Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет12/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

2-сурет.
Amoeba proteus (кәдімгі амеба): 1 - мембрана, 2 - эктоплазма, 3 - 
эндоплазма, 4 - ядро, 5 - ас қорыту вакуолі, 6 - жиырылғыш вакуолі, 7 - жалған 
аяғы
Цитоплазманың ішінде жиырылғыш вакуолі айқын көрінеді.
Осы вакуоль жоғарыда айтылғандай үш қызмет атқарады: зәр шығару, 
осмос қысымын реттеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта 
сұйық заттарға және суға толып жиырылып тұрады.
Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді. Ядросы митоз жолмен 
бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амеба цистаға айналады.
Амебалар отрядына еркін өмір сүретін түрлерінен басқа, паразитті өмір 
сүретін түрлері де жатады. Мысалы, Enthamoeba 
histolitica -
дизентериялық 
амеба. Денесінің мөлшері 20-30 мкм. Эктоплазма және эндоплазма айқын 
бір-бірінен ажырап тұрады. Псевдоподиялары қысқа, тек қана эктоплазмадан 
құралады.
E.histolitica -
адамның тоқ ішегінде өмір сүреді, амебалық дизентерия 
немесе амебиаза деген ауруын қоздырушы болып табылады.
E.histolitica 
ішектегі бактериялармен қорек ете алады, сол бағытта олар адамға зиян 
келтірмейді, яғни адам "амебиаза" ауруымен ауырмайды, бірақ ішегінде 
дизентериялық амебасы бар адамдар маңындағы адамдарға өте қауіпті
өйткені сыртқа дизентериялық амебаның цисталарын көп шығарады. Көп 
жағдайда
E.histolitica
 
адамның тоқ ішегінің қабырғасына еніп, 
эритроциттермен қоректене отырып тез өседі, және әр түрлі токсиндер 
шығарады. Тоқ ішекге жаралар пайда болады. Осы жарадан дизентериялық 
амебалар қан жолдарына түсіп қанмен бірге бауырға түседі де, бауырды 
ісіндіріп, іріңдетіп зақымдайды. Амебалар жараланған ішектің ішінде төрт 
ядролы домалақ цисталарға айналады. Осы цисталар ішектен сыртқы ортаға 
шығарылып, қайнатылмаған су, жуылмаған жеміс, қол арқылы сау адамның 
ішегіне түсіп дамиды. "Амебиаза" ауруында іштен қан өтеді. Науқас адам 
күніне 300 млн. цистаны сырта шығарады.
"Амебиаза" дүние жүзінде көп тараған ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет