салық төлеушілер - барлығы белгілі бір деңгейде білім саласына араласады.
Бұл институт қандай мақсат көздейді? Кім пайда табады? Қүры- лымдық-
функционализм және конфликт теориялары бұл сұрақтарға екі түрлі
жауап
ұсынады.
Құрылымдық-функциялық теория: білім функциялары
Білім саласын құрылымдық-функциялық талдау қоғамды қолдау үшін
құрылған білім беру мекемелерінің көрсеткіштерімен байла- нысты.
Қүрылымдық-функцияшылдардың айтуы бойынша, білім беру жүйесі
көпшіліктің талабын қанағаттандыру үшін жасалған.
Білім саласы
функцияларының басты бағыты - оқыту және білім беру, жастарды
әлеуметтендіру, сәйкесінше іріктеу және
біртіндеп жақсы жаққа қарай
өзгеруіне ықпал ету.
Оқыту және білім беру
Мектептің айқын мақсаты - білім беру мен дағдыны қалыптас- тыру. Мектепте
оқуға, жазуға және санауға уйренеміз. Тәуелсіз- дік жолындағы Америка
соғысының себебін түсініп, жасушаның құрылымын зерттейміз. Осылайша,
мектеп әр үрпақтың өкілдері қоғамның үздіксіз тіршілігі үшін
қажетті
дағдыларды меңгеруіне кепіл болады.
Әлеуметтену
Мектеп жастарды заман ағымына лайықты әлеумеггендіру арқылы қоғамның
мейлінше қалыпгы қозғалысын қамтамасыз етеді. Олар тәртіпке, тіл
алғыштыққа, ауызбірлікке және ұқыптылыққа ерекше мән береді. Сонымен
қатар мектеп оқушыларды өз мәдениетіне сай ойлауға, дәстүрді қүрметтеуге
және ережелерді үстануға үйретеді. АҚШ мектебінде ағылшын тілінде оқып,
жазуды үйренеміз.
маттық адалдық антын» жаттаймыз және мектептік кеңес дұрыс деп тапқан
АҚШ тарихын оқимыз. Елдің түкпір-түкпіріндегі әртүрлі
эт- никалық және
әлеуметтік топтан шыққан оқушылар жалпыға бір- дей оқу бағдарламасы
бойынша білім алады. Соның арқасында ортақ мәдени негіз қалыптасады.
Іріктеу
Мектепті бағбанға балауға болады. Оның арам шөптерді жұлып,
таза- лап,
жақсы өнім алуға тырысатыны сияқты қай оқушының озат оқи- тынын,
қайсысы кенже қалатынын анықтап отырады. Бағалар мен тестілеу нәтижелері
мектептен тыс немесе түрлі оқу бағдарламалары- на қатысты қабілет деңгейін
көрсетеді. Ең дұрысы, мектеп жүйесі әр оқушының айрықша қабілетін ашуы
керек.
Достарыңызбен бөлісу: