камераның
қабырғаларына жабысып, аналық безден камераға түсетін
сарыуызбен қоректенеді. Соны соруға арналған күшті сорғыш мүшелері
дамиды. Ұрық камераларынан шыққан алғашқы личинкалары әрі қарай
қоректене береді. Бірінші түлеуден кейін екінші личинкалар түзіледі, олар
ересек түрлеріне ұқсас, кейін өз бетінше қоректене бастайды.
Жалған құршаяндардың 1300-ге жуық түрлері белгілі. Олардың
мөлшері 1-7 мм. Көпшілік жағдайда олар топырақта, тастардың, түбірлердің
астында
және тамырлар арасында, ормандағы топырақтың қиқымында,
үйлерде, Chelifer cancroides - кітап жалған құршаяны - кітаптарда,
коллекцияларда және гербарийлер арасында тіршілік етеді (123-сурет).
Жалған құршаяндар - жыртқыштар. Олар
майда насекомдармен және
кенелермен қоректеніп пайда келтіреді.
123-сурет.
Өрмекшітәрізділер: А - кітап жалған құршаяны (Chelifer cancroides); Б -
қылаяқты (Telyphonus caudatus); В - кәдімгі пішенші (Phalangium opilio)
Достарыңызбен бөлісу: