Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/46
Дата27.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155297
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Бақылау сұрақтары:
1. Стратегиялық басқару деңгейінде қандай есептер шешіледі, мысалдар
келтіріңіз?
2. Тактикалық деңгейде жоспарлау қалай жүргізіледі?
3. Жылдамдық профилі нені анықтайды, оны өлшемі қандай?
4. Басқару жүйесі құрамына не кіреді?
5. Орындаушы деңгейде басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасын
келтіріңіз?
5-дəріс. Интеллектуалды басқару технологиясы. Сараптық жүйе
технологиясы. Нақты емес жүйе технологиясы.
БЖ аналитикалық қамтамасыз ету РТЖ басқару есептерін шешуге
бағытталған əртүрлі аналитикалық құралдар мен əдістердің жиынтығынан
тұрады. Сонымен қатар, есеп келесі түрде құрастырылады: қысқа уақыт ішінде
орындаушы жүйенің күйін өзгерту, соның ішінде, жұмыс органының берілген
программалық қозғалысын жүзеге асыру қажет. Синтезделетін басқару
алгоритмдерін талап етілетін функционалдық көрсеткіштермен (қозғалыстың
дəлдігі, жылдамдығы, бір қалыптылығы жəне т.б.) қамтамасыз ету қажет. Бұл
алгоритмдер тиімді басқаруды қамтамасыз етуге, басқару мақсатының өзгеруіне
байланысты икемді болуға, РТЖ ішкі жағдайы мен сыртқы орта жағдайының
өзгеруіне байланысты бейімді болуды қамтамасыз етулері қажет. БЖ
аналитикалық қамтамасыз ету иерархия деңгейлеріне байланысты, себебі
шешілетін мəселелер иерархияға байланысты ерекшеленеді.
Басқару жүйесі есептерін шешу үшін белгілі аппараттармен бірге, мысалы,
жасанды интеллект əдісін 
қолданатын өазіргі заманғы ақпараттық
технологияларды қолданады, олар:
§
сараптаушы жүйе технологиясы;
§
нақты емес логика технологиясы;
§
нейротор құрылымды технологиясы;
§
ассоциативті жады технологиясы жəне т.б.
Төменде интеллектуалды басқару жүйесінде қолданылатын осы қазіргі
заманғы ақпараттық технологиялар жайлы кейбір мəліметтер берілген.
5.1 Сараптық жүйе технологиясы
Ақпараттық технологияларды пайдалану тəжірибесі көрсеткендей, жеке
алынған шектелген пəндік аумақта компьютерлік программалар адамзат
миының мүмкіндіктерінен басым болады. Бұл компьютерлік программалар
жиналған фактілер, заңдар жəне басқа да білім жинағын пайдаланумен қоса осы
жинақ дерегін қолданып, осының негізінде жаңа білімдерді алуға негізделген.
Мұндай бір-біріне ұқсас программалардың қарапайым программалардан
айырмашылығы, олардың есебінің алгоритмдік шешімдері болмайтындығында.
Осы прогараммаларды қолданатын ақпараттық технологиялардың міндеті,


толық емес немесе анықталмаған ақпарат кезінде дұрыс шешім қабылдауда
болып табылады. Осы қағидаларға негізделген жүйелер сараптаушы жүйелер
деп аталды. Сараптаушы жүйені дұрыс құрастыру үшін, қатаң анықталған
қолдану аймағында, мəселені жақсы түсінетін, арнайы білімі мен тəжірибесі бар
сарапшы-адам болу керек. Сарапшы өзінің білімі, бағасын, тəжірибесін нақты
қалыптастыруды білу керек жəне алға қойылған міндеттерді шешу үшін
қолданатын əдістерді қалыптастыруды білу керек. Бұл білімдер компьютерлік
программалау үшін өнім заңы, семантикалық торлар жəне фреймотəріздес
құрылымдар көмегімен ұсынылады.
Ең табысты қолданылған сараптаушы жүйе 1960 жылы жасалынған жəне
Dendral жүйесі деп аталған. Бұл жүйе масс-спектрлік талдау деректері негізінде
органикалық молекулаларды шынтəріздес ұсыныс жасау үшін жасалынған. 15
жылдан аса бұл жүйені химик-органиктер кеңесші ретінде пайдаланды.
Сараптық жүйелер күрделі РТЖ басқару кезінде ақылды оператор рольін
атқарады. Үлкен деректер базасын сақтауға жəне өңдеуге бағытталған жүйенің
жетілдірілуі, интеллектуалды деректер базасы үшін арнайы процессор құру,
сараптық жүйемен қабылданған шешім сапасы бойынша оператор қабылдаған
шешімге жақындады. Шешімді қабылдау жылдамдығы жағынан қарағанда
сараптық жүйелер адам мүмкіндіктерінен басымырақ болады. Осыған
байланысты «белсенді» сараптық жүйелерді құруға мүмкін болды, яғни олар тек
шешім қабылдап, кеңес беріп қана қоймай, басқару командаларын
қалыптастыруға белсенді қатысады. БК программалық жəне аппараттық
мүмкіндіктерінің көмегімен, сараптық жүйелер өздігінен үйренуге мүмкіндік
береді. Мұндай сараптық жүйелерді «ашық» деп атайды.
5.1-сурет
. Сараптық жүйе блок-сұлбасы
Басқарудың орындаушы деңгейінде кейбір жағдайларда сараптық жүйелер
пропорционал-интегралды-дифференциалды (ПИД) ағылшын тілінде «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет