Денесі ұршық тәрізді, екі ұшы сүйірлеу болып келеді.
Денесінің алдыңғы
жағында ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен эвглена бұранда
тәрізді козғалыс жасайды.
Гетеротрофты тәсілімен қоректенген кезде талшықтың үздіксіз тез
қозғалу нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-жасыл
балдырлар т.б.) ауыз тесігіне жиналып жүтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақтың
түбінде ас
қорыту вакуольдері пайда болып, солардың ішінде ас
қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып
тұрады.
Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хроматофоралары болады.
Осыған байланысты эвглена автотрофты жолымен қоректенеді, ал негізінде
жасыл эвглена миксотрофты организмдер қатарына жатады. Үздіксіз
қоректену арқасында цитоплазмада көптеген
қор заты ретінде парамил
түйіршіктері пайда болады, олар крахмалға жақын көмірсу - парамиласы.
Денесінің алдыңғы жағында жарық сезгіш көзшесі - стигма орналасқан,
қызыл пигмент - гематохромнан құралған. Зәр шығару және осмос қысымын
реттеу жұмысын жиырылғыш вакуолі атқарады. Оны бірнеше қосымша ұсақ
вакуольдері қоршап жатады. Қосымша вакуольдерінен жиналған сұйық зат
және зәр жиырылғыш вакуольден резервуарға құйылады да,
жұтқыншақ
арқылы сыртқа шығарылады.
Ұзынынан бойлай бөліну арқылы жыныссыз жолмен көбейеді.
Қолайсыз жағдайларда эвглена сыртына қалың қабық шығарып, соған
қапталып цистаға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: