интерфейс үшін қандай жабдық қолданылатынын шешу. Сонымен қатар,
өндіруші программалық қамтамасыздандыруды дайындайды, яғни интерфейс
көмегімен оператор мен РТЖ ақпаратты алмастыру үшін
команда жиынын
анықтайды. РТЖ-ны дұрыс басқару үшін оператор неден бастау керектігін, неге
ұмтылу керектігін, нені күту керек жəне орнатылған жағдайды тез шешу керек.
Бұл жүйеде оператор РТЖ көмегімен іске асыратын нақты мақсаттары мен
есептері бар қолданушы ретінде болады. Бұл жағдайда БЖ жəне барлық РТЖ
қойылған мақсатты жүзеге асырушы құрал болып табылады. Мақсаттың
табысты шешімі көбінесе адам-машиналық интерфейстің мүлтіксіздігіне
байланысты. Сондықтан РТЖ басқару бойынша
оператор функцияларын
жобалау кезінде итерфейс өндірушінің көз алдында болу қажет.
Интерфейсті жобалау кезінде үш негізгі принцип бар:
·
қарапайымдылық;
·
көрнекілік;
·
тізбектілік.
Қолданушы интерфейсін құру кезінде дисплейде жүйе моделін көрсетуге
ұмтылады. Қарапайымдылық - ол оператордың шешім қабылдауын
қиындататын маңызды деректермен бірге көптеген қосымша деректер
шықпауын білдіреді. Көрнекілік мақсаты, қолданушының болып жатқан үрдісте
тікелей байланыста жəне қатысушылық сезімі болу. Кейбір жүйелерде
көрнекілік графикалық метафор - пиктаграмма көмегімен жетеді. Кескін
ассоциацияны
туғызады, олар қолданушыға көмектеседі, жаңылдырмайды.
Мысалы, пиктограммада (7.1-сурет) ортаның өзгеру температурасының
шкаласын көрсетеді жəне осы пиктограммада жібеілетін шектер белгіленген.
Бұл жағдайда оператор нақты өзгерулердің берілген шектеулерде екенін немесе
ауытқулардың бар екенін көреді. Тізбектілік
ақпарат функциясы бойынша
ұқсастытықты көрсету үшін біртипті белгілену қолданылады. Мысалы,
пернесі егер команданы босату үшін қолданылса, онда ол пернені құрылғы
драйверін жүктеуге пайдалануға болмайды.
0
40
80
100
7.1-сурет. Пиктограмма
Қолданушы интерфейсінде табиғи тілді қолдану көбінесе адам мен
машина арасында ақпарат алмасуына мүмкіндік туғызады.
Қолданушы интерфейс құрылғысы ретінде монитор,пернетақта, басқару
панельдері (щит), тышқан, трэйкбол, джойстиктер, қашықтан басқару
құрылғысы жəне т.б. қолданылады. Жетілмеген интерфейсі бар құрылғы ретінде
көп қолданылмайтын көп батырмасы бар пультті айтуға болады. Бұндай көп
батырмалар тек басқару үрдісін қиындатады жəне
сатып алушыға тиімділік
жағынан ғана ақталған.
Жетілген интерфейсі бар РТЖ мысалы ретінде банкоматты келтіруге
болады. Банкомат интерфейсі көпшілік дайындығы жоқ қолданушыларға
есептелген. Күрделі РТЖ болып саналатын банкоматты қолдану өте оңай болып
келеді.
7.2 Басқару кешені
Басқару компьютері үшін басқару комплексінің
негізгі модулі ретінде
микропроцессор немесе орталық процессор (Central Processin Unit. CPU) болып
табылады. Қазіргі уақытта кез келген мехатрондық техникада, тұрмыс
техникасынан бастап пилоты жоқ ұшақпен аяқтағанда осылардың бəрінде
микропроцессорлары бар, олар реттейді, қозғалысты басқарады жəне осы
техникадағы үрдісті бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: