болғандықтан, онда мұндай жағдайда басқару жүйесінде дамыған БК жəне
сенсорлы бергіштері болмайды.
Интерактивті типті
автоматтандырылған
РТЖ автоматтық жəне де
биотехникалық РТЖ ретінде жұмыс істей алады, орындалған операцияға
байланысты жұмыс режимін өзгерте алатын басқару жүйесіне ие.
Супервизорлы
басқару жүйесі бар интерактивті РТЖ операция циклын автоматтық режимде
орындай алады, бірақ та, бір операциядан басқа операцияға өту оператор
командасымен адам-машиналық интерфейсі арқылы жүзеге асырылады.
Диалогты
басқарылатын РТЖ-де дамыған адам-машиналық интерфейс жүйесі
бар. Оператор жəне БК РТЖ-ны бірігіп басқару жөнінде шешім қабылдайды.
Оператордың БК-мен өзарабайланысы арнайы тілде командаларды берумен ғана
емес, БК-дан жауапты алу арқылы командаларды дауыспен беруге де болады.
МЖ-нің бұл типінің жетілдірілген басқару жүйесі бар, мұнда БК қойылған
мақсатқа жетуде тапсырманы қалыптастыруға қатысады.
Ғылыми əдебиеттерде келтірілген жіктелу бойынша роботтар сияқты
РТЖ-ны да 4 буын өкілдеріне бөлуге болады.
Бірінші буынға
, қозғалысты
циклды түрде қайталайтын, бір программа бойынша ғана жұмыс істейтін РТЖ
жатады. Басқару жүйесінің кері байланысы жоқ, ең қарапайым жəне арзан болып
табылады. РТЖ
екінші буынына
, кері байланысы бар БЖ ие РТЖ жатады.
Мұндай БЖ жадысында бірнеше программалары бар, бұл РТЖ бір
программадан басқаға өте алады.
Үшінші буынға
, оқытуға, үйретуге қабілетті
РТЖ жатады. Бұл РТЖ-ның БЖ-да микроЭЕМ қосылған жəне жетілдірілген
ақпаратты-өлшеу жүйесі бар.
Төртінші буын
жасанды интеллекті бар РТЖ
табылады.
Əдебиеттерде РТЖ-ны мехатрондау дəрежесіне байланысты жіктеу де
кездеседі. Сонымен бірге, неғұрлым РТЖ-ның функционалдық мүмкіндігі
электрондық аппараттарға тəуелді болса, оның соғүрлым мехатрондау дəрежесі
де үлкен болып есептелінеді.
Негізгі əдебиет: 1 [16-26].
Достарыңызбен бөлісу: