мәселелерді туындатады. Бұл - жа- ңадан қоныстанушыларға қатысты
мәселелер. Айталық, АҚШ сияқты кейбір мемлекеттер иммигранттарға
азаматтық алу құқығын береді. Ал енді бір елдер иммигранттардың өздерін
былай қойғанда, олардың балалары мен немерелеріне де азаматтық бермейді.
Мысалға, түрік иммигранттарының балалары қанша жерден Германияда туып-
өсіп, оқып-тәрбиеленсе де ол елдің азаматтығын ешқашан ала алмайды. Им-
миграцияның осындай бірқатар салдары бар және бұл - халық өсімі мен
экономикалық дамуға ғана ықпал етпейді, азаматтығы, үлты сияқгы мә-
селелерден де түйткілдер шығарады.
Әлеуметтік рөлдердің туу көрсеткішіне әсері
Қазіргі өлім көрсеткіштеріне сәйкес туу коэффициенті орта есеппен әр
әйелге 2,1 баладан келуі тиіс. Егер халық саны сақталуы қажет болса, онда
ерлі-зайыптылардың орнын басатын екі бала және қай- гылы, оқыс
оқигалардың орнын толтыру үшін бірнешеуін артық туу есепке алынады.
Мүндай туу коэффициенті нөлдік халық осімі деп аталады. Егер туу
коэффициенті одан томен болса келесі ұрпақ қазір- гіден аз болады. Қазіргі
уақытта Италияда орта есеппен әр әйелге 1,4 баладан келеді. Бұл - мемлекет
жаңа иммигранттарды қабылдамаса, италиялықтардың келесі буыны
қазіргіден анагұрлым аз болады деген сөз. 14.2-кестеде көрсетілгендей,
Еуропаның көптеген елдерінде жағдай дәл осындай. Қазіргі өлім-жітім
көрсеткішімен халық өсімі нөлдік деңгейде тұр, ал түрақтылықты сақтау үшін
бала туу коэффициент! әр әйелге 2,1-ден келуі керек. Италияда туу деңгейі
неге сонша томен? Италиядағы жағдай Га- надағыға қарама-қарсы болып
отыр. Көптеген италиялық эйелдер жоғары білімді, басым бөлігі жұмыс істеп,
табыс табады. Эйелдер әлеуметтік түрғыда ерлермен деңгейлес. Демек,
өмірлік мақсаты- на қол жеткізіп, қоғамнан өз орнын табу үшін эйелдер бала
тууды екінші орынға қояды. Италиялықтар, негізінен, ауыл шаруашылыгы
саласында жұмыс істемейді және балаларының барлығы мектепте оқиды,
оларға отбасылық табысты арттыру үшін еңбек етудің қажеті жоқ. Италия
үкіметі жұмысқа жарамсыздық жағдайында, денсаулық сақтау саласында
сақтандыру, зейнетақы және т.б. түрінде қолдау- дың лайықты жүйесін
қамтамасыз етеді. Яғни тұрғындар қартай- ғанда немесе ауырып қалғанда
балаларының қамқорлығын көруге мүқтаж емес.
Достарыңызбен бөлісу: