2.1-суретте И4, И5 жəне И6 бергіштерінің интерфейстері көрсетілген.
Бергіштер өлшенетін кіріс физикалық көрсеткішінің электрлік сигналға
түрленуін орындайды. Бергіштер - бұл сезімтал элементтер (сенсорлар) мен
түрлендіргіштер, олар жетектер, жұмыс органы, сыртқы орта күйі туралы
ақпаратты береді. Электромеханикалық бергіш мысалы акселерометр болып
табылады. Бұл бергіштің сезімтал элементі - серіппенің көмегімен аспаптың
негізімен байланысқан инерциялық масса. Үдеулер əсерінен сезімтал элемент
жылжытылады, бұл жылжыту белгілі электрлік сигналдарға түрленеді. Осылай
үдеуі өлшенеді.
Бергіштердің үш класын ажыратады:
·
аналогтық сигналдарды өңдеп шығаратын, аналогтық бергіштер;
·
дискретті сигналдар тізбегін генерациялайтын, сандық бергіштер;
·
шығыс сигналдары тек екі деңгейде болатын: «қосылған»/ «ажыратылған»
(0/1), бинарлы бергіштер.
И7 ретінде техникалық көру жүйесі пайдалануы мүмкін. Егер, И4, И5, И6
интерфейстері аналогтық бергіштерді қосатын болса, онда КБҚ кірісіне И7
интерфейсін қояды. И7 интерфейсі аналогты-сандық түрлендіргіш болып
табылады. Бұл интерфейсте барлық аналогтық сигналдар компьютерге түсу
алдында сандық сигналдарға түрленулері тиіс. И4, И5, И6 жəне И7
интерфейстер жиынтығы ақпаратты-өлшеуіш жүйені құрайды.
БЖ жұмыс істеуінде коммуникациялық жүйеге үлкен роль артылады.
Коммуникация функцияларын орындауға арналған аппараттық, программалық
құралдар кешені коммуникациялық жүйені құрайды. Коммуникация дегеніміз -
ақпараттың кеңістікпен таралуы екені белгілі. Коммуникация процесі хабарды
қабылдағыштың байланыс каналдары арқылы беретін қайтабергіштен тұрады.
Əдетте байланыс каналына хабарды бұрмалайтын жəне хабарды қабылдағышпен
айырып тануға қиындатын шу əсер етеді. Мысалы, бергіштен аналогтық
сигналдарды электрлік сыммен беру кезінде резистивтік, индуктивтік немесе
сыйымдылық сипаттағы қажетсіз байланыс салдарынан сигнал бұрмалануы
мүмкін. Бұл жағдайда мəселені шешу үшін, аналогтық өлшеуіш сигналды
жиілігі немесе ұзақтығы белгілі жағдайда шығыс сигнал деңгейінен байланысты
болатын импульстар тізбегіне түрлендіру қажет. Содан кейін, осы
түрлендірілген сигналды жіберу қажет. Техникалық жағынан, аналогтық
сигналдарды бергіштерден сандандырудан бұрын, аналогтық сүзгіштер
қолданылады, ал АС-түрлендіруден кейін сандық сүзу қолданылады.
Төмендегі құраушылардан тұратын РТЖ-ның ірілендірілген құрылымы
мынадай:
Достарыңызбен бөлісу: