Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет192/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Ac қорьпу жүйесі
эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы 
және эктодермальды артқы ішектен құралған.
Алдыңғы және артқы ішектері қысқа, ортаңғысы ұзын. Алдыңғы ішегі 
әдетте кеңейген, кутикуламен астарланған және күшті бұлшықеттермен 
қапталынған, сұйық асты соруға бейімделген (насостың қызметін атқаратын) 
жұтқыншақ пен қарыннан тұрады (118-сурет). Алдыңғы ішекке шырыш 
бөлетін жұп сілекей бездері ашылады. Өрмекшілерде, осы бездердің және 
бауырдың ферменттерінің белокты ыдырату қабілеті жоғары. Өрмекші өзінің 
өлтірген жемтігінің денесіне осы бездердің сөлін жіберіп, қоректі ішектен 
тыс қорытады да, кейін қорытылған сұйықтандырылған қоректі сорып алады. 
Осылайша, қорытылған қорек жұтқыншақ пен қарын арқылы ортаңғы ішекке 
түседі. Ортаңғы ішектің құрсақтағы бөлігіне бауырдың өзектері ашылады, ол 
ас қорытатын ферменттерді бөледі және қоректі сіңіруге көмектеседі
сонымен қатар бауыр клеткаларының ішінде ас қорыту процестері де өтеді. 
Ортаңғы ішектің тұйықталып аяқталатын тармақтары, өздерінің сілекей 
шығару әрекетімен қатар ішектің сорғыш беттерін кеңейтіп, асты сіңіруге 
көмектеседі. Артқы ішегі аналь тесігімен сыртқа ашылады. 
Өрмекшітәрізділердің
118-сурет.
 
Өрмекшітәрізділердің құрылысы: I - ішкі құрылысы; II - өрмекшінің ауыз 
мүшелері; III - кененің ауыз мүшелері (А - арқа жағынан, Б - құрсақ жағынан); 1 - 
хелицераның ішіндегі улы без, 2 - соруға бейімделген қарын, 3 - ішектің өсінділері, 4 - 
жүрек, 5 - аналық без, 6 - жұмыртқа жолы, 7 - өрмек бездері, 8 - өкпе, 9 - бауыр өзектері, 
10 - остиялар, 11 - мальпиги түтіктері, 12 - хелицераның тырнақ тәрізді буыны, 13 - 
хелицераның негізгі буыны, 14 - педипальпа, 15 - педипальпаның негізгі буынының жақ 
өсіндісі, 16 - астыңғы ерін; III - кененің ауыз мүшелері; 1 - гипостом, 2 - хелицераның 
ақырғы буыны, 3 - пальпа, 4 - хелицера қаптамасы, 5 - тұмсық жағасы, I - IV пальпа 
буындары
көпшілігі - жыртқыштар, бірақ омыртқалы жануарлардың қанымен, 
өсімдіктердің шырынымен және өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін 
түрлері де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет