«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы


-тапсырма.   Оқылым стратегияларымен танысу



Pdf көрінісі
бет93/175
Дата22.10.2022
өлшемі4,61 Mb.
#154662
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   175
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ҚГБ

2-тапсырма.
 
Оқылым стратегияларымен танысу
 
 

Топпен оқу стратегиясы – топ ішінде ой алмасу арқылы оқу 

Ішінен сұрақтар қоя отырып оқу – оқуды зерттеу сұрақтарына жауап бере 
отырып, жүзеге асыру 

Үзілістер жасай отырып ішінене оқу – әр абзацты түсініп барып, үзілістер арқылы 
оқу 

Белгілер сала отырып, ішінен оқу – түсінбеген жерлеріне белгі салу, терминдер 
мен қажетті фактілерді белгілей отырып оқу 

Екіжақты күнделік арқылы оқу – автор көзқарасы мен өз көзқарасын салыстыра 
отырып оқу 
Оқылым тапсырмасы 
 
3-тапсырма. 
Сынып оқушыларын 5 топқа топтастырып, әртүрлі инновациялық өнертабыстар туралы 
«Өнертабыстарды тіркеу жолдары» тақырыбындағы мәтін беріледі. Сол мәтінді 
топтардың өздері таңдаған оқылым стратегиясын таңдау арқылы оқуы тапсырылады. 
Нәтижеде авторларға сілтеме жасап, өз мәтінінің мазмұнын сыныпқа таныстырады. 
 
Оқылым мәтіні: 
Өнертабыстарды тіркеу жолдары 
Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік меншік сияқты әр түрлі 
зияткерлік меншіктерді құқықтық қорғау (сақтау) пайдалануға береді, өнертабыс, 
пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, селекциялық жетістіктер, тауар таңбалары, 
тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары олардың объектілері ретінде болып 
табылады. 
Өнертабыс ретінде өнімге (құрылғыға, затқа, штамм микроағзасына, өсімдік 
жасушасының дақылдарына немесе жануарларға,) әдіске (материалдық әдістер арқылы 
материалдық объектіден әрекетті жүзеге асырудағы үдеріске), және де белгілі өнімді 
қолдануға немесе жаңа мақсат бойынша әдіске немесе белгілі мақсат бойынша жаңа 
өнімге қатысы бар кез келген саладағы техникалық шешімдер қорғалады. 
Қазақстанда өнертабысқа құқық инновациялық патентпен және патентпен қорғалады. 
Инновациялық патент пен патент басымдықты, туындыгерлікті және өнертабысты 
қолдануға айрықша құқықты куәландырады. Патентте аумақтық күші бар, яғни 
Қазақстан Республикасының патентімен куәландырылған өнертабыстың айрықша 
құқығы Қазақстан Республикасының аумағында ғана жүреді. Инновациялық патент 
әлемдік жаңалық пен өнертабыс деңгейіне байланысты арыз берушінің тәуекеліне және 
оның жауапкершілігіне беріледі. 
Өнертабыс үшін берілген инновациялық патенттің қолдану мерзімі Қазақстан 
Республикасының патенттік мекемесіне арыз берген күннен бастап үш жыл бойы күшін 
сақтайды. Патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы 
мүмкiн, бiрақ ол екi жылдан аспауы керек. 
Инновациялық патентті немесе өнертабыс патентін тіркеу өтінімі үшін қажетті 
материалдар құрамында өнертабысты немесе пайдалы модельды қорғауды қамтамасыз 
ететін құжатты беру туралы 4 дана арыз, өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс формуласы, 
өнертабыстың болмысын түсінуге көмектесетін сызбалар және басқа да материалдар, 
сонымен қатар мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде әзірленген реферат болуы тиіс. 
Тіркеуге қажетті құжаттар «ҰЗМИ» РМК тапсырылады.
Өнертабысқа және пайдалы модельге қорғау құжатын беру туралы өтінім бланкісі 
«ҰЗМИ» РМК сайтында 
http://www.kazpatent.kz
 «Бұйрықтар, ереже және нұсқаулықтар» 
бөліміндегі «Типтік келісім-шарттар, бланкілер» бөлімшесінде орналасқан.


Өнертабысқа өтінім өтінімге жататын тәсілге кез-келген саладағы техникалық шешімге
сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа бағыт бойынша немесе жаңа өнімді белгілі 
бағытта қолдануға беріледі, және келесі құжаттарды қамтуы тиіс: 
- Өнертабысқа инновациялық патент немесе патент беру туралы өтінім; 
- Сәйкес білім саласындағы мамандармен оны толық, жеткілікті дәрежеде жүзеге асыру 
үшін өнертабыс мәнін ашатын өнертабыс сипаттамасы; 
- Құқық қорғау көлемін анықтайтын өнертабыс формуласы; 
- Егер олар өнертабыс мәнін түсіну үшін қажет болған жағдайда, сызбалар және басқа да 
мәліметтер; 
- Өнертабыс туралы қысқаша ақпаратты қамтитын өнертабыс рефераты. 
Өтінімге қоса берілуі тиіс: 
1) қорғау құжатын беруге өтінім беру үшін сараптама жасау ұйымының қызметтеріне 
төлемді растайтын құжат; 
2) уәкілетті орган және сараптама жасау ұйымы алдындағы өкілдікке сенімхат. 
Өтінім беруге төлемдер мөлшері қолданыстағы «ҰЗМИ» РМК тарифтеріне сәйкес 
жүзеге асырылады және Қазақстанның жеке тұлғалары үшін 4 айлық есептік 
көрсеткішті, ал Қазақстанның заңды тұлғалары үшін 11 айлық есептік көрсеткішті 
құрайды. 
Астана қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі 
керек болған жағдайда өнертабысқа патент алу үшін қажетті құжаттарды дайындау 
барысында заңгерлік және консультациялық көмек көрсетеді. 
Біздің мекен-жайымыз: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 15, тел 32-17-18, 32-10-71. 
Астана қаласы Әділет департаменті 
Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет