мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің
бәрін жинап,
оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді
сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ
қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге әлеуметтану олар соншалықты
әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін
анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы,
мұсылман және
христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып
екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға
ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да
мысалдар бар. Әлеуметтанушылар мен басқалар арасында да діннің шіркеу,
құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен
пікірлестік байқалса, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен
келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі тарихи
кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ.
Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп тіреуге
болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік тудырады.
Әлеуметтану беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және
мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін әлеуметтік аспектімен -
қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ дінді зерттеудегі
әлеуметтанушылық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар тұйықталмайды.
Дін әлеуметтануының ғылыми пән
ретінде қалыптасуы көбінесе
еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге
байланысты. Бұл сұрақтарды шешуге елеулі талпыныстардың бірін О.Конт
(1798-1857) жасады. Ол әлеуметтік өмірді зерттеуге жаратылыстану
ғылымдары қолданып жүрген индуктивті әдісті қолдануды ұсынды. Діннің
рөлі және әлеуметтік тәртіптің негізінде не нәрсе жатыр деген сұраққа О.Конт
“тарихтың үш сатысы жайлы заңында” жауап берді. Бірінші саты – діни немесе
“теологиялық жағдай”, онда адам санасында дәлелсіз ойға негізделген оқиғалар,
субъективтік негізсіздіктер үстемдік етеді. Екіншісі – философиялық,
“метафизикалық жағдай”, онда абстракция, дөрекі
дерексіздік шынайылық
ретінде қабылданады. Үшінші - позитивті, онда ғылымның көмегімен қолда
бар жағдайларға дұрыс баға беруге қол жеткізіледі. Осы үш “сана
жағдайының” әрбірі бүкіл әлеуметтік ұйымдасудың негізін құрайды. Дін және
позитивті білім, ғылым арасындағы жанжалдың міндетті түрде болатындығын
мойындай отырып, сонымен бірге оның дами түсуі діннің құлдырауына және
міндетті түрде оның өліміне алып келеді дей отырып, Конт әлеуметтік
байланыстардың ыдырау қаупін болжады. Ақырында Конт әлеуметтік
байланыстардың рухани тірегі ретінде “екінші теологиялық синтез” керек
деген қорытындыға келіп, адамзаттың бірыңғай ортақ “ұлы тірі жан” культі,
барлық өмір сүргендердің, өмірден өткендердің және болашақ ұрпақтардың
үлкен әлеуметтік организмі ретінде “позитивті дінді” жасады.
К.Маркс (1818-1883) дінді қоғаммен өзара байланыста қарастырды, бірақ
оның түсінігінде ол екі дербес өмір сүретін шаманың өзара әрекеттесуі болған
жоқ. Маркс, шын мәнінде алғаш рет дін өзінің
табиғатымен әлеуметтік
феномен болатынын көрсетті. Ол қоғамдық байланыстар, қатынастар
жүйесіне енгізілген және оның түп-тамыры әлеуметтік құрылымдарда. Діннің
түсіндірмесін содан іздеу керек. Жаратылыстан тыс, қасиет туралы
көзқарастар осындай негізде пайда болды: дін аспан есебінен емес, жердің
есебінен өмір сүреді.
Дінді әлеуметтік феномен ретінде түсіну
оны қоғам өмірінде әбден
шынайы
функциялар
орындайды,
белгілі
бір
қажеттіліктерді
қанағаттандырады деп түсінуді білдіреді. Маркс осылайша дінді зерттеудегі
функционалдық әдістің негізін қалап кетті. Бірақ Маркс көзқарасының
айрықша ерекшелігін дінді тарихи табиғатында мәңгілік емес, ауыспалы
әлеуметтік жағдайлардың - олардың негізін басқаның еңбегін иемдену жүйесі,
әлеуметтік теңсіздік жүйесі құрайтын жағдайлардың туындысы ретінде
сендіру құрайды, яғни біреулердің бостандығы екіншілердің құлдығын
білдіреді; қоғамның таптарға бөлінуі, әлеуметтік антогонизмдер, таптық күрес
осыдан келіп шығады. Маркстің пікірі бойынша, дін - идеология, ол оның ең
ежелгі, тарихи алғашқы нысаны. Оның әлеуметтік қызметі - идеологиялық
қызмет: ол оны ақтайды немесе сонысымен
қолда бар тәртіптерді
заңдастырады немесе оларды сынайды, оларға өмір сүру құқығын беруден бас
тартады. Ол қоғамдық дамудың тежеушісі ретінде қызмет атқара отырып,
әлеуметтік конформизмді сіңіруі мүмкін немесе әлеуметтік наразылықты
ынталандыруы мүмкін. К.Маркстің діннің шарасыз өлуі немесе оның жеңіске
жеткен жұмысшылар табы тарапынан жойылуы жайлы айтарлықтай қатаң
түрдегі қорытындысы осыдан шығады. Көріп отырғанымыздай, олай болған
жоқ және болып жатқан да жоқ, оған қоса Конт айтқандай, олардың діннің дәл
сол әлеуметтік қызметтерін иелену арқылы діни идеологияның басқа
жүйелермен ауыстырылуы болып жатыр.
Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан оның
құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып, өздерінің кім екенін түсінуге
көмектеседі. Діннің осы біріктіруші және адамның өзін-өзі анықтауына
мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі қоғамдарда ерекше күшті
әрекет етті. Мысалы, американдық дінтанушы-әлеуметтанушылар плюралистік
американдық қоғамда бірде-бір дәстүрлі діндер бұл мақсатты орындай алмай
отырғанын айтады. Әлеуметтің сипатымен бірге өзгеруінен дін де өзінің
қызметімен өзгеруде.
Сондықтан
Достарыңызбен бөлісу: