электрогидравликалық жəне электрлік болып бөлінеді. Кейбір РТЖ құрамына
əртүрлі белгілері бар ҚМ кіреді. Осы ҚМ əр қайсысына толығырақ тоқталайық.
10.2 Пневматикалық ҚМ
Пневматикалық ҚМ-де механикалық энергияны түрлендіру көзі ретінде
сызықты (пневмоцилиндрлер) жəне айналмалы қозғалысты (бұрылмалы
пневмоқозғалтқыштар) пневмоқозғалтқыштар болып табылады. ҚМ-ның
пайдалану аймағы: өндірістік робототехника, дəлдігі жоғары емес жетектерде,
екіқалыпты мехнизм жетектерінде (қақпақ, ұстағыш) жəне қарапайым өндірістік
автоматтар. Механикалық қозғалысты тікелей орындау үшін пневматикалық ҚМ
құрамына: біржақты жəне екі жақты қозғалыс пневмоқозғалтқыштары,
толықбұрылмайтын пневмоқозғалтқыштар, пневмомоторлар, мембраналық
камералар жəне т.б. кіреді. Қозғалтқыштарды басқару жəне жұмыс жасату үшін
қосымша құрылғыларға мыналар кіреді: үлестіруші аспап, əртүрлі
пневмоқақпақтар, пневмодросселдер, қысымды айқындағыш жəне түзетуші,
ауаны дайындау аспабы жəне т.б. Пневматикалық ҚМ-і басқару үшін
микропроцессорлық басқару модулі жəне де ағымды автоматқа негізделген
басқару жүйесін қолдануға болады. 10.2-суретте пневматикалық ҚМ-дің жұмыс
принципі көрсетілген. Пневмоцилиндрдің сояуыш күйі потенциометрмен
өлшенеді (П), оның
сигналы
қорек
көзінен
қоректенетін (ҚК)
сервокүшейткіштерге түседі (СК). Сервокүшейткіш сигналды пневмоцилиндрге
ауаның келуін басқаратын сервоүлестірушіге береді.
Пневматикалық ҚМ негізгі ерекшеліктері:
Достарыңызбен бөлісу: