Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының
2016 жылғы орындалуы туралы талдамалық жазба
2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (ҚР БҒМ-нің 2015 ж. 7 қарашадағы № 640 бұйрығы) (бұдан әрі – Стратегиялық жоспар) жүзеге асырылды.
Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру алты бағыт бойынша жүргізілді:
1) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту;
2) орта білім беру;
3) техникалық және кәсіптік білім беру;
4) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім;
5) ғылымды дамыту;
6) жастар саясаты.
Стратегиялық жоспарда 32 мақсатты индикаторға қол жеткізу қарастырылған, оның ішінде 15-і ДЭФ ЖБИ индикаторы болып табылады.
Стратегиялық жоспардың 32 мақсатты индикаторынан:
- қол жеткізілгені – 21;
- қол жеткізілмегені – 11 (ДЭФ ЖБИ индикаторлары – 8).
1-стратегиялық бағыт 1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
Мақсат. Балаларды ерте дамыту және мектепке дайындау үшін сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарға сәйкес аталған бағыттың шеңберінде 2016 жылы 2 мақсатты индикаторды орындау қарастырылған.
Ағымдағы жағдай
9 410 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 4 915 балабақша (2087-сі жекеменшікте, 4 495 шағын орталық (249-ы жекеменшікте) жұмыс жасайды.
Контингенті 807,1 мың баланы құрайды.
3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 85,8%-ды құрайды, жоспар 82,7% болатын.
Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Жоғары көрсеткіштер Қызылорда (98,9%), Солтүстік Қазақстан (98%), Ақмола (97,9%), Ақтөбе (95,8%) облыстарында.
3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың жоғары көрсеткіштері Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай (100%), Солтүстік Қазақстан (98%), Ақмола (97,9%) облыстарында байқалады.
Оңтүстік Қазақстан (67,8%), Маңғыстау (78,6%) облыстарында және Астана (70,6%) мен Алматы (80%) қалаларында қамту республикалық көрсеткіштен төмен.
Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі:
- 77 балабақшаның құрылысы (ҰҚ-14, РБ-27, ЖБ -36),
- 642 жеке балабақшаны (582 б/б және 60 ш/о) ашу;
- МЖӘ есебінен 1,3 мың орынға арналған 7 балабақшаны ашу;
- тұрғын үй кешендерінің 1-қабаттарында 98 орынға арналған 3 мектепке дейінгі ұйымды ашу;
- басқа тәсілдермен 32 бірлікті ашу;
- 64 шағын орталықтың есебінен өсті.
Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар 82,2 мың педагог жұмыс жасайды, оның ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша – 30,8 мың адам (37,4%).
2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жаңа үлгілік бағдарламасы енгізілді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың икемділігі мен дағдыларын дамыту индикаторларының жүйесі әзірленді. Аталған жүйе 2017 жылғы қыркүйектен бастап енгізіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар үшін қашықтан оқыту ұйымдастырылды. Біз 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша ЭЫДҰ елдерінен кейінгі қалып барамыз (Қазақстанда 1-3 жастағы қамту – 16%, ЭЫДҰ елдеріндегі көрсеткіш 32% құрайды).
Проблема
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында орын тапшылығы сақталуда. Республикада мектепке дейінгі ұйымдарға орналасу үшін 544,6 мың өтініш тіркелген, бұл 2015 жылдағыдан 708-ге аз (545,4 мың өтініш). Бұл ретте, кезектіліктің қайталануы орын алған жағдайларды ескеру қажет.
Қабылданып жатқан шаралар:
Жалпы кезектіліктен мемлекеттік тапсырыспен жеке мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама берілген балалар контингентінің қайталануын жою мақсатында «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінің (ҰБДҚ) функциясы жетілдірілді.
Нәтижесінде балалардың деректерін ҰБДҚ-ға қайта енгізу мүмкіндігі жойылды. Егер баланың ЖСН-і бір мектепке дейінгі ұйымда тіркелсе, жүйе баланың деректерін басқа мектепке дейінгі ұйымға енгізуге мүмкіндік бермейді.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою рәсімін «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2-стратегиялық бағыт. Орта білім беру және балалардың құқықтарын қорғау
2.1. Мақсат. Сапалы орта білімге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Бала өмірінің сапасын арттыру үшін құқықтық және әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету
11 индикаторды орындау қарастырылған.
11 мақсатты индикатордың 7-не қол жеткізілді, 4-не қол жеткізілмеді.
Бастауыш және орта білім сапасын жоғарылату жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Қазақстанның ДЭФ ЖБИ-дің келесі индикаторлары бойынша орындары жақсарды:
Орта білім берумен қамту – 21-орын (2015 ж. – 42-орын);
Мектептердегі Интернетке қол жетімділік – 29-орын (2015 ж. – 41-орын).
Ағымдағы жағдай
2016-2017 оқу жылында жалпы контингенті 2 930 мың бала 7 450 жалпы білім беретін мектеп (2015 ж. - 7511) жұмыс жасайды. Контингенттің 2015 жылмен салыстырғанда өсімі 1 309 мың баланы құрайды.
3036 шағын жинақты мектеп жұмыс жасайды (2015-2016 оқу жылында – 3161 бірлік), ол мектептердің жалпы санының 42,7%-ын құрайды. Контингенті - 205,853 мың бала.
496 ШЖМ-ді тартумен 160 ресурстық орталық құрылды.
ЭЫДҰ 2016 жылдың соңында 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалайтын PISA-2015 халықаралық зерттеуінің нәтижелері жарияланды.
Қазақстанның PISA-2015-тегі нәтижелері: математика – 460, жаратылыстану – 456, оқу – 427. Математика бойынша нәтижелердің өсімі 28, ал жаратылыстану бойынша 31 ұпайды құрады. PISA-2015 зерттеуінде ең жоғарғы көрсеткіш оқу сауаттылығы (+34) бойынша.
TIMSS-2015 нәтижелері бойынша қазақстандық мектеп оқушылары математикалық және жаратылыстану ғылыми даярлығы бойынша (538) АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Канада, Аустралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және басқа да елдердегі өздерінің құрдастарынан алға озып, халықаралық орташа көрсеткіштен (494) біршама жоғары болды.
ҰБТ форматы екі сатыға бөлініп өзгертілді: қорытынды аттестаттау – мектептердегі бітіру емтиханы және ЖОО-ға түсу емтиханы.
Білім алушылардың қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша орта білім беру ұйымдары арасында білім сапасындағы айырмашылық көрсеткіші 61,4 балды құрады. Аталған көрсеткішті есептеу кезінде балдары орташа төмен (55,34) және орташа жоғары (116,77) мектептердің нәтижелері ескерілді.
Әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша балалардың құқықтық қорғалу деңгейі 69,8%-ды құрады, жоспар 68% болатын.
2017 жылғы 1 қаңтардағы әкімшілік есептілік деректері бойынша балалар үйі мен сәбилер үйінен жанұяда тәрбиелеуге 1 726 бала берілді, ол есептік кезеңнің басындағы тәрбиеленушілердің жалпы санынан (8 066) 21%-ды құрайды, оның ішінде қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) – 453, патронатқа – 281, асырап алуға – 214, туған жанұясына қайтарылды – 778.
«Республикалық жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасында тәрбиелеуге қабылдауға ниетті тұлғалардың деректер банкі» ақпараттық жүйесі құрылды.
Қабылдайтын және қонаққа баратын отбасылардың институттары енгізілді.
Проблемалар:
Стратегиялық жоспарда орта білім беру жүйесінде 4 мақсатты индикаторға қол жеткізбеу орын алды.
Қол жеткізілмеген мақсатты индикаторлар:
1. Бастауыш біліммен қамту – 118-орын (2015 ж. – 118-орын) жоспар – 116-орын.
Индикатор 2015 жылғы деңгейде қалды, «Бастауыш біліммен қамту» (таза) индикаторын есептеу үшін ДЭФ бастауыш біліммен қамтудың таза коэффициентінің статдеректерін ғана қолданады.
Бұл 7 жастан 10 жасқа дейінгі 1-4-ші сынып оқушыларының аталған жас тобындағы тұрғындарға қатынасындағы нақты саны. Аталған әдістемеде бастауыш мектепте оқитын 6 жастағы балалар есептелмейді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес елде бірінші сыныпқа қабылдау 6 (7) жастан бастап іске асырылады.
2. Бастауыш білімнің сапасы, жоспар – 61-орын, факт – 70-орын (2015 ж. – 63-орын).
3. Математика және жаратылыстану ғылыми білімнің сапасы, жоспар – 68-орын, факт – 69-орын (2015 ж. – 71-орын). Былтырғы жылмен салыстырғанда орынның жақсарғанына қарамастан көрсеткіш жоспарлы мәнге жетпеді.
Аталған индикаторлар сауалнама арқылы анықталады. Орынның төмендеу себептері халық арасында 12 жылдық білім, білім беру мазмұнын жаңарту, үш тілде оқыту және т.б. туралы ақпараттық-түсініктеме жұмыстарының жеткіліксіздігінде.
4. Үш ауысымда сабақ беретін мектептердің үлесі, жоспар – 1,1%, факт – 1,5%.
2016 жылғы 1 қаңтарда үш ауысымда оқытатын 87 мектеп жұмыс жасады.
Үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін 2016 жылы 47 мектеп салынды.
2016 жылдың соңында үш ауысымда оқытатын қосымша анықталған мектептердің саны 66 бірлікті құрады.
Сонымен, үш ауысымда оқытатын мектептердің үлесі мектептердің жалпы санынан (2015-2016 оқу жылы – 7100) 1,5 %-ды құрады, жоспар 1,1% болған.
Индикаторға қол жеткізбеу себебі халықтың демографиялық өсімі және көші-қон белсенділігінің жоғарылауы болып табылады.
Қабылданып жатқан шаралар:
Министрлік барлық статистикалық және сауалнама көрсеткіштерін жақсарту бойынша мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізуде.
ДЭФ ЖБИ индикаторларын жақсарту үшін Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсартудың 2018 жылға дейінгі шаралары белсендірілді.
Үш ауысымда оқытатын мектептерге тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, нәтижесі бойынша ұсыныстар ВАК-қа ұсынылады.
3-стратегиялық бағыт. Техникалық және кәсіптік білім
3.1. Мақсат. Еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету
2 индикаторға қол жеткізу көзделген.
Ағымдағы жағдай
Қазіргі таңда республикада 817 колледж бар, оның 473 мемлекеттік, 344 жекеменшік болып табылады. Жалпы контингенті 489,1 мың адам, оның 98,6 мың адамы (20,2%)
Жалпы контингент – 489,1 мың адам, оның ішінде 98,6 мың адам (20,2%) жұмысшы біліктіліктерімен оқиды, 390,5 мың адам (79,8%) орташа дәрежедегі мамандықтар бойынша. Кадрларды даярлау мемлекеттік тапсырыс негізінде іске асырылады – 244,9 мың адам (50,1%) және ақылы негізде – 244,3 мың адам (49,9%). Колледждердегі кадрларды даярлау 703 біліктілікпен 213 мамандық бойынша жүргізіледі.
2016-2017 оқу жылында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасын іске асыру шеңберінде техникалық және кәсіптік білімнің қажетті мамандықтары бойынша 1050 орынға нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырысы 27 колледжге орналастырылды.
3600 адам біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-тың жаңа білім беру бағдарламалары бойынша –ТжКБ оқу орындарының 402 басшысы.
