оның айтуынша, 12 емес, 13 ай
бар, ал әр айда 28 күн бар. Жыл наурыз айынан басталады, ал наурыз айының өзі 1-інен
емес, 0-ден басталады. Ал қосымша айды өнертапқыш шаян мен мергеннің ортасына
қойған.
|