басшылығы бұл проблеманы шешу үшін әлеуметтанушыларды көмекке
шақырады. Мұндай жағдай проблеманың іс-тәжірибе саласынан туындауына
жатады. Бұл жерде әлеуметтанушылардың әрекеттері келесідей: олар
басшылықпен бірге “Студенттердің үлгерім деңгейін көтеру” деген
тақырыпты анықтай алады. Зерттеу
тақырыбында
проблемалық жағдайдың
өзі жасырылған - аталмыш оқу орнында үлгерім төмен және оны көтеру үшін
оның басшылығы не істеу керек екенін білмейді, әлеуметтанушылар да бұл
мәселе бойынша нақтылы ұсыныстар беруге әзірге дайын емес. Мұндай
жағдайда әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің
мақсаты
осы оқу орнындағы
студенттердің үлгерім деңгейін көтеруге әкелетін ұсыныстар жасау болады.
Зерттеудің
міндеті
әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің нақтылы әдістерін
пайдаланумен белгілі бір кезең аралығында осы зерттеуді жүргізу болып
табылады.
Іріктеу жиынтығын есептеу.
Біздің ойымызша, ең алдымен
қарастырылатын мәселе бойынша негізгі ұғымдық аппаратты анықтап алу
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: