қарай эмпирикалық зерттеу шешетін есебінің сипаты бойынша қолданбалы
болуы мүмкін. Бұл теориялық зерттеулерге қатысты.
Сөйтіп қолданбалы
зерттеулер ерекше деңгей жасамайды. Бұл эмпирикалық және теориялық
зерттеулердің өзі, бірақ қолданбалы бағытта болады.
Әлеуметтану заңдары жалпы әлеуметтану және жеке әлеуметтану болып
бөлінеді. Бөлу өлшемдері ретінде заңдармен бейнеленетін объектінің көлемі
алынады: қоғам тұтас жүйе немесе қоғамның ішкі жүйесі,
оның құрамдас
бөлігі ретінде бейнеленеді,
пәрмені шағын топтарға, белгілі бір әлеуметтік
стратаға, әлеуметтік топқа немесе тапқа және
тұтас қоғамға қолданылатын
заңдар бар.
Жалпы әлеуметтану заңдары
- өздігінен
дамитын әлеуметтік
жүйе ретінде бүкіл қоғамның маңызды байланыстарын көрсететін заңдар.
Жеке әлеуметтану заңдары
қоғамның құрамдас
бөліктерінің маңызды
байланыстарын, олардың ішкі дамуы мен қызмет атқаруын, сондай-ақ тұтас
әлеуметтік организм ретінде қоғаммен байланысын көрсететін заңдар болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: