Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


ЖҰМЫР ҚҰРТТАР (NЕМАТНЕLMINTHES) ТИПІНІҢ



Pdf көрінісі
бет130/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

ЖҰМЫР ҚҰРТТАР (NЕМАТНЕLMINTHES) ТИПІНІҢ 
ФИЛОГЕНИЯСЫ
Ұзақ уақыт бойы жұмыр құрттар типінің шығу тегі белгісіз болып 
келді. Тек, соңғы кезде, негізгі кластарын нақтылы зерттегеннен кейін, бұл 
типтің шығу тегі кірпікшелі құрттармен (Turbellaria) байланысты екені 
байқалды. Шынында да, кірпікшелі құрттармен ұқсастық белгілері жұмыр 
құрттардың әрбір кластарында байқалады. Коловраткалар мен құрсақ 
кірпікшелілерде денесінің кейбір жерлерінде кірпікшелері сақталған. Бұл 
кластарда зәр шығару жүйесі протонефридиялы түрінде. Нағыз жұмыр 
құрттар және құрсақ кірпікшелілер класы нерв жүйесінің құрылысы жағынан 
кірпікшелі құрттарға ұқсас. Қүрсақ кірпікшелілер, нематодтар және 
киноринхалар класының жұтқыншақ құрылысы тік ішекті 
турбелляриялардың жұтқыншағына ұқсас. Жыныс жүйесі,
дара 
жыныстылығы болмаса, басқа жағынан турбелляриялардың жыныс 
жүйесімен бірдей. Коловраткалардың аналық жүйесінде сарыуыз безі бар. 
Осылардың барлығы жұмыр құрттар типінің арғы тегі кірпікшелі құрттар 
деуге толық негіз береді.
Жұмыр құртгар типінің кірпікшелі құрттардан айырмашылығы - 
бірінші дене қуысының (схизоцель) және аналь тесігінің болуы. Бірақ бұл 
белгілер типтің прогрессивті дамуы нәтижесінде өзгерген. Жұмыр 
құрттардың әрбір кластарының өзінің құрылысы жағынан турбелляриялардан 
ерекше: кутикуланың болуы (нематодтарда); жеке мүшелер құрамындағы 
клеткалар санының тұрақтылығы (нематодтар, коловраткаларда); сақина 
тәрізді бұлшықеттерінің жоқтығы, жұтқыншақ айнала нерв сақинасының 


болуы (нематодтарда); айналмалы аппаратының, жұтқыншақтың шайнағыш - 
мастаке бөлімінің түзілуі (коловраткаларда) т. б. Бірақ бұл ерекшеліктердің 
барлығы жекелеген мүшелер мен тканьдерінде болады, ал денелерінің жалпы 
құрылысындағы негізгі белгілері арғы тектерінің және кластар арасындағы 
филогенездік сабақтастықты көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет