ауруларын емдеуге қолданады. Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек
жасайды.
Адамға және малға қауіпті сүліктердің бірі - жылқы сүлігі (Limnatis
nilotica). Ол сумен бірге жұтылып жұтқыншаққа, кеңірдекке жабысып,
қанның тоқталмай ағуына себепкер болады. Ашхабадта, Самарқандыда,
Бұқарада кездеседі.
Қан сормайтын сүліктердің ішінде жалған жылқы сүлігі - (Haemopis
sanguisuga) барлық тұщы суларда кең тараған. Олар моллюскалармен,
құрттармен, насекомдардың личинкаларымен қоректенетін жыртқыштар.
Haemadispa туысының өкілдері құрлықта тіршілік етіп, адамның және
сүтқоректілердің қанын сорады.
Жұтқыншакты сүліктер (Herpobdellidae) тұқымдасының өкілдері
жыртқыштар - ұсақ құрттармен, насекомдардың личинкаларымен
қоректенеді. Үлкен, ұшқырлы жұтқыншағы болады. Артқы сорғышы
дамымаған. Тұщы суларда жиі кездеседі. Қара теңіз, Каспий жағалауларында
да мекендейді.
Буылтық құрттар (Annelida) типіне қосымша кластар
ЭХИУРИДГЕР КЛАСЫ - ECHIURIDA
Теңіздерде су түбін қазып өмір сүретін құрт тәрізді жануарлар. Денесі
және целом қуысы сегменттерге бөлінбеген, полихеттерге (Polychaeta) тән
трохофора личинкасы бар. 150 түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: