Есте сақтау құрылғысы 2 топқа бөлінеді: процессормен тікелей байланысатын
жəне сыртқы. Процессормен тікелей қатынайтын жады құрылғысына жататындар:
§
процессордың регистрлік есте сақтау құрылғысы (регистрлер);
§
кэш-жады, ақпарат көшірмесін сақтау қызметін атқарады;
§
негізгі жады (оперативті, тұрақты, жартылайтұрақты).
Регистрлер түрлері мен атқаратын қызметі туралы мəліметтер процессор
жайлы тарауда қарастырылады. Кэш-жадысы деп есте сақтау құрылғы
процессордың жылдамдығын көбейту үшін енгізілген. Кэш-жады процессор жəне
негізгі жады арасында берілетін ақпарат көшірмесін сақтайды.
8.1-сурет. Есте сақтау құрылғысынан деректерді санау
Циклдық əрекеттерді орындаған жағдайда
бірнеше рет бір ақпарат
қолданылады. Кэш-жадысының бар болуы процессорды негізгі жадыға қайтадан
қатынаудан босатады, қатынауға өте көп уақыт қажет. Процессор ақпарат
көшірмесін кэш-жадыдан оқиды. Процессор үлкен жылдамдықтағы кэш-
жадысымен ақпаратты алмастырып отырған кезде, негізгі
жады жадыға тікелей
қатынау құрылғысымен ақпаратты алмастыру үшін босатылады.
RAM (Random Access Memory) оперативті жадысы, ағымдағы
программаны орындау кезінде процессормен ақпаратты алмастыруға қатысатын
деректерді сақтайды. Бұл жады энерготəуелді болып табылады, яғни қорек көзін
өшірген кезде ақпарат жойылады. Аппаратты түрде оперативті жадыда қосымша
стек облысы бар. Стек тізбекті қатынайтын есте сақтау құрылғысы. Стекте
ақпарат белгілі тізбекте оқылады, яғни кері жазылу ретте. LIFO (Last-in Fist-out)
- соңғы кірдің-бірінші шықтың ережесі орындалады. Стектің негізгі ролі үзу
кезінде, программаны орындау кезінде жəне т.б. деректер күйін жəне қайту
адрестерін сақтау болып табылады. Келесі деректерді сақтау үшін FIFO (Fist-in
Fist-on) буфері пайдаланылады, бірінші кірдің-бірінші шықтың.
Негізгі жадыға тұрақты есте сақтау құрылғысы жатады, қысқаша ТСҚ
немесе ROM (Read-Only Memory). ТСҚ дайындаушы жазған ақпаратты
сақтайды, оны өзгертуге болмайды. Бұл ақпарат энерготəуелсіз болып келеді,
яғни жадыны өшірген кезде жойылмайды.
Жартылай тұрақты жадыға программаланатын ТСҚ жатады.
Сыртқы жады үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған. Есте
сақтау
құрылғысына қойылатын негізгі талаптар, сақталатын ақпарат көлемін үлкейту,
жылдамдықты көбейту яғни оқу, жазу кезінде уақытты қысқарту болып
табылады. Бұл мəселелерді шешу үшін жады құрылымы жетілдіруде, ақпаратты
алмастыру жылдамдығын көбейту үшін жаңа технологиялар қолданылуда
(пакеттік режим, жадыны кезектестіру, жадыны парақтарға бөлу, жадыны
кэштеу, конвейірлік санау əдісі жəне т.б.).
Қазіргі уақытта сыртқы жадымен бірге магниттік
дискілерде Флэш-жады
қолданылады, онда жылдамырақ ақпаратты жазу жəне оқу құралдары бар.
Флэш-жадының сипаттамалы ерекшелігі оның жоғары технологиялы,
тұтастылығы жəне сенімділігі. Флэш-жады магниттік тасымалдаушы есте сақтау
құрылғысын тиімді ауыстырады, əсіресе егер ақпарат жиі өзгерілмесе. Флэш-
жадыда ақпарат əр регистрге, барлық жадыға немесе үлкен блокқа өзгерілмейді.
Осылайша, бір сөзді өзгерту үшін барлық файл немесе блокты өшіріп қайта жазу
керек.
Жадының əр ұяшығында бір бит ақпаратты сақтау үшін сақтау
элементтерінің бекітілген саны бар. Фон-Нейман типті есептеу машиналарында
жады ұяшығында деректер жəне де командалар сақталуы мүмкін. Белгілі бит
сандарынан
құралған номер, осы номерге сəйкес нақты жады ұяшығын осы
ұяшықтың адресі деп атайды. Адрес форматы процессор архитектурасы жəне
жады құрылымына байланытсы.
Есте сақтау құрылғыларында ұяшықтардың кішкентай ақпараттық көлемі
матрицаны құрайды. 8.1-суреттен жадыдан ақпаратты оқу үрдісін көруге
болады. Басқару шинасында (оқу-жазу) процессормен 1 орнатылады, ал 16
разрядтық адрес шинасында процессор екілік кодта ұяшық адресін
орналастырады, одан ақпарат оқылады. Бұл адрес 3-ке тең. Көрсетілген адрес
бойынша орналасқан ақпарат процессормен қосылған 8-разрядтық деректер
шинасына орналасады. Ескерте
кететін жағдай, 8.1-суретте жадының контроллер
жадысы, дешифратор, оқу-жазу күшейткіші сияқты құрылғылары көрсетілмеген,
себебі құрылғыларды жəне олардың функцияларын толық баяндау оқу-жазу
үрдісінің негізін түсіну үшін мұнда міндетті емес.
Үлкен ақпараттық қуатты есте сақтау құрылғылары күрделі құрылымды
болып келеді, 3-өлшемді матрицалар банкін ұсынады.
Адрес параметрлері
жайлы
мағлұматты, есте ақтау құрылғы
архитектурасымен байланысты, басқару кешенінің аппараттық құралдарына
қосылатын техникалық құжаттардан табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: