кейде қарын деп те атайды. Осыған сүліктің сорған қаны жиналып,
сақталады. Қалталардың артқы жұбы дененің соңына дейін созылып жатады.
Ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол артқы сорғыштың үстінде
орналаскан аналь тесігімен аяқталады.
Кейбір еркін тіршілік ететін сүліктер ұсақ жануарлармен қоректенеді.
Зәр шығару жүйесі
- метанефридиялы. Бір қабатты клеткаларымен
қапталған нефридиялық түтіктері дененің бүйір жағында метамерлі
орналасқан. Бұл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқылы сыртқа
ашылады. Медициналық сүлікте 17 жұп нефридиялары бар.
Сүліктердің нефридияларының негізгі ерекшелігі - нефростома
(кірпікшелі воронка) мен нефридиялық түтігі жалғасқан жерінде екеуінің де
ұшы тұйық бітеліп, нефростомаға жиналған несеп заттар оның қабырғасы
арқылы нефридия түтігіне осмостық жолымен сіңіріледі де, сыртқа
шығарылады. Нефростома кеңейген ұшымен бүйір жағындағы синустың
(целомның қалдығы) ішіне, жіңішке жағымен тұйықталған резервуарға
ашылады.
Целом қалдықтарының қабырғаларында дән тәрізді клеткалар
жинақталған.
Оларды "ботриодты тканьдер" деп атайды.
Азқылтандылардағы хлорагогенді клеткаларға ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: