Экономикалық интеграция – бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе
және норма
8-сабақ
Оқу мақсаттары
10.3.7.1 жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын
(ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік
түзетулер енгізу, редакциялау
10.4.3.1 белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп,
түрлендіріп, талғаммен қолдана білу
Сабақ мақсаттары
Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын
(ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік
түзетулер енгізу, редакциялау
Тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп,
талғаммен қолдана білу
Құндылықтарды дарыту
Жаһандық азаматтық
Пәнаралық байланыс
Экономика
Тірек сөздер
Экономикалық интеграция, заманауи үрдіс, бәсекелестік
Жазылымалды тапсырма
1-тапсырма. Еуразиялық экономикалық одақ туралы қоғамда түрлі пікірлер айтылуда.
Төменде берілген үзінділерді оқып, өз көзқарасыңды білдір.
Кедендік одақтан бізге қаншалықты пайда не зиян келетінін толығымен зерттеп жатқан
ешкім жоқ. Қазіргі дағдарыс кезінде АҚШ пен Қытай сияқты
алпауыт
елдер біздің
аймаққа ықпалын бәсеңсітіп алды. Әсіресе, АҚШ
сан соғып қалды
.
Елбасымыз Мәскеудің төрінде сөйлеген сөзінде атап өткендей, Еуразиялық эконо-
микалық одақ құрудың басты мақсаты егемендікке
қол сұғылмайтын
, еркінділік қағи-
даттарына негізделген ой-пікірлердің үндесуімен ерекшеленеді.
Тиімді тең дәрежелі интеграция – өзара тәуелділікке алып келетін, алайда
экономиканың толыққанды тыныс алуына жағдай жасайтын біздің заманымыздағы
ауадай қажетті
құбылыс.
Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдердің қаржылық жүйелерінің өзара
ұқсастығы
жер мен көктей
болғандықтан, аталып отырған одақтың болашағы бұлыңғыр.
Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы әлемге қарсы бірлесе қорғану шараларын
қабылдап, жабық нарық құру арқылы экономикалық дамуда
Достарыңызбен бөлісу: |