механикалық тербелістердің жəне температура өзгеруінің кең диапазоны
əсерлеріне ұшырайды. Мехатрондық құрылғылар төзімділік жəне сенімділік,
сонымен қатар, дəлдік жəне информациялық жүйелердің шапшаңдығы
қасиеттеріне
ие
болуы
қажет. Сонымен
қатар, мехатронизация
микроэлектроника алдында жаңа міндеттер жүктейді. Сонымен, мехатроника
жəне микроэлектроника үрдістерінің дамуы өзара байланысты жəне өзара
негізделген.
Мехатрониканың пайда болуында робототехниканың дамуының да рөлі
бар. Роботтарды жетілдіруге жəне автоматтық басқарылатын, интеллектуалдық
роботтарды құруға ұмтылу Мехатрониканың дамуына əсер етті.
1.3 Мехатроника, робототехника жəне басқа да ғылыми салалар
арасындағы өзара байланыстар
Жоғарыда айтылғандай, кез-келген ғылыми бағыт та, техниканың кез-
келген объектісі де бос жерде пайда болмайды. Ғылым мен техниканың дамуы,
ғылыми білімдердің жинақталуы, адам құрастырған объектілерді жетілдіру –
адам өзінің мүмкіндіктерін кеңейтумен, табиғат заңдылықтарын меңгеруге жəне
қолдануға тұрақты түрде ұмтылысымен байланысты. Жасанды адамның –
роботтың функционалдық мүмкіндіктерін табиғат жаратқан адам баласының
мүмкіндіктерімен салыстыру – бір жағынан, ғылым мен техниканың қазіргі
кездегі дамуы, екінші жағынан, қазіргі кезеңдегі танылмаған білімнің үлкен
көлемі
жəне
адам
құрастырған
объектілерді
жетілдірудің
шексіз
мүмкіндіктерінің болуы куə.
Мехатроника ғылымның бір саласы бола отырып, ғылым мен өндірістің
басқа да салаларында алынған жетістіктерді қолдана алады. Мехатрониканың
негізінде өз кезегінде ғылым мен техниканың басқа да салалары дамиды, жаңа
ғылыми бағыттар пайда болады. 1.2 - суретте Мехатрониканың,
Робототехниканың, сонымен қатар, ғылым мен техниканың басқа да
салаларының өзара байланысы көрсетілген. Суреттен көрініп тұрғанындай,
зерттеу объектісі тек қана роботтар болып табылатын Робототехника саласы
Мехатрониканың бөлімі болып табылады. Мехатрониканың зерттеу объектісі
болып роботтардан басқа басқа да мехатрондық құрылғылар табылады. Сұлбаға
түсініктеме ретінде келесіні айтуға болады: системотехника – күрделі жүйелерді
жобалау, құру, сынау жəне пайдалану мəселелерін қамтитын ғылыми-
техникалық сала. Сонымен қатар, 1.2 - суреттегі сұлбаны қысқарту мақсатында
тек қана мехатроника мен робототехникаға ғана қатысы бар ғылым мен
техниканың əртүрлі бағыттарының байланысы көрсетілген, ал басқа да ішкі
байланыстар көрсетілмеген.
Негізгі əдебиет: 1 [6-15].
Достарыңызбен бөлісу: