макро не
микроәлеуметтанушылық парадигмалармен
арақатынаста болатынын көрсетеді. Макро-теоретиктер қоғамның ғаламдық
заңдарын ашып көрсетуге талпына отырып қоғамның, мәдениеттің, әлеуметтік
институттардың, әлеуметтік жүйелер мен құрылымдардың, ғаламдық
әлеуметтік процестердің ұғымдарын пайдаланады. Микротеоретиктер қоғам
туралы философияшыл болудан бас тарта отырып, жалпы жеке адамдардың
түрлі әлеуметтік жағдайлардағы мінез-құлқын, олардың әрекеттерінің себеп-
салдарын, жеке тұлғалар арасындағы өзара әрекет механизмдерін және басқа
да нақты мәселелерді зерделеумен шұғылданады.
Осыдан барып әлеуметтануды анықтаған кезде бір-бірінен мүлде бөлек екі
көзқарас келіп шығады: бірі - оның пәнін қоғамдық организмнің тұтастығы,
әлеуметтік ұйымдар мен жүйелер туралы ғылым ретінде анықтау болса,
екіншісі - әлеуметтік процестер мен бұқаралық мінез-құлықтар туралы ғылым
ретінде анықтау. Бірінші көзқараста әлеуметтану демографиялық,
экономикалық және саяси ғылымдармен ұштасса, екіншісінде әлеуметтік
психологиямен ұштасады.
Макроәлеуметтанудың дамуы қазіргі заманғы теориялық әлеуметтанудың
қалыптасуына, ал микроәлеуметтанудың дамуы эмпирикалық (қолданбалы)
әлеуметтанудың қалыптасуына алып келді деген түсінік бар. Мұндай баға
негізсіз емес, бірақ оны толық мәніндегі ақиқат нәрсе деп мойындауға
болмайды. Макроәлеуметтануда да, микроәлеуметтануда да теориялық және
эмпирикалық деңгей бар. Макроәлеуметтанушылар (Э.Дюркгейм, М.Вебер,
Ф.Теннис, П.Сорокин, т.б.) эмпирикалық әлеуметанушылық зерттеулермен
белсене айналысқан, ал микроәлеуметтанушылар (мысалы, американ
әлеуметтану мектебінің өкілдері) маңызды әлеуметтанушылық теориялардың
негізін қалаған.
Қазіргі микро және макроәлеуметтанудың жақындасуы оның объектісі мен
пәнін қазіргі заман тұрғысынан түсіну үшін аса маңызды. Бұл жақындасу
макротеоретиктер де, микротеоретиктер де материяның әлеуметтік
нысанының алғашқы “клеткасы” болатынын және қоғамды да, нақты
адамдардың мінез-құлқын да әлеуметтанушылық талдау ісін содан бастау
қажеттігін мойындауда бір-бірімен үндес екендігінен көрінеді.