Қазіргі уақытта колледждер мен кәсіпорындар арасында 27 мың келісім жасалынды, оның ішінде дуальді оқыту бойынша – 27 мың студентті қамтыған 5,2 мың келісім. Дуальді оқыту қағидаттары 2 433 кәсіпорынның қатысуымен 421 колледжде енгізілуде.
Дуальді оқытудың жол картасы іске асырылуда (ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 1093 қаулысы).
Кәсіпорындарда өндірістік практикадан өту үшін жағдайлар жасалуда. ҚР 15 өңірінде кәсіпорындар жанында 60 оқу орталығы, кәмелетке толмағандардың негізгі контингентін оқыту үшін 5 сала кластері құрылды. Орталықтардың базасында өндірістік оқыту жүргізілуде.
Жұмыс берушілер қауымдастығы мен колледждердің арасында кәсіпорындардың тәлімгерлігі мен басшылығын ұйымдастыру жөніндегі өзара іс-қимыл туралы 2 консорциум құрылды. Колледждерді кәсіпорындардың басшылығына беру туралы 60 шарт жасалды.
«Тегін ТжКБ» жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- 2017 жылғы қыркүйектен бастап барлық ниет білдіргендер жұмысшы біліктілігіне мемлекеттік тапсырысты ұлғайту (40%-дан 60%-ға дейін) және жергілікті бюджеттен орташа дәрежедегі мамандықтарды азайту (60%-дан 40%-ға дейін) есебінен бірінші жұмысшы біліктілігін тегін алады.
- жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге және беделін жоғарылатуға, білім беру бағдарламаларын жаңғыртуға, колледждердің өндірістік шеберханалары мен зертханаларының материалдық-техникалық базасын жабдықтауға, инженер-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар қабылданады.
Бес жылдың ішінде тегін ТжКБ-мен 674 мың адам қамтылатын болады.
Проблемалар:
- қазіргі заманғы отандық оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығы;
- Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің оқу әдебиеттерінің мазмұнын жаңарту үшін ТжКБ оқу орындарын жеткіліксіз қаржыландыруы.
Қабылданып жатқан шаралар: Министрлік қазіргі заманғы отандық оқу әдебиеттері мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу жөніндегі шараларды қабылдауда. 2016 жылы 100 шетел әдебиеті мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылды.
Оқу орындарын оқу әдебиеттерімен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін қазіргі уақытта Электронды кітапхананы құру тұжырымдамасы әзірленді.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді, ақпаратты өңдеп сақтайтын және онлайн оқытуды өткізу үшін қондырғыны алу жоспарлануда. Халықаралық кітапханалармен және контент-провайдерлермен бірге тығыз қатынас орнатылатын болады.
4-стратегиялық бағыт. Жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім
4.1 Мақсат. Экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету
8 индикаторға қол жеткізу қарастырылған.
8 индикатордың 4-уі орындалды, 4-орындалмады (БЭФ ЖБИ).
Ағымдағы жағдай
2016-2017 оқу жылының басында 130 жоғары оқу орны (ұлттық – 10, мемлекеттік – 32, азаматтық емес – 13, ДБҰ – 1, халықаралық – 1, акционерлік – 18, жекеменшік – 54, жоғарғы сот - 1).
Білім алушылар контингенті – 512 677 адам (оның ішінде бакалавриат– 477074, магистратура – 32893 адам, докторантура – 2710 адам).
«Болашақ» бағдарламасы бойынша 1208 адам оқиды (Ұлыбританияда – 50%, АҚШ пен Канадада – 34%, континентальді Еуропада – 6%, Азия мен Океанияда – 6%, РФ-да – 4%).
Профессорлық-педагогикалық құрам - 38 241 адам (олардың ішінде ғылым докторлары – 3499 адам, ғылым кандидаты – 14 023, PhD докторы – 1562, бейін бойынша – 175, ПОҚ дәрежелілігі – 53,0%).
Жоғары оқу орындары оқытушыларының ағылшын тілі бойынша тіл құзыретін арттыру үшін 2016-2018 жылдары 4000 педагогикалық мамандық мұғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары қарастырылған (2016 ж. – 1500, 2017 ж. – 1500, 2018 ж. – 1000). 2016 жылы 1500 оқытушы ағылшын тілін тереңдетіп оқыту бойынша оқудан өтті.
Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін меңгерген оқытушылық-профессорлық құрамның базасы жасалды. Педагогикалық мамандықтар бойынша оқытатын 4 мың ПОҚ-тың 30%-ы ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгерген, оның 20%-ы сабақты ағылшын тілінде жүргізеді.
28 ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарында Байқау кеңестері жұмыс істейді.
2016 жылы 8 жоғары оқу орнындағы байқау кеңестерінің құрамы жаңартылды, 20 жоғары оқу орнында әкімдіктердің, бизнестің, БҒМ және қауымдастықтың қатысуымен 11 адамнан тұратын Байқау кеңестерінің құрамы жасақталды.
ЖОО-лардың басқару құрамын жасақтаудың жаңа жолдары қалыптасқан. 2016 жылы Республикалық комиссияның шешімімен конкурстық іріктеу өтіп, 5 ЖОО ректорын тағайындау ұсынылды.
Жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 31 702 грантты құрады, оның ішінде Серпін-2050 бағдарламасы бойынша 3 162 грант, магистратурада мамандар даярлауға мемлекеттік тапсырыс – 7429 орынды, PhD докторантурада – 628 бірлікті құрады, олардың 43-і Назарбаев Университеті үшін.
37 азаматтық жоғары оқу орнында Назарбаев Университетінің тәжірибесі таратылуда. ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауда академиялық дербестігі бакалавриатта 65%-ға дейін кеңейтілді, магистратурада – 70%, докторантурада – 90% (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысы).
ЖОО-лар ынтымақтастық туралы халықаралық келісімшарттар, меморандумдар шеңберінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Ресей және т.б. елдердің жетекші университтеттерінің білім және ғылым саласындағы халықаралық ғылыми және білім беру жобаларына белсенді қатысады.
QS WUR халықаралық рейтингісінде 2016 жылы 8 қазақстандық ЖОО белгіленді, оның 2-уі топ-300-ге және топ-400-ге кірді.
Анықтама:
1. Әл-Фараби атындағы КазМУ (топ-300)
2. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (топ-400)
3. К.Сәтпаев атындағы КазҰТЗУ (топ 411-420)
4. Абай атындағы КазҰПУ (топ 551-600)
5. М. Әуэзов атындағы ОҚМУ (топ 601-650)
6. ҚБТУ (топ 651-700)
7. Букетов атындағы КарМУ (топ 701+)
8. Абылай хан атындағы ХҚжәнеХТҚазУ (топ 701+)
Проблемалар
БЭФ ЖБИ халықаралық рейтингіндегі жоғары білім жүйесіндегі мынадай индикаторлар бойынша Қазақстанның иеленген орындары төмендеді:
Менеджмент/басқару мектептерінің сапасы (жоспар – 100, факт - 106).
Аталған көрсеткіш бойынша орындардың төмендеуі менеджмент мектептерінің жетіспеушілігі, мұғалімдердің біліктілік деңгейлірінің төмендігі, нашар МТБ, білім беру жүйесін жақсартуға бағытталған іс-шаралар туралы ақпараттың жеткіліксіз таратылуы және БАҚ-тағы теріс ақпараттың көбеюуі. Сондай-ақ ұсынылып отырған білім беру бағдарламалары тұтынушылардың талаптарына жауап бермейді.
2) Білім жүйесінің сапасы (жоспар – 67, факт – 73).
Қазақстанның орыны былтырғы жылмен салыстырғанда 6 орынға төмендеген (2015 ж. – 67 орын).
Көрсеткіш нәтижесі сауалнама негізінде шығарылады. Орынның төмендеу себебі халық арасында 12 жылдық білім беру, білім мазмұнын жаңарту, үш тілде оқыту және т.б. бойынша ақпараттық-түсіндіру шараларының жеткіліксіздігі.
3) Жоғары біліммен қамту (жоспар – 60, факт – 61).
Орын 2015 жылғы деңгейде қалды ( 61 орын)
4) Әзірленген құжаттамалар бойынша оң қорытынды алған және конкурс жарияланған МЖӘ жобалары санының артуы ( жоспар– 1, факт – 0).
Бұл индикаторды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұдан әрі – ҚазҰУ) «Медико-биологиялық кластер» және «Инжиниринг пен ғылымды көп қажетсінетін технологиялардың инновациялық кластері» жобалары шеңберінде іске асыру жоспарланған болатын.
Жобаларды мүдделі мемлекеттік органдар қарастырды (БҒМ, ҰЭМ, ДСӘДМ).
Елдің ағымдағы экономикалық жағдайында жобалар бағасының бірден көтерілуін ескере отырып (39,7 млрд.-тан 57,7 млрд.-қа дейін) кластерлер құрылысын ҚазҰУ-дың Байқау кеңестері мен мүдделі мемлекеттік органдар қолдаған жоқ, осыған орай іс-шараның іске асырылу мерзімі кейінге шегерілді.
Қабылданған шаралар:
Жоғарыда аталған индикаторға қол жеткізу үшін менеджмент және бизнес мектептерінің желісін арттыру, топ-менеджерлердің біліктіліктерін арттыру бағдарламаларын өзектендіру, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу, бизнес орта мен азаматтық қоғам ұйымдары арасынан алынған респонденттерімен ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдау қажет.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткішетірн жақсарту бойынша 2018 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарында аталған көрсеткішті жақсартуға бағытталған шаралар қарастырылған және Министрлік оларды іске асыруда.
Сондай-ақ, ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талдамалық және ақпараттық-медиалық сүйемелдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде (БАҚ-та білім беру саласындағы жетістіктер туралы ақпаратты, видеоматериалдарды орналастыру, ресми аккаунттарды жүргізу, брифингтер, пресс-конференциялар және т.б.).
Қабылданған шаралар нәтижесінде БАҚ-тағы білім жүйесі туралы позитивті мақалалардың үлесі 80%-ды, бейтарап мақалалар 18,2%-ды, критика -1,8%-ды құрады.
Бұдан әрі халықтың, білім және ғылым саласындағы жұмысшылардың ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері мен оны іске асырудың аралық нәтижелері бойынша ақпараттандыруын артыруға бағытталған шаралар өз жалғасын табады.
«Жоғары біліммен қамту» индикаторын жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Жыл сайын жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс артуда, «Серпін» жобасы іске асырылуда, ҰБТ форматы өзгертілді.
5-стратегиялық бағыт. Ғылымды дамыту
Мақсат 5.1. Экономиканы әртараптадыруда және елді тұрақты дамытуда ғылымның үлесін арттыру
5 мақсатты индикаторды орындау қарастырылған.
5 мақсатты индикатордан қол жеткізілгені – 4, қол жеткізілмеді – 1.
Ағымдағы жағдай
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтерді коммерциаландыру туралы» Заң іске асырылуда, онда инновацияларды өндіріске ендіруді мемлекеттік қолдау механизмдері қарастырылған.
Екі инновациялық кластер – Назарбаев университеті базасындағы Астана бизнес кампусы мен «Алатау» инновациялық технологиялар паркі бірлескен ғылыми-техникалық жобалар мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды коммерциализациялау алаңына айналады.
Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасына қарыз туралы және т.б. Келісімдерге қол қойылды.
2016 жылы қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы саны 1217 бірлікті құрады, оның ішінде коммерциаландырылған жобалар – 210 (111 меморган, 65 жоба технологияларды коммерциализациялау, 34 «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде).
Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санынан коммерциализацияланған жобалар үлесі 17%-ды құрайды.
Ғылыми-зерттеу ұйымдары тұрақты түрде технологияларды коммерциализациялау, ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды басқару, ғылым саласында ақпараттандыру аймақтарын, зияткерлік меншік құқықтарын кеңейту мәселелері бойынша әртүрлі іс-шаралар жүргізеді.
Проблемалар:
«2014 жылы Ұлттық патенттердің жалпы санынан ұлттық патенттердің өсуі (1479 бірлік)» индикаторына қол жеткізілмеді (жоба – 3%, факт – 2,8%). 2015 жылы 1618 патент тіркелген, (өсім 2,8%).
Аталған индикаторға мынадай себептерге байланысты қол жеткізілмеді:
- ұлттық патенттер санынан инновациялық патенттер алынып тасталды (Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 300-VҚРЗ Заңы);
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру сомасының азаюы.
2016 жылға арналған жылдық есеп 2017 жылғы сәуірде жарияланады.
6-стратегиялық бағыт Жастар саясаты
6.1. Стратегиялық мақсат. Жастарды дамыту және оларды елдің әлеуметтік экономикалық дамуына тарту үшін жағдай
1 мақсатты индикаторды орындау көзделген.
Мақсатты индикаторға қол жеткізілді.
Ағымдағы жағдай
Ағымдағы жылы Министрлікпен және өңірлердің әкімдіктерімен жастарды дамыту және оларды елдің әлеуметтік экономикалық дамуына тарту үшін іс-шаралар өткізілді.
«Жастар» ҒЗО жастардың ресурстық орталықтары, ЖОО-лар, ТжКБ мен кәсіпорындардың жастар өзін-өзі басқару органдары үшін оқыту вебинарлары, шетелдік сарапшылардың қатысуымен жастардың өзекті мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-праткиалық конференция, ХІІ Ұлттық Дельфийлік ойындар, Жастардың республикалық форумы өткізілді.
Белсенді жастар, жастар ұйымдарының көшбасшылары, әр түрлі салалардағы жас мамандар санынан 1000 астам жастар қатысты.
«Жастар» ҒЗО жүргізген әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша 14-29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуымен қанағаттану деңгейі – 75,2%.
Қорытындылар мен ұсыныстар
Есептік кезеңде жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін және жоспарланған мақсаттарды, міндеттерді, көрсеткіштерді арттыруға бағытталған келесі шаралар қабылданды:
- Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ҚР Президентінің 2016 ж.1 наурыздағы Жарлығы) және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (2016ж. 25 сәуірдегі №243 ҚРҮҚ) бекітілді;
ҚР БҒМ-нің 2014-2018 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарына өзгерістер енгізілді (Министрдің 2016 жылғы 4.04 № 206 бұйрығы);
Мемлекет басшысы «Халықаралық ғылыми-техникалық орталық қызметін жалғастыру туралы Келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды (2016 жылығ 26 қазандағы № 18-VІ ҚРЗ).
Заң жобалары әзірленді:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ЖОО-лардың академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
19 мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің стандарттарына өзгерістер енгізілді (3 «Электрондық үкімет»веб-порталы арқылы, 15 Мемлекеттік корпорация арқылы, 1 мемқызметтің атауы бойынша).
Сонымен қатар, ай сайын Министрліктің Операциялық жоспарына, жарты жылдық негізде Стратегиялық жоспарына мониторинг жүргізілді.
Нәтижелері Білім және ғылым саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың орындалу барысын үйлестіру және мониторингілеу жөніндегі, Білім және ғылым жүйесінің дамуын стратегиялық жоспарлау, Білім берудің барлық деңгейлерінің мазмұны мен әдістемесі жөніндегі комиссиялардың отырыстарында, Білім және ғылым министрінің аппараттық кеңестерде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің қатысуымен қаралды.
Достарыңызбен бөлісу: |