Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет193/221
Дата28.10.2022
өлшемі1,28 Mb.
#155424
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   221
Байланысты:
Дәуітбаева К Омыртқасыздар зоологиясы 1 кітап

Зәр шығару жүйесіне
Мальпиги түтікшелері және коксальды бездері 
жатады. Мальпиги түтікшелері энтодермальды ортаңғы ішектен пайда 


болып, ортаңғы мен артқы ішектің шекарасында орналасып, бір жағы 
тұйықталып екінші жағымен ас қорыту жолына ашылады. Олар жалпақ 
эпителий қабатымен астарланған, клеткаларында және түтікше қуысында 
көптеген гуанин дәндері болады. Гуанин өрмекшітәрізділердің зәр 
шығаруының негізгі өнімі, сыртқа сұйық түрінде емес, құрғақ кристалл 
түрінде шығарылады. Бұл құрлықта тіршілік етуіне байланысты ішкі 
ылғалды үнемдеуге бағытталған. Мальпиги түтікшелері тек ересек 
түрлерінде болады.
Коксальды бездер мезодерма клеткаларынан пайда болады, олар 
өрмекшітәрізділердің ұрығында және жас кезінде жетіліп, ересек түрлерінде 
біршама жоғалады. Коксальды бездер баскеуденің 2-ші сегментінде 
орналасқан, түрі жұп қапшық тәрізді. Эпителилі қапшықтан ілмек тәрізді 
бұрандалған түтікше шығады да, ол зәрлі қуықка айналып, зәр шығару 
тесігімен аяқталады (119-сурет). Олар 3-ші немесе 5-ші жұп аяқтарының 
түбінде сыртқа ашылады. Эпителилі қапшық целомодуктаның кірпікшелі 
воронкасына сәйкес болып келеді.
Тыныс алу мүшелері әр түрлі: не жапырақтәрізді өкпелері, не 
кеңірдектері (трахеялары), не өкпелер мен кеңірдектері кездеседі. Өкпе 
қапшығымен құршаяндар, қылаяқтылар, төменгі сатыдағы өрмекшітәрізділер 
тыныс алады. Құршаянның алдыңғы құрсағының астыңғы 3-6-шы 
сегменттерінде 4 жұп тыныс саңлаулары немесе стигмалары (stigma) өкпе 
қапшығына келіп жалғасады. Өкпе қапшықтарының ішінде бір-біріне жақын 
орналасқан жапырақтәрізді өсінділері бар, ал олардың арасы тар, бос 
қуыстық. Бос кеңістікте ауа, ал өкпе жапырақшаларын қан тамырлары 
торлаған.
Сольпугалардың, пішеншілердің, жалған құршаяндардың, кейбір 
кенелердің тыныс алу мүшесі - трахеялар (120-сурет). Құрсақтың 1-2-ші 
сегменттерінде (сольпугаларда кеуденің 1-ші буынында) жұп тыныс алу 
саңлаулары немесе стигмалары бар. Әрбір стигмадан дененің ішіне қарай 
ұзын, жұқа, тұйықталған ауа өтетін түтікшелер немесе трахеялар тарайды. 
Трахеядан тараған ұсақ трахеолалар әрбір мүшеге жалғасып, оларды ауамен 
қамтамасыз етеді. Жалған құршаяндарда және кенелерде бұл түтіктер 
бұтақталмаған, бір бунақты.
Өрмекшілер отрядының өкілдерінде тыныс алу мүшелерінің екеуі де 
(жапырақты өкпе қапшығы мен трахеялар) кездеседі. Олар - құрсақ бөліміңде 
орналасқан жұп өкпе қапшығы және сыртқа екі стигмамен ашылатын жұп 
трахея шоғыры. Өрмекшілердің Caponiidae тұқымдасында өкпе мүлдем жоқ, 
тек жалғыз 2 жұп трахеясы болады.
Өрмекшітәрізділердің өкпесі және трахеясы бір-біріне байланыссыз 
пайда болған. Өкпе қапшығы күмәнсіз ертеде пайда болған мүше. Өкпенің 
эволюция барысында қалыптасуы, түрі өзгерген құрсақ желбезек аяқтарымен 
байланысты деп есептеледі, ал олар өрмекшітәрізділердің суда тіршілік еткен 
арғы тегіңде болған және олар семсерқұйрықтылардың желбезекті құрсақ 
аяқтарына ұқсас. Әрбір осындай аяқ дененің ішіне қарай бата орналасқан. 
Аяқтарының бүйір жары денеге жабысып, өседі. Өкпе қабырғаның алдыңғы 


бөлігі - аяқтың негізінен, ал өкпе жапырақшалары арғы тегінің құрсақ 
аяқтарының артқы жағында орналасқан желбезек тақталарынан пайда болған 
деп болжамдайды.
Кеңірдектер (трахеялар) өкпе қапшығынан тәуелсіз пайда болған. Олар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   221




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет