Үзу жүйесі процессорға периферийлік құрылғылардан тəуелсіз жұмыс
істеуге мүмкіндік береді. Үзу процессорды бір команда тізбегін орындауды
тоқтатып, басқа команданы орындатады, одан кейін процессор бастапқы тізбекті
орындауға қайтадан қайтады. Бұл жүйе нақты уақыт масштабында периферийлік
құрылғыны басқарумен қамтамасыз етеді.
7.2-суреттегі контроллерлер орындаушы деңгейде нақты құрылғыны
басқару үшін электрондық құрылғыны ұсынады. Олар процессор мен құрылғы
арасына байланыстырушы түйін болып табылады. Контроллер мен процессор
үшін «өзаратүсінушілік» ретінде драйверлер қызмет атқарады. Драйверлер
нақты құрылғымен оның контроллері арқылы CPU өзара байланыстыруды
қамтамасыз ететін программаларды ұсынады.
Əртүрлі басқару кешенінің модульдері магистральды сызық-шиналар арқылы
біріктіріледі. Шина деп байланыстырушы сызық жиынтығын айтамыз. Сызық
санын шина разрядтығы анықтайды. Қарастырылып отырған басқару кешені адрес
шинасы (АШ), деректер (ДШ) жəне басқару шинасы (БШ) бар үшшиналық
құрылымды болып табылады. Басқарушы кешеннің əр компонентінде, оперативті
жады ұяшығында, енгізу/шығару порттардың өзінің адресі болады. Адрес
шинасымен нақты құрылғыға адрес беріледі. Бұл жағдайда процессор адрестік
шинада орналасқан адрестегі құрылғыға қосылып, деректер шинасы арқылы осы
құрылғымен деректер алмастырады. Басқару шинасы көмегімен процессорға
нұсқаулар енгізіледі, мысалы, ақпаратты жазу (оқу), деректерді қабылдауға (қайта
жіберуге) дайындығы, контроллерді басқару, аппараттық үзу жəне т.б.
Негізгі əдебиет: 1 [57-62].
Достарыңызбен бөлісу